///

Хоккейші қыздар ерлігі

51 рет қаралды

Ыстамбұл қаласында хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионатының IIA дивизионы аяқталды. Аталмыш сайыста Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландия (13:2), Латвия (9:1), Түркия (5:1) және Нидерланд құрамаларын (7:0) есебімен жеңді.

Биыл команда сапын едәуір жасартқан құрама бапкерлері 14 жастағы 8 хоккейшінің дебют жасауына мүмкіндік берді. Ал «Алтын» жүлде үшін өткен шешуші ойында қыздар жоғарғы дивизионнан төмен түскен Корея құрамасымен кездесті. Матч қарсыластардың жеңісімен (1:5) аяқталып, қазақстандық хоккейшілер өткен жылдағыдай турнирдің «күміс» жүлдесін иеленді.
Осы жарыста ерекше өнерімен көзге түскен София Муравьева турнирдің үздік шабуылшысы, сондай-ақ Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы атанды. 15 жастағы хоккейші турнирдің бомбардирлер кестесінде көш бастады.

Еншісінде 21 ұпай. 10 гол 11 гоолдықө пас. Оның пайдалық коэффициенті +16 болды. Бұл көрсеткіш бойынша екінші орында команда капитаны София Зубкова тұр, оның еншісінде 16 (7+9) ұпай және пайдалылық коэффициенті +16. Үздік бомбардирлер үштігін Анфиса Новикова түйіндеп тұр, ол 11 (7+4) ұпай жинап, пайдалық көрсеткіші +9.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

36 спортшы бар, нешеуі ойда?

Италияда өтетін 2026 қысқы Олимпиадаға баратын Қазақстан командасының толық құрамы белгілі болды. Ол ақпарат ҚР туризм