Астанада шорт-тректен ISU жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің алғашқы кезеңі өтті.
“Алау” мұз айдынында өткен жарысқа әлемнің 22 елінен келген 140-тан астам шорт-трекші қатысты.
Жарысты ел спортшылары екі алтын, бір күміс, екі қола медальмен аяқтады.

Құрама қоржынына түскен қос алтынды 1000 және 1500 метрге жарысқан Богдан Вехов жеңіп алса, күміс медалді 2000 метрлік командалық эстафетада жарысқан қыз-жігіттер қанжығалады.

Ал қола жүлдеге 1000 метрге жарысқан Полина Омельчук және 3000 метрлік эстафетада бақ сынаған бозбалалар құрамасы қол жеткізді.
Түгелбай Бисен,
Фотолар: @havean_ice_day
Парақшамызға жазылыңыз
