///

13 жасар Заңғар Нұрланұлы Париждегі турнирдің финалисі атанды

1146 рет қаралды

– Франция астанасы Париж қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe сериясы бойынша бірінші санаттағы турнир мәресіне жетті, деп хабарлайды Қазақстан Теннис Федерациясының баспасөз қызметі.

Айтулы додаға әлемнің 30 елінен 160-тан астам жас ойыншы қатысқан. Қазақстаннан жарыстың бірінші ракеткасы Заңғар Нұрланұлымен бірге Даниэль Тазабеков, Дамир Жалғасбай, Сәтима Төреген және Ариана Гогулина бақ сынады.

Федерацияның мәліметіне сәйкес Заңғар Нұрланұлы финалдағы тартысты матчта германиялық Нильс Макдональдқа есе жіберген – 6:7 (4:7), 4:6. Заңғар финалға барар жолда алдымен француз Ариан Калитера мен Кипрен Шивалирді тізе бүктірген. Сосын италиялық Рафаэль Чиуэрнеллиді жолдан тайдырды. Ширек финалда мысырлық Эяд Мохаммед Шерифтан айласын асырған – 7:6 (7:3), 6:2. Жартылай финалда жарыстың 4-ракеткасы, франциялық Тимео Труфеллиді ойсырата жеңді – 6:1, 6:2.

Бұл турнирдің ерекшелігі, мұндағы бәсекелер атақты Roland Garros корттарында өтеді. Кезінде мұнда әр жылдары жасөспірім шағында Рафаэль Надаль, Гаэль Монфис, Стефанос Циципас, Карлос Алькарас және басқалар жеңімпаз атанған.

Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында ITF Juniors сериясы бойынша өткен бесінші санаттағы турнирде қарағандылық Виталий Зацепин тамаша өнер көрсетті. Ол финалда корт иесі Ильгиз Камчибековті ұтты – 6:3, 6:1. Жұптық сында В.Зацепин Жакас Козбакпен бірге қазақстандықтар Олег Гусаков – Дархан Жақангерге жол берді – 7:6 (7:1), 1:6, 4:6. Осында жұптық сында Анастасия Крымкова чемпион атанды. Ол қырғызстандық Владислава Андреевскаямен бірге Қарақат Қойлыбаева – Дарья Шубинаны бас жүлдесіз қалдырды – 6:1, 6:2.

Грузияда 18 жасқа дейінгілер арасында төртінші санаттағы ITF жарысында алматылық Іңкәр Дүйсебай финалға дейін жетті. Соңғы бәсекеде Іңкәр ұлыбританиялық Габи Паскаускаспен бірге түркиялықтар Ирем Кюрт – Дуру Сокеге есе жіберді – 6:1, 5:7, 11:13. Жекелей сында Дүйсебай жартылай финалда Натали Джаниден ұтылды – 3:6, 6:2, 5:7.

Тағы бір алматылық Роберт Каминский Германияда 12 жасқа дейінгілер арасында бірінші санаттағы Tennis Europe додасында жұптық сында озық шықты. Жекелей сында ол жартылай финалда ресейлік Александр Куницыннан жеңілді – 3:6, 3:6.

Осылайша, бұл жарыстар Қазақстанда Елена Рыбакинаның ізбасарлары өсіп келе жатқанын көрсетті, – деп атап өтті Қазақстан Теннис Федерациясы.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі