//

Қазақстанда 300-ге жуық компания салық заңына байланысты жабылуы мүмкін

42 рет қаралды

Фото: gov.kz

Қазақстанда 300 мыңға жуық кәсіпорын 2026 жылдан бастап қызметін тоқтатуы мүмкін. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді.

– Бизнестің жабылуы сөзсіз. Бірақ тек бөлшектенген компаниялар жабылады. Өйткені енді оның бөлшектенуіне негіз, құқықтық мүмкіндіктер болмайды, – деді ол.

Әңгіме бизнестің нақты қысқаруы туралы емес, «бөлшектеу» арқылы салықтан жалтару үшін құрылған жалған компанияларды жою туралы болып отыр.

Бизнестің бөлшектенуі — бұл бір бизнесті бірнеше ЖШС немесе ЖК-ға жасанды түрде бөлу процесі. Бұл көбінесе салықты азырақ төлеу үшін жасалады.

Әмрин атап өткендей, бұрын компаниялар ҚҚС бойынша 83 миллион теңгеге жетіп, басқа салық режиміне өтпес үшін жаңа ЖШС, ЖК ретінде тіркелетін. Мұндай схемалар бизнестің жаппай бөлшектенуіне және статистиканың бұрмалануына алып келді.

дереккөз: pexels.com

Вице-министрдың айтуынша, жаңа Салық кодексі күшіне енгеннен кейін кәсіпкерлер 2,3 млрд теңге жылдық кіріс лимитін сақтай отырып, ҚҚС төлеуші ретінде тіркеусіз жұмыс істей алады.

Қазақстандық салық кеңесшілерінің қауымдастығының мүшесі Анастасия Макованың пікірінше, Қазақстанда бизнесті бөлшектеу деп танылатын нақты өлшемдер жоқ. Оның пікірінше, барлық қолданыстағы тұжырым не бұлыңғыр, не тар бағытты.

– Салық кодексінде салық жүктемесін азайту үшін белгілі бір әдістерді пайдалануға болмайды деген бап бар. Бірақ ол жерде бөлшектеудің нақты критерийлері жазылмаған. Ал ол болса қажет. Бизнестің нақты ненің бөлшектеу, ненің бөлшектеу емес екенін ажырата алуы үшін. Ал қазір адамдар бөлшектеу факторы болмасада қорқады. Мысалы, бір отбасыда ағасы мен қарындасы да бизнеспен айналысады, бірақ олар өзара әмияндарын араластырмайды. Бірақ оны бөлшектеу ретінде мойындауы не мойындамауы белгісіз, –  деп түсіндірді ол.

Шағын бизнестің кетуінен туындаған тауарлар мен қызметтер нарығындағы ұсыныстың төмендеуі инфляциялық қысымды күшейтуі мүмкін, деп болжайды «Учет» бухгалтерлік компаниялар тобының негізін қалаушысы, Максим Барышев.

– Бұл әсіресе бәсекелестік деңгейі төмен секторларда байқалады. Отандық өндірушілерді жабу кезінде олардың орнын Қазақстаннан тыс жерлерде негізгі салықтарды төлейтін шетелдік бәсекелестер алады, – деді ол.

Ұлттық экономика вице-министрінің айтуынша, қазіргі таңда бұл мәселе әлі де талқылануда.

Дереккөз: BES.media

Парақшамызға жазылыңыз

Зарина Мардан

Журналист

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар