//

Оралда «Халық қатысатын бюджет»: жобасы бойынша дауыс беру басталмақ

51 рет қаралды
Фото автордікі. Орал қаласының әкімдігі
Оралда 2026 жылға арналған «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 19 қаңтар мен 28 ақпан аралығында қала тұрғындарынан жобалық ұсыныс қабылданған.
Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, нәтижесінде барлығы 43 жоба ұсынылған.
Ұсынылған жобалар сараптамалық кеңесте қаралып, оның ішінен 9 жоба іріктеліп алынған.
1. Деркөл кентіндегі орталық саябақты абаттандыру;
2. Жеңіс шағын ауданы 32/1, 33/3 үй аумағына балалар ойын алаңын орнату;
3. Махаббат аллеясы;
4. Зачаганск кенті, Т.Бигелдинов аллеясы;
5. Қажымұқан мен Малин көшелеріне балалар ойын алаңын орнату;
6. 10-шағын аудан, «Мұрагер» балабақшасының алдын абаттандыру;
7. 4-шағын аудан, 32-үй маңына тұрғындарға арналған бульвар орналастыру;
8. С.Датов көшесі, 32/2 үй аумағына балалар ойын алаңын орнату;
9. Жаңа Орда шағын ауданы, 3-үйге кірме жолды абаттандыру.
23 наурыз – 10 сәуір күндері ұсынылған жобалар бойынша әкімдіктің ресми интернет-ресурсында электрондық дауыс беру жүргізіледі.
Ал 13–17 сәуір күндері дауыс беру нәтижелері бойынша қорытынды шығарылады.
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Айзат Рақыш: Марқакөл монологы  (әңгіме)           

                                                                     Туған өлкем – Марқакөліме арнаймын.                                                                                                          Автор Жазғы мөлдір аспан маған телміріп, мен көкке емініп,