/

«Сен провокаторды жұмыстан шығарады деп үміттенем»: Димаш Құдайбергенов тіл мәселесін қозғаған Олжас Байділдиновты қатаң сынады

49 рет қаралды

Қазақстанның энергетика саласындағы сарапшысы Олжас Байділдинов 2024 жылы ресейлік бұқаралық ақпарат құралына берген сұхбатында қазақ тілінің қолдану ауқымы артып келе жатқанын айтып,оған қарсы шара қабылдау қажет деген пікір білдірді.

Oның айтуынша, қазакстандық БАҚ-тың шамамен 60%-ы қазақ тілінде жүргізіледі.

Сонымен қатар елдегі мектеп дәрісінің 70%-ы қазақ тілінде өткізіледі. Ал орыс мектептерінде бағрдарламалардың небәрі 30%-ы ғана орыс тілінде білім береді.

Байділдиновтің сөзінше, қазақ тілінің танымалдылығының артуы Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты нашарлатып жібереді. 

“Бәлкім, Ресей бұрынғыдай мұнда өз мектептерін ашуы керек шығар. Қазақстанда Украинадағыдай Ресейге қарсы үгіт кеңейіп жатыр. Қазақстанның оңтүстігіндегі жастар қазір орыс тілінде мүлде сөйлемейді.”, –  деп атап өтті ол.

Бұл сұхбат көпшіліктің наразылығын оятып, резонанс тудырды. Осыған байланысты әнші Димаш Құдайберген өз Instagram парақшасында пікірімен бөлісті: 

“Біз, қазақтар, әлемнің барлық тілін құрметтейміз. Бірақ, құрмет өзіңнен басталады. Өз тіліңен ұялып,өзгенін мақұлдауына ұмтылған адам сөзін емес, тамырын жоғалтады. Олжас,сен провокаторды жұмыстан шығарады деп үміттенемін, өйткені сен қорқақ, кішкентай бала сияқтысың. Сен қазақша білмегендіктен қазақ тілінде жазбадым”.

Әншінің бұл сөзі әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, қоғамда мемлекеттік тілге деген құрмет пен жауапкершілік мәселесін қайта күн тәртібіне шығарды. Айта кетсек, бұған дейін сарапшы қоғамдық көліктегі жолақы құны 500 тенге болуы керек деп, көптің сынына ұшыраған болатын.

Бұқара халық тіл тақырыбы жайлы өз ойымен бөлісуде:

Бұл мәселе жайлы сіздің пікіріңіз қандай? 

Дереккөз: Геополитбюро 

Парақшамызға жазылыңыз

Зарина Мардан

Журналист

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар