//

Еліміздегі әлеуметтік нысандардың орнына үй салынған

59 рет қаралды

Фото: ҚР Парламенті Мәжілісінен

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек елімізде әлеуметтік нысандарға арналған орында тұрғын үйлер бой көтергенін айтты.

– Алысқа барудың қажеті жоқ. Бірнеше қалада, Астана, Алматы, Шымкент қаласында, облыс орталықтарында мектеп территориясының орнында көпқабатты үйлер тұрғызылған. Ол фактілер бар. Біз Парламент мәжілісінің құрылыс кодексінің жобасы аясында Айтамағамбетов, Бексұлтанов сынды әріптестеріммен бірге енді мектеп, аурухана салуға бас жоспар бойынша арнайы белгіленген аймақты өзге мақсаттарға беруге болмайды деген жобаны ұсынып отырмыз, – дейді депутат.

Оның айтуынша, кемінде радиус бойынша тұрғын үй аймағында 500 метр мен 1 шақырым жерде білім беру мен денсаулық сақтау мекемесінің болуы міндетті деген норманы құрылыс кодексінің жобасы аясында енгізгелі отыр. Егер жоба заңды күшіне енсе әкімдіктерге үлкен міндеттеме болмақ.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар