//

Қазақстан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының екінші медалін жеңіп алды

58 рет қаралды

Фото: olympic.kz

АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтіп жатқан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші жүлдесін олжалады. Ол ақпарат “Olympic.kz” сайтында жарияланды.

Ұлттық құрама қоржынына түскен кезекті медаль Богдан Веховтің еншісінде. Ол 1000 метр қашықтыққа жарысу сынында қола жүлдеге қол жеткізді.

Мәреге 1:24.177 нәтижесімен жеткен Вкхов Оңтүстік Корея өкілі Пак Соджун (1:23.802) мен Қытай спортшысы Юйхэн Лиге (1:23.903) жол берді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның қыздар құрамасы эстафеталық жарыста үшінші орын жеңіп алды.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Хоккейші қыздар ерлігі

Ыстамбұл қаласында хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионатының IIA дивизионы аяқталды. Аталмыш сайыста Қазақстан