/

Шахматшы Меруерт Камалиденованың «күміс» маусымы

44 рет қаралды

Фото: chess-results.com/tnr

Испанияның Сан-Бой-де-Льобрегат қаласында аяқталған беделді VI Elllobregat Open Chess Tournament халықаралық турнирінде қазақстандық шахматшы Меруерт Камалиденова тағы да жүлдегер атанды.

Жүлде қоры 35 мың еуродан асатын жарыста 20 жастағы елордалық халықаралық шебер әйелдер арасында күміс медальді жеңіп алды.

Меруерт Камалиденова турнирді жалпы тізімде 63-ші орыннан бастаған болатын (рейтингі 2343). Алайда 33 елден келген 132 қатысушы арасында 9 партиядан 6 ұпай жинап, нәтижесінде жоғары 24-ші орынға көтерілді. Әйелдер есебінде ол тек үндістандық Вантика Агравалға жол беріп, 300 еуро көлеміндегі ақшалай жүлдені иеленді. Бұл жетістік оның Орталық Азияның ең жарқын жас шахматшыларының бірі ретіндегі мәртебесін нығайта түсті.
Спортшының 2025 жылғы жетістіктері шынымен де таң қалдырарлық:
Сәуір: Азия аймағы чемпионатының қола жүлдесі (Әлем кубогына іріктеу);
Мамыр: Қазақстан чемпионатында қола;

Маусым: ФИДЕ аралас командалық блиц әлем чемпионатында күміс (KazChess құрамында) және рапидте жеке күміс;

Шілде: Әйелдер Әлем кубогінің 1/8 финалына шығып, 2023 жылғы әлем чемпионы Александра Горячкинаны сенсациялық түрде жеңу;

Қыркүйек: «ФИДЕ Үлкен швейцаркасында» 19-шы орын;

Қараша: Әйелдер құрамалары арасындағы әлем чемпионатында командалық 4-ші орын және екінші тақтадағы үздік нәтиже үшін алтын медаль;

Желтоқсан: Elllobregat Open турниріндегі күміс.

2025 жылдың шілдесінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Меруерттің осы жарқын жетістіктерін арнайы құттықтау жеделхатымен атап өтті.

– Бұл жыл өте қарбалас та табысты болды. Жыл соңын Еуропадағы тағы бір мықты ашық турнирдегі жүлдемен аяқтағаным ерекше қуантады. Қолдау көрсеткен жаттықтырушыларыма және федерацияға алғыс айтамын, – деді Мерует сұхбатында.
Турнирге Қазақстаннан 12 шахматшы қатысты. Ерлер арасында ең үздік нәтижені алматылық Рамазан Жалмаханов көрсетті (6½ ұпай, 16-шы орын). Жалпы есепте 18 жастағы үнділік Бхарат Субраманиям жеңіске жетті (8/9).
Меруерт Камалиденованың тұрақты жетістіктері тек жеке жеңістер емес, қазақстандық шахматтың дамуына қосылған зор үлес. Алда жаңа мақсаттар тұр, және бүкіл ел осы жарқын шахмат жұлдызының өрлеуін тағатсыздана бақылап, қолдауын жалғастыра бермек.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Пәтер бағасы арзандай ма?

Алатау ауданындағы ескілеу көпқабатты үйлердің бірінде Айдана мен Еркебұлан екі бөлмелі жалдамалы пәтерде тұрады. Жиһаздар бұрынғы