Журналист, қазақ баспасөзінің белді өкілі Айгүл Аханбайқызы 53 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.
Айгүл Аханбайқызы 1972 жылы Жетісу облысы Ақсу ауданы Ойтоған ауылында дүниеге келген. 1979 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектепке барып, 1989 жылы Алматы қаласындағы Ғабит Мүсірепов атындағы №86 қазақ орта мектебін тамамдады.
1990-1995 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алды. Студент кезінде-ақ еңбек жолын Алматы облыстық «Жетісу» газетінде тілші болып бастаған. Кейін әр жылдары «Jas Alash», «Қазақ әдебиеті», «Айқын», «Халық сөзі», «Егемен Қазақстан» сияқты республикалық басылымдарда бөлім редакторы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды.
Сонымен қатар, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында баспасөз қызметінің менеджері болып еңбек етті. «Ақпарат саласының үздігі», «Құрмет» орденінің иегері атанды.
Журналист кейінгі жылдары сырқаттанып жүрген еді.
Minber ақпарат агенттігінің ұжымы марқұмның туған-туыстарына, жақындарына орны толмас қазаға байланысты қайғырып көңіл айтады.
Парақшамызға жазылыңыз