/

Жәнібек Әбу-Бәкір – XII Дүниежүзілік ойындарының чемпионы

94 рет қаралды
Фото: спортты дамыту дерекциясы

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында ел спортшылары қоржынға алтын медаль салды.

Джиу-джитсудан сынға түскен әлем чемпионы, 69 келідегі Жәнібек Әбу-Бәкір финалдық айқаста Фарид Бен Алиді 12:9 есебімен жеңді.

Жәнібек жарыс жолында Райан Проагты 50:0, Фарид Бен Алиді 17:14 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты. 1/2 финалда италиялық Ерасмо Паганомен күш сынасқан Жәнібек 20:4 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін джиу-джитсудан 62 келідегі Аслан Қанатбек қола жүлдегер атанған болатын.

Дүниежүзілік ойындарының тарихында Қазақстан атынан тек 2022 жылы Галина Дуванова күміс жүлде, ал 2009 жылы Айжан Кукузова қола жүлдеге ие болған еді.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Amina Temirkhanova

Журналист, SMM-маманы, графикалық дизайнер.
Алматы облысы, Қаскелең қаласы, SDU университетінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар