/

Ақтауда TURKWOMEN әйел көшбасшыларының халықаралық форумы өтеді

131 рет қаралды

Бүгін Ақтауда TURKWOMEN әйел көшбасшыларының халықаралық форумы басталады. Екі күн бойы — 29 және 30 қыркүйекте — қалада түркі әлемінен зерттеушілер, кәсіпкерлер, мәдениет және медиа өкілдері жиналады. Форумның мақсаты – әйел рөлі туралы әңгімені декларация деңгейінен нақты іске көшіру.

Форум бағдарламасында институционалдық өзгерістер, қала мен ауылдағы кәсіпкерлік модельдер, мәдени мұраны сақтау және заманауи медиа құралдарының ықпалы талқыланады.

Қатысушылар қатарында Түркиядан Burcu Miraç Dıraor Aydın, қазақстандық сарапшылар Зира Наурызбай (қазақ тарихындағы әйел бейнесі), Мақпал Жұмабай (шығармашылық көшбасшылық пен институттар), Әсия Бақдаулетқызы (әйел рөліне қатысты дискурстың трансформациясы) бар. Сонымен қатар Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстаннан спикерлер қатысады деп күтіліп отыр.

Форум аясында Ақтаудың Іскер әйелдер кеңесінің қатысуымен пікірталастар өтеді, мәдени бағдарлама ұсынылады, нетворкинг аймақтары мен медиаплатформалар жұмыс істейді. Негізгі тақырыптар — әйелдер кәсіпкерлігі, креативті экономика, туризм және мәдени индустриялар. Форум сондай-ақ университеттер, бизнес және ҮЕҰ арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, Ақтаудың түркі әлеміндегі халықаралық байланыстарын кеңейтуге бағытталған.

Форумға 700-ге жуық адам қатыспақ.

Іс-шараны “GUMOL Стратегиялық зерттеулер орталығы” КЕМ Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Данияр Сағидолла

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар