/

Қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев өмірден өтті

100 рет қаралды

Мемлекет басшысы ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы Талғат Мұсабаевтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы, мемлекет және қоғам қайраткері Талғат Мұсабаевтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.

– Талғат Амангелдіұлы үш мәрте ғарышты бағындырған, ашық космосқа шығып, айтулы ерлігімен еліміздің атын әлемге танытқан батыр тұлға еді. Отандық аэроғарыш саласын дамытуға бар күш-жігерін жұмсап, еселі еңбек етті. Сенат депутаты және қоғам қайраткері ретінде көптеген игі іске бастамашы болды. Кәсіби біліктілігімен, айналасына сыйлы азаматтық қалпымен халықтың құрметіне бөленген Талғат Амангелдіұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

Ол ғарышқа ұшқан екінші қазақ ғарышкері.

Талғат Амангелдіұлы 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Қарғалы ауылында дүниеге келген.

Ол Ленин комсомолы атындағы Рига азаматтық авиация инженерлері институтын «Авиациялық радио жабдықтарын техникалық пайдалану» мамандығы бойынша, Алматыдағы армияға, авиация мен флотқа жәрдемдесу ерікті қоғамының аэроклубын, сондай-ақ Ақтөбе азаматтық авиациясының жоғары ұшқыштар училищесін тәмамдаған.

Талғат Мұсабаев жұлдыздар әлеміне алғашқы рет 1994 жылдың 1 шілдесінен бастап 4 қарашаға дейін саяхаттады.
Мұсабаев Жерден «Союз ТМ-19» кемесінің борт инженері ретінде ұшты. Осы кезде оған «Агат-2» атағы берілген болатын.

Д.Насыр

minber.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар