Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы Орал әкімдігінде 76 млрд теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықтады.
Бұл қарап тұрсақ 2024 жылдың толық бюджетіне (83,1 млрд теңге) жетерлік.
Тексерушілер қаржы саласындағы заңсыз операциялар,бюджет қаражатын мақсатқа сай пайдаланбау, жұмыс құнын заңсыз көтеру, ілеспе құжаттарды дұрыс ресімдеу және т.б. бұзушылықтарға ерекше назар аударды.
Тексеріс қамтыған салалар:
- Құрылыс
- ТКШ
- Мәдениет
- Спорт
- Кәсіпкерлік бөлім
- Әкім аппараты
Аудиторлар есептіліктің 48 млрд теңгеге, қаржылық бұзушылықтардың 23,7 млрд теңгеге және рәсімдік бұзушылықтардың 4 млрд теңгеге бұрмаланғанын тіркеді.
Маңызды бұзушылықтардың бірі есепте 22,9 млрд теңгеге қалаға өтеусіз берілген мүлік – ғимараттар, пәтерлер мен жер учаскелерінің көрсетілмеуімен байланысты.
Бұл активтер баланста жоқ, олар бойынша амортизация мен шығыстардың есебі жүргізілмейді.

Тағы бір елеулі бұзушылық – есепке су тасқынынан зардап шеккендерге демеушілер тегін берген мыңнан астам пәтер енгізілмеген.
Онымен қатар әкімдік 31 миллион теңге жұмсап, 21 пәтерді жалға алғаны анықталды, бірақ мемлекеттік қордан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем белгіленбеген. Демек, жалдау ақысы қала бюджетіне түспеген.
Құрылыс бөлімінде балансқа бұрыннан бұзылған нысандар тіркеліп, пайдалануға қабылданғандар есепке алынбаған.
Жауапты жазаланды ма?
Барлық бөлім басшысы мен қала әкімінің орынбасарлары қызметтерін сақтап қалды.
Тек әкімдік 5 есепші 100 МРП айыппұл төледі.
Мемлекеттік аудиторлардың қорытындысы:
Қала әкімдігінде – қаржылық хаос. Активтер мен кірістер танылмайды, бухгалтерлік есеп ресми және өрескел бұзушылықтармен, тексеріссіз жүргізіледі.
Кейбір жағдайларда аудиторлар есептіліктің бұрмалану дәрежесін анықтай алмады.
Бөлімдердің қате есептері әкімдіктің жиынтық есебіне, содан кейін – облыстық, ал одан кейін – республикалық бюджетке ауыса береді.
Солайша республикалық деңгейде қаржылық жағдай бұрыс суреттеледі.
Орал қаласының тұрғындары бұл жайлы ойымен бөлісіп жатыр:
“Бұл тіпті миллион емес, миллиард қой. Және бұл үшін ешкімге ештеңе болмайды…”
«Эх,бізді,қарапайым халықты қыспақтап жатыр иә.Жан-жақтың бәрі ұрлық болса,билікке қалай сенеміз?Біздің салықтар қайда сонда?Міне осының кесірінен біздің қала үлкен ауыл болып кетті».
«Осының нәтижесінде ТКШ бағасы көтеріледі.Ресурстар үшін әкімдік төлейді екен,ал қыспаққа халықты алады екен сонда».
Ал сіз бұл мәселе жайлы не ойлайсыз?
Дереккөз: Орал Апталығы
Парақшамызға жазылыңыз