/

Мемлекеттің 10 миллиард теңгесіне ие болған кім: Алматының Атакенті қалай жаңармақ?

77 рет қаралды
дереккөз: Алматы әкімдігінің телеграм парақшасы

2025 жылдың 2 тоқсанында Алматыдағы Атакент кешенінде кең ауқымды қайта құру жобасы басталмақ. Жұмыстарға 10 миллиардтан астам теңге бөлінді және осы ірі келісімшартты алатын мердігер анықталды.

Қандай жаңартулар енгізілмек? 

Жаңарту жобасының көздейтіні:

  • 74 мың шаршы метрден астам жолдар мен тротуарлар, 170 мың шаршы метр жасыл аймақты абаттандыру
  • сыртқы жарықтандыруды іске қосу
  • арт-объектілерін, балалар мен спорт алаңдарын, дәретханалар мен суару жүйесін орнату 
  • 40-тан астам өсімдік түрін егіп, өсіру
  • веложолдар,қозғалысы шектеулі топтарға арналған маршруттар жасау
дереккөз: Алматы әкімдігінің телеграм парақшасы

Кім жауапты? 

Құны 10,3 млрд теңге болатын жобаны “Global Construction kz” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырады. Компания сараптаманың қорытындысына сәйкес жұмысты 9 ай ішінде орындауы тиіс. Фирма 2016 жылдан бастап мемлекеттік сатып алу істеріне белсенді араласып келеді.pk.uchet.kz мәліметінше, осы жылдар ішінде ол 84 миллиард теңгеге жуық 146 шарт жасасты. 2025 жылы фирма бюджетке 300 миллионға жуық теңге аударды. Онда иелерінің табысы қандай екенін, өзіңіз елестетіп көріңіз. ЖШС-ның көшбасшысы – Джакупаев Тимур Муратович. Ол жайлы ақпарат ашық дереккөздерде некен-саяқ. 

Осы мәселе жайында бұқара халық өз ойын білдіріп жатыр: 

“Неге тек сол бір монополистердің мүддесін қолдай береді? Және 10 млрд деген қайдан шыққан??? Бұл өзі қандай жұмыстар? Бұл ақшаға мектептер мен балабақшалар салуға болмай ма, олар қалада жетіспейді ғой!!! Бұған назар аударыңыз”

“Бұл қайдан шыққан ақша саны?”

“Қызық екен. Бюджетте ақша жоқ дейді. Ал өздері ақшаны дұрыс емес жаратады. Бұл жоба біз үшін қазір маңызды ма?”

Ал сіз бұл жоба туралы не ойлайсыз?

Тарихи нұсқаулық 

«Атакент» – бұл ғылыми, өнеркәсіптік, шаруашылық іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ экономикалық ынтымақтастыққа жәрдемдесуге пайдаланылатын алаң.«Атакент» Бостандық ауданында Тимирязев және Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан.1990 жылдары ВДНХ-дан Атакентке атауын ауыстырғаннан кейін аумақ жеке меншікке көшті, нәтижесінде абаттандырудың бір бөлігі жоғалды: жасыл желектер жойылды, гүлзарлар асфальтталды, ал алаң аймағы стихиялық саудаға және шашыранды автотұраққа толды. 2016 жылы Алматы әкімдігі аумақты қалпына келтіре бастады, ал 2018 жылы саябақтың бір бөлігі коммуналдық меншікке өтті. Бұдан кейін жаңғырту жұмыстары жүргізілді: қасбеттер жаңартылды, инженерлік желілер ауыстырылды, балалар алаңдары,велосипед жолдары мен спорт нысандары жабдықталды, ал көшедегі сауда орындары Atakent Mall сауда орталығына көшірілді.

Дереккөз: Juzmedia.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Зарина Мардан

Журналист

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар