Фото: ҚБФ
Семей қаласында бокстан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Айта кетерлігі, ел біріншілігі Семей төрінде соңғы рет 29 жыл бұрын өткен еді. Осы уақыттан кейін қайта оралған чемпионат көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Біраз күнге созылған аламанға еліміздің түкпір-түкпірінен ең мықты деген былғары қолғап шеберлері жиналып, нағыз тартысты кездесулер өрбіді.
Назарларыңызға чемпиондар тізімін ұсынамыз.
Әйелдер арасында:
48 келі — Әйгерім Сәттібаева (Жамбыл)
51 келі — Жазира Орақбаева (Алматы)
54 келі — Элина Базарова (Шымкент)
57 келі — Ұлжан Сәрсенбек (Түркістан)
60 келі — Римма Волосенко (Астана)
65 келі — Лаура Есенгелді (Шымкент)
70 келі — Бақыт Сейдіш (Алматы)
75 келі — Валентина Хальзова (Астана)
80 келі — Надежда Рябец (Қостанай)
+80 келі — Валерия Аксенова (Ақмола)
Ерлер арасында:
50 келі — Даниял Сәбит (БҚО)
55 келі — Сәкен Бибосынов (Түркістан)
60 келі — Серік Теміржанов (Павлодар)
65 келі — Санатәлі Төлтаев (Маңғыстау)
70 келі — Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды)
75 келі — Сабыржан Аққалықов (Қарағанды)
80 келі — Ерасыл Жақпеков (Абай)
85 келі — Дәулет Төлемісов (Ақтөбе)
90 келі — Сағындық Тоғамбай (Түркістан)
+90 келі — Нұрлан Сапарбай (Түркістан)
Чемпионат несімен есте қалды?
Биылғы біріншілік бірқатар тосын оқиғаларымен есте қалды.
Бірнеше жыл үзілістен кейін рингке қайта оралған Әйгерім Сәттібаева ел чемпионы атанып, ерекше ерлік көрсетті. Алғашқы рет 2010 жылы ел чемпоны атағына қол жеткізген бес баланың анасы, 34 жастағы боксшы — биылғы чемпионаттың ең егде қатысушысы.
Сонымен қатар 85 келіде сынға түскен Дәулет Төлемісов ересектер арасындағы чемпионатқа тұңғыш рет қатысып, бірден жеңіс тұғырынан көрінді. Осылайша ол турнирдің ең жас чемпионы атанды.
Әйелдер сынында 4 жаңа есім жарқ етті: Элина Базарова (21 жас, 54 келі), Ұлжан Сәрсенбек (20 жас, 57 келі), Бақыт Сейдіш (20 жас, 70 келі) және Валерия Аксенова (24 жас, +80 келі).
Олардың ішінде ең жасы — 20 жастағы Ұлжан мен Бақыт.
Ең үздіктер мен жалпы есеп
Чемпионаттың ең үздік боксшысы атағы ерлер арасында — Сабыржан Аққалықовқа (75 келі, Қарағанды),
ал әйелдер арасында — Жазира Орақбаеваға (51 келі, Алматы) бұйырды.
Командалық есеп бойынша Түркістан облысы төрт алтын, бір күміс және үш қола жүлдемен жалпы көш бастады.
Екінші орын — Алматы қаласының еншісінде (2 алтын, 3 күміс, 6 қола),
ал үздік үштікті Шымкент қаласы түйіндеді (2 алтын, 2 күміс, 6 қола).
Семей төріндегі биылғы чемпионат еліміздің бокс тарихындағы маңызды белестердің бірі болды.
Жаңа есімдер, тәжірибелі шеберлердің ерлігі мен жас буынның өр рухы – бәрі де қазақ боксының болашағының жарқын екенін тағы бір дәлелдеді.
Түгелбай Бисен
Парақшамызға жазылыңыз