/

Руслан Курбанов Германиядағы әлем кубогында топ жарды

56 рет қаралды

Фото: t.me/olympickz/11788

Германияның Хайденхайм қаласында семсерлесуден әлем кубогінің кезекті кезеңі өтіп жатыр.

Аталмыш жарыста Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Руслан Курбанов жекелей сында жеңімпаз атанды.

Ақтық бәсекеде отандасымыз Италия құрамасының өкілі, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Давиде ди Веролимен кездесіп, тартысты жекпе-жекте 15:14 есебімен жеңіске жетті.

Турнир барысында Руслан Курбанов бірқатар мықты қарсыласты жарыс жолынан шығарды.

Атап айтқанда, 1/32 айналымда қазақстандық Эльмир Әлімжановты (15:14), 1/16 кезеңде мажарстандық Давид Надьты (15:13), 1/8 финалда жапониялық Акира Коматаны (15:11) жеңді. Ширек финалда тағы бір отандасымыз Никита Жулинскийден (15:14) басым түссе, жартылай финалда нидерландылық Тристан Тюленді 15:9 есебімен айқын ұтты.

Айта кетейік, былтыр жазда Грузия астанасы Тбилисиде өткен семсерлесуден әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы қола жүлдеге ие болған еді. Кіші финалда Франция құрамасын жеңген ұлттық құрама бұл спорт түріндегі тарихи жетістікке қол жеткізді.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар