Кәсіподақтар күніне орай көрме де қойылды

102 рет қаралды

Атыраудағы Абай орталығында 10 қазан –  Кәсіподақтар күніне орай шара өтті.

Атаулы дата Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы  22 мамырдағы Қаулысына сәйкес ресми мереке ретінде атап өтіліп келеді.

Шараға облыс басшылығынан бастап, мәслихат депутаттары, қоғамдық жұмыс атқарған, салалық, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалығы, кәсіподақ қозғалысының ардақты ардагерлері, өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов кәсіподақ мүшелерін құттықтап, ҚР Премьер-Министрінің Алғыс хатымен Светлана Шапабаеваны марапаттады.

Баян Мухтарова, Орақ Уразмухамбетов, Жанна Умбеткалиева, Мария Даулеталива, Жанбырбай Утеулиев, Айқияш Шунаеваға Атырау облысы әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Айтулы шараға қатысқандар арнайы дайындалған көрмені де тамашалады.

«Golden Steppe Explorers» қоғамдық қоры ұйымдастырған көрме жұмысшы мамандықтарды дәріптеуге арналған.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар