/

Банк қандай жағдайларда сіздің картаңызды немесе банктік шотыңызды бұғаттай алады?

74 рет қаралды

Фото: fingramota.kz

Егер банк картасы мысалы, дүкеннен сатып алу кезінде немесе ақша аудару қажет болғанда кенеттен жұмысын тоқтатса не істеу керек? Қандай жағдайларда банк картаны бұғаттауға құқылы және қаражатқа мүмкіндігінше тез қол жеткізу үшін қандай әрекеттер жасау керек? Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кеңес берді.

Әдетте, картаның бұғатталуы бірнеше негізгі себепке байланысты болады. Оларға кредит бойынша мерзімі өткен берешектің болуы немесе сот шешімдері, ірі немесе жиі ақша аударымы, әсіресе шетелден келетін ақша аударымдары; ПИН-кодты бірнеше рет қате енгізу; картаның қолданыс мерзімінің өтуі; сондай-ақ банктің жұмысындағы техникалық ақаулар жатады.

Бұғаттау әрқашан «сізді ақшаңыздан айыру» әрекеті емес екенін түсіну маңызды. Көп жағдайда банк қауіпсіздік мақсатында немесе мемлекеттік органдардың талаптарын орындау үшін әрекет етеді, ал сіздің міндетіңіз — оның себебін тез біліп,  шектеулерді алып тастау.

Бұғаттау мемлекеттің талаптарына байланысты болған кезде

Бұғаттаудың маңызды себептерінің бірі – мемлекеттік органдардың ресми шешімдерін орындау. Банк мұндай өкімдерді, егер олар:

  • сот шешімі бойынша;
  • сот орындаушысының қаулысы негізінде;
  • егер алимент, салық, айыппұл немесе үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелер бойынша берешектер және тиісті атқарушылық құжаттар болғанда заңға сәйкес ресімделген болса, орындауға міндетті.

Бұл дегеніміз сіз күдікті ештеңе жасамаған болсаңыз да — шот пен картаңыз бұғатталуы мүмкін, себебі басқа мемлекеттік орган (мысалы, сот орындаушыларының қызметі немесе салық органы) банкке қаражатқа тыйым салу туралы талап қойған.

Мұндай жағдайларда бұғаттау қанша уақытқа созылады?

Бұғаттау міндеттемелер орындалғанға дейін немесе бұғаттау туралы шешім жойылғанға дейін. Мысалы, егер шот сот орындаушысының ісі бойынша бұғатталса, шектеулер борышты өтегеннен немесе бұғаттау ресми түрде алынғаннан кейін ғана алып тасталады. Салық берешегіне ұқсас — төлем жүргізілгеннен кейін және Мемлекеттік кірістер комитеті расталғаннан кейін.

Жалақы картасы бұғатталуы мүмкін бе?

Иә. Жалақы картасы банктік қызмет тұрғысынан әдеттегі төлем картасынан еш айырмашылығы жоқ — бұғаттаудың барлық қағидасы  сіз берген кез келген басқа карта сияқты қолданылады. Егер бұғаттау шарттары банкпен жасалған шартта жазылса және шотқа қаражат (оның ішінде жалақы) түссе, банк операцияларды әдеттегі шотпен бірдей негіздерде тоқтата тұруға құқылы. Бұл мемлекеттік органдардың талаптарына да, банктің ішкі қауіпсіздік шараларына да қатысты. Яғни, жалақыны алу өздігінен тиісті негіздер болған кезде картаны бұғаттаудан қорғамайды.

Бірақ нені бұғаттауға болмайды?

Мемлекеттік органдардың берешектері немесе талаптары болған жағдайда да тыйым салу қоюға, инкассалық тапсырмалар бойынша есептен шығаруға немесе өндіріп алуға жол берілмейтін шоттардың қорғалған түрлері бар екенін білу маңызды. Мұндай шоттарға мыналар жатады:

  • мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған шоттар;

алимент төлеуге арналған шоттар;

  • мүгедектігі бойынша төлемдерді, бала туған кездегі жәрдемақыларды және басқа да нысаналы әлеуметтік трансферттерді аударуға арналған шоттар;
  • білім беру жинақтау шоттары;
  • баспана сатып алуға арналған тұрғын үй жинақ шоттары.

Бұл дегеніміз егер сіз мемлекеттен әлеуметтік төлемдер алсаңыз, олардың қорғалатын бөлігін бұғаттауға немесе тыйым салуға болмайды. Егер сізде мұндай арнайы шот болмаса, оны ашып, әлеуметтік төлемдерді қорғау үшін тиісті органдарға оның деректемелерін көрсетудің мағынасы бар.

Білу қажет басқа да себептер

Жоғарыда жазылғандардан басқа, біз ойлағаннан да жиі кездесетін бірнеше себеп бар:

 

  1. Алаяқтық операцияларға немесе әдеттен тыс әрекеттерге күдік. Егер әдеттен тыс транзакциялар тіркелсе, банк шот пен картаны уақытша бұғаттай алады. Мысалы, ірі аударымдар, жиі операция, әсіресе шетелдік шоттардан операциялар. Бұл тетік алаяқтықтың алдын алуға арналған қауіпсіздік жүйелерінің бөлігі.

 

  1. «Дропперлік» схемаларына қатысуға күдік.Қазақстанда билік үшінші тұлғалар ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін басқа біреудің картасын — money mule немесе «айырбастаушылар» (dropper схемалары) деп аталатын схемаларға қарсы шараны күшейтіп жатыр. Шотқа немесе картаға қол жеткізуді үшінші тұлғаларға бергені үшін қылмыстық жауапкершілік туындауы мүмкін, ал банк күдікті белсенділікке байланысты барлық шотты бұғаттай алады.
  1. Егер қате PIN-код бірнеше рет енгізілсе. Кейбір банкте банкоматқа ПИН-кодты 3 рет қате енгізу жеткілікті және карта автоматты түрде бұғатталады. Бұғаттау мерзімі құрылғының түріне байланысты. Картаны банкомат ұстап қалған жағдайда, оны өзіне тиесілі банк бөлімшесінен алуға болады. Кейбір жағдайларда картаны қайта шығару қажет болуы мүмкін. Егер мобильді қосымша арқылы бұғаттау жеке басын тексергеннен кейін немесе PIN-код қалпына келтірілгеннен кейін алып тасталады.
  1. Техникалық іркілістермен немесе деректердің өзгеруімен байланыс. Кейде бұғаттау бұзушылықпен емес, техникалық жаңарту, жүйедегі іркілістер немесе жеке деректердің ескіруімен байланысты (мысалы, жеке куәліктің мерзімі өтіп кеткен, ал банк және мемлекеттік жүйелердің байланысы бұл жағдайды автоматты түрде бақылауға мүмкіндік береді). Бұл уақытша бұғаттау және ол банкке жүгіну арқылы шешіледі.

Динара Насыр

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Ту — тек мата емес, тағдыр

Фото: sports24.kz Өткен аптада ел журналистері мен әлеуметтік желідегі белсенділер Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстанның

Олимпиадаға бір ай қалды

Фото: t.me/olympickz Италияның Милан және Кортина д’Ампеццода өтетін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының басталуына тура бір