///

Қазақ фильміндегі body shaming көрінісі

18 рет қаралды

Соңғы уақытта қазақ фильмдерінің көрермені едәуір артып келе жатқаны  аңғарылады. Статистикаға назар аударсақ, 2024 жылы киносеансқа барушылар саны 2023 жылға қарағанда шамамен 11% – ға артқан. Бұл кино саласы үшін жақсы көрсеткіш, дегенмен ондағы кейбір кадрларға қарап, жекелеген этикалық шарттардың көрермен назарынан тыс қалып бара жатқанын байқауға болады. 

«Body shaming» терминін қазақ тіліне аударсақ, «body – дене, shame – ұялу» деген мағынаны береді, яғни адамның дене бітімін келемеждеу немесе төмендету арқылы көрерменді күлдіру.

Жалпы body shaming ұғымына ұқсас age shaming (жасын келемеждеу) fat shaming (артық салмағын келемеждеу), body functionality shaming (дененің қуаттылығын сырттай келемеждеу), reproductive shaming (адамның репродуктивті міндеттерін мазақ ету, балалы болу мысалға), dehumanizing insult (адамды жануарға теңеу) секілді келемеждеу түрлері бар.

Body shaming көріністерін шетелдік «Pitch Perfect, Shallow Hal» секілді фильмдерден көруге болады. Ал біздің отандық фильмдердің арасынан вody shaming көріністері жиі байқалған екі фильмді талдап көрсек. Олар: «Солай болып қалды», «Қолыңнан келсе алып қаш» фильмдері.

«Солай болып қалды» фильмі

Фильмнің режиссері Тимур Дулатов. Фильмнің қысқаша сюжетін баяндасақ, Бақыт іссапармен Шри Ланкада жүреді. Жұмыс барысында бастығымен сөзге келісе алмай жұмыстан қуылады. Қалтасында көк тиыны жоқ,  не істесем болады деп қиналып тұрғанда әуежайдан Қазақстаннан келген жаттықтырушыны кездестіреді. Волейбол командасын жарысқа әкелген екен. Бақыт одан көмек сұрап тұрған сәтте оларды байқаусызда көлік қағып кетеді. Ал ауруханада екеуінің атын шатастырып алады. Бақыт бар шындықты айтқысы келгенімен команда басшысына ғашық болып айтпайды. Сосын команда қыздары мен директоры Бақытты жаттықтырушы деп өздерімен алып кетеді. (Кинопоиск)

«Қолыңнан келсе алып қаш» фильмі

2025 жылы экранға шыққан фильмнің режиссері Дархан Саркенов. 35 жастағы  Самал фильмде басты кейіпкер. Ажырасқан. Бір күні оған көріпкел болашақ күйеуіңді көріп тұрмын, мен айтқан жерге барып танысып, тұрмысқа шықпасаң өміріңе қауіп төнеді дейді. Бастабында Самал оған сенбейді. Алайда, нешетүрлі қиындыққа тап бола бергесін, көріпкелдің айтқанын орындау үшін құрбысымен Оңтүстіктегі бір ауылдағы өзеннің жағасына барады. Сол жерде олар Бақыт деген жігітпен танысады. Бақыт Самалға күліп, көріпкелдің сөзіне сенбей олармен бірге қалаға бармай қояды. Сол кезде Самалдың құрбысы Сезім Бақытты алып қашады. (kino.kz)

Кадрлар

Фильмдегі кадрларды басында айтып өткен 5 body shaming түріне бөліп қарастыруды жөн көрдік. Төмендегі кестеге назар салсақ, әрбір фильмдегі кадрлардың қаншасы қай body shaming түріне жататынын тізімге бөліп жаздық.

Body shaming түрлері Қолыңнан келсе алып қаш Солай болып қалды
Fat shaming

(артық салмағын келмеждеу)

2 2
Вody functionality shaming

 (дененің қуаттылығын сырттай келемеждеу)

2 1
Age shaming 2 2
Reproductive shaming 1 0
Dehumanizing insult 1 0

Төменде осы фильмдердегі body shaming көріністерін кадрларын бөлісе отырып талдадық.

Қолыңнан келсе алып қаш

    Fat shaming

        «Қолыңнан келсе алып қаш» фильмінде адамды салмағына қарап келемеждеу, мазақ ету кадрлары 18-ші минуттан басталады. 18-минуттың 35-ші секундындағы диалог кезінде Сезім атты кейіпкер:

  • Солға барайық че та менің жүрегім бір нәрсені сезіп тұр, – деген сөзіне
  • Сенің жүрегің майласып кеткен ғой, қалай сезеді ол?, – деген жауап естиді. Жалпы мағынасында салмағың артық болғасын жүрегіңді май басқан ешнәрсе сезбейді, дегендей айтылып тұр. Келесі кадр 46-шы минутта жалғасады. Бұл кадрда адамның түрін, салмағын мазақ етумен қатар адамның атын келемеждеу фреймі кездеседі. «Сезім деп емес, семіз деп быттыйтып қоя салу керек еді”. Бұл кадрда алып қашып бара жатқан Бақыт атты кейіпкер Сезімге:
  • Атыңды кім қойса да, екі әріптен шатасыпты, Сезім деп емес, семіз деп быттыйтып қоя салу керек еді», – деп айтады.

                                                 Age shaming

 Фильмде Age shaming көрінісі бар кадрлар 25-ші минутта және 41-ші минуттың 45-ші секундында кездеседі. 25-ші минутта “35-ке дейін тұрмыс құрмадыңыз ба? Срогыңыз кеп қапты”, –деген сөз айтылса, фильмнің 41-минутында “Сұлу қыз бұрымды келеді, кәрі қыз ырымды келеді деуші еді”, – деген жасын мазақ ету немесе тиісу мақсатында сөздер айтылады.  35 жасқа дейін тұрмыс құрмау қыз баласына қазақта “отырып қалған” деген сөз тіркеспен атау берумен тең. Ал осы кадрда соның толық дәлелі ретінеде “срогыңыз” деп уақытың келіпті тұрмысқа шықпадыңыз ба кәртейіпсіз деген мағынада айтылып тұр.

                           Вody functionality shaming; Dehumanizing insult

                                Адамның сырт келбетін мазақ ету және оны жануарға теңеп келемеждеу. Бұл фреймдегі кездесетін кадрлар саны үшеу. 38 минутта сырт келбетке қарап астарлап келемеждеу түрі кездеседі.

  • Бұндай шокерлер әрбір әдемі қыздың сөмкесінде болуы керек
  • Андағы шокеріңді маған берші
  • Саған не керек әдемі қыздарға деймін.

Келесі кадрда «Дымы жоқ бейшара, түрін қарашы, қотыр ешкі сияқты», деген сөз айтылады. Бұл 1 сағат 18 минут 40 шы секундында айтылады. Бұл сөз тіркесі Вody functionality shaming және Dehumanizing insult фреймдері бола алады.

                                          Reproductive shaming

                         Адамның биологиялық функциясына, қабілетіне қарай кемсіту. Дәл осы фреймге осы фильмнің 1 сағат, 19 минут, 32 секундында айтылған – “Бұл сорлы тіпті бала көтере алмайды” сөзі сай келеді.

                                       Солай болып қалды

                                                fat shaming

                                Фильмде fat shaming алғашқы көрінісі 27-минуттың 50-ші секундтында көрсетіледі. Бұл кадрда «Бұл волейбол ойнаса, анау волейбольный доптарыңа обал болады» деген сөз, ал екінші фрейм 38-минуттың 37-ші секундында көрсетіледі. Бұл кадрда «Мынау ет пен майдан жаратылған» деген сөз айтылады. Бұл екі fat shaming болатын сөздер фильмдегі массажист қыздың дене бітіміне арналып айтылады. «Адамның бәрі ет пен сүйектен жаратылған» деген сөз тіркестің орнына мынау шығар ет пен майдан жаратылған деген келеке сөз айтылып тұр.

                                                 Age shaming

Фильмде келесі кездесетін кадрлар age shaming фрейміне жататын кадрлар. Фильмнің 33- минутында «Ана апалар ма?», – деген сөз айтылады.

Бұл сөз фильмде қарсылас команданың мүшелеріне арнап айтылған. Ал кейін 37-минутта «Қыздар, мына кемпірлерді құртқандарың жақсы болды» деген тіркес айтылады.

Апа, кемпір деген сөздер негізінде қазақ тілінде егде жастағы әйелдерге қарата айтылады. Ал кейбір ертегілерді қарайтын болсақ тырнағы ұзын, кәрі, қорқынышты кейіпкерлердің бәрін қазақ халқы кемпір деген сөзбен ұштастырған. Мысалға Мыстан кемпір. Ал бұл контексте кемпірлер, апалар сөзі дөрекі сонымен қатар жасы үлкен, кәрі әйелдер деген мағынада қолданылып тұр. Бұл дегеніміз жасына қарай кемсіту немесе түріне қарап кәрі, егде жастағы әйелге ұқсайды деген мақсатта айтылуы.

                                      Body functionality shaming

 Фильмде бұл shaming 12-минутта кездеседі.  «Сен, запаста біраз отырып қалғансың ғой деймін, қозғалу, ойнау деген ойыңда бар ма?” Бұл сөз тіркесі Бақыттың команданың массажисін көріп қалғандағы ең бірінші айтқан сөзі. Оның массажист екенін білмей тұрып запастағы ойыншы ретінде қабылдап дене бітіміне қарап, артық салмағың бар екен қозғалмайсың ба? деп мазақ етіп тұр.

Шетелдік талдаулар

Body shaming шетелдік фильмде қалай кездесетінін көрсету мақсатында Диа Тиара Амридың  “Imperfect” және “Insatiable” атты фильм мен сериалға жүргізген зерттеу мақаласын ұсынамыз. Диа Тиара Амри “Analisis Isi Kuantitatif Perlakuan Body Shaming dalam Film Imperfect” еңбегінде талдаған екен. Бұл талдауда автор фильмдегі body shaming көрінісін вербалды, вербалды емес және іс әрекет тұрғысынан талдаған. Нәтижесінде 37 көрініс талдаған және сол көріністер ішінен 11 body shaming әрекеттерін анықтаған.

Сонымен қатар осы автордың Netflix та жарияланған Insatiable атты сериалды Kecenderungan Perilaku Body Shaming dalam Serial Netflix “Insatiable” еңбегінде талдаған екен. Автордың зерттеу нәтижесінде сериалдың өне бойында body shaming көрінісі 158  жерде кездескен. Оның ішінде 99-ы ауызша келемеждеу, сынау арқылы туындаған.

Жалпы статистикаға көз жүгіртсек 2020–2024 жылдар аралығындағы киносеанстарға келушілердің саны біршама өскен. Мәселен, 2020 жылы көрермен  саны 4 млн болса, 2024 жылы 23 млн нан асқан. 2025 жылғы дерекке  сәйкес Қазақстан Республикасында 113 кинотеатр жұмыс істейді. 2022 жылмен салыстырғанда үш жыл ішінде кинотеатрлар саны 9 кинотеатрға көбейген. Жалпы 2024 жылы экранға шыққан фильмдер саны 514, оның ішінде ұлттық өндірістегі толық метражды фильмдер саны 90, ал қысқа метражды фильмдер саны 409.

Қорытынды

Отандық фильмдердің саны жыл сайын артуда, олардың жанры да әртүрлі.  Дегенмен, қай жанрдағы фильм болса да кадр ішінде адамды мазақ ететін көріністер болмауы тиіс. Фильм авторлары ондай көріністер арқылы көрерменді күлдіруді мақсат етпеуі керек. Себебі әр фильм әр көрерменге әртүрлі әсер етеді. Вody shaming кадрде көп болған сайын көрермен оны қалыпты дүние ретінде қабылдауы мүмкін. Ал қалыпты деп қабылданған әдет тез тарайды.

Айсұлу Даңғылқызы,
СДУ 4-курс студенті

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар