Фото: ktf.kz
17 жасар қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. Ол туралы Қазақстан теннис федерация хабарлады.
ITF Juniors рейтингісінде 54-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы ширек финалда жарыстың 13-ракеткасы ресейлік, 18 жастағы Тимофей Дерепаскомен шеберлік байқасты.
Дерепаско — жасөспірімдер ғана емес, ересектер арасында да ойнап жүррген теннисші, ол ATP рейтингісінде 925-орында тұр.
Бірінші партияда есеп 1:1 болған мезетте Заңғар брейк жасады. Артынша тағы бір брейкке қол жеткізді. — 6:2.
Заңғар екінші сетті де брейкпен бастады. Бірақ сәтті бастама жалғасын таппай,есеп 1:1 болды. Дегенмен есеп 3:3 болғанда, қайыра брейк жасап, геймін алды — 5:3. Содан кейін матчты түйіндеді. Есеп 6:4.
Енді Заңғар Нұрланұлы финал жолдамасын жасөспірімдер арасындағы әлемнің 1-ракеткасы, болгариялық Иван Ивановпен сарапқа салады. Осылайша Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында қазақстандықтардан осындай табысқа жеткен алғашқы теннисші атанды.
Түгелбай Бисен
Парақшамызға жазылыңыз