2024 жылы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасы мен директорлар кеңесінің жиынтық сыйақысы 705 млн теңгені көрсетті. Айта кетейік, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 22,5%-ға жоғары.
2023 жылғы мәлімет
КМГ топ-менеджерлері: 485,9 млн теңге және $196,4 мың (шамамен 89,6 млн теңге) алды. Барлығы — 575,5 млн теңге.
Бөлінісі: 186,8 млн теңге — директорлар кеңесіне (32%); ал басқармаға (68%) — 388,8 млн теңге.
Айта кетерлігі, 2022 және 2023 жылдары директорлар кеңесіне доллармен төлемдер жасалған еді, алайда 2024 жылдан бастап барлық сыйақы тек теңгемен беріледі.
2024 жылғы өзгерістер
Директорлар кеңесі 207,2 млн теңге (+10,9%) алса, басқармаға 497,8 млн теңге (+28,1%) төленді.
Төлемдер арақатынасы 29% бен 71% деңгейінде. Басқарма мен директорлар кеңесі арасындағы сыйақы айырмасы 2,1 еседен 2,4 есеге дейін ұлғайған.
Құрылым және орташа есеп
Компанияда 8 басқарма мүшесі, 9 директорлар кеңесінің мүшесі бар.
Асхат Хасенов — екі органға да мүше жалғыз тұлға. Ол басқарма төрағасы қызметінде және бұған дейін Энергетика вице-министрі болып қызмет атқарған.
Егер жеке айырмашылықтар мен төлем кезеңдерін есептемесек, 2024 жылы әрбір басшы орта есеппен жылына 44 млн теңге немесе айына шамамен 3,67 млн теңге алған.
Бегім КӨКТҮРІК
Парақшамызға жазылыңыз