/

Орташа жалақы мөлшері 2029 жылға дейін өзгермейді

1246 рет қаралды
Орташа жалақы мөлшері 2029 жылға дейін өзгермейді

Видеодан кадр: t.me/baq_kz

Қазақстанда ең төменгі жалақы 2029 жылға дейін 85 000 теңге деңгейінде қалады.

Бұл туралы Үкімет отырысында вице-премьер Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір төмен жалақыны күрт өсіру бизнесті қосымша шығынға батыруымен қоса, инфляцияны да жеделдетуі мүмкін.

Сондықтан Үкімет «экономикалық тұрақтылықты сақтау үшін» осындай шешім шығарған.

– Қазір біздің алдымызда ең төменгі жалақыны көтеру жоспары тұрған жоқ. Бүгінде ең төменгі жалақы мөлшері – 85 мың теңге, әзірге оны арттыруды қарастырып отырған жоқпыз, – деді ол.

Бұл шешімге Қаржы министрі Мәди Тәкиев те қарсы болмады. Бірақ, нақты есеп жүргізілгеніне тоқталды:

– Біз есептегенде, барлық көрсеткішті қарасақ, орташа минималды мөлшер шамамен 90 мың теңге болуы керек. Бірақ жағдайды ескере отырып, қазіргі деңгейде қалдыруды жөн көрдік, – деді министр.

Еске салсақ, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген республикалық бюджет туралы Заңда да орташа жалақы бұрынғы деңгейде бекітілген.

Бегім Көктүрік

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар