Фото: Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы
Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XIV қысқы Паралимпиада ойындары басталды.
Жер жаһанның үздік параспортшылары сынға түсетін доданың алғашқы күні пара биатлоншылар 7,5 шақырымдық спринтта жарысты.
Аталмыш додада ел намысын Ербол Хамитов бастаған отандастарымыз қорғады.
Аса тартысты өткен бәсекеде ұлттық құрама спортшылары бар күш-жігерін салып, келесідей нәтижелер көрсетті: Ербол Хамитов 8-орын (20:47.2), Александр Герлиц 11-орын (20:18.8), Сергей Усольцев 18-орын (23:12.4), Юрий Березин 25-орын (25:40.9).
Алда әлі жарыс көп. Ертең жерлестеріміз пара биатлоннан 12,5 шақырым қашықтықта бақ сынайды.
Еске сала кетейік, 15 наурызға дейін жалғасатын биылғы ақ Олимпиадаға әлемнің 56 елінен 600-ден астам спортшы қатысып жатыр. Онда спорттың 6 түрінен 79 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Түгелбай Бисен
Парақшамызға жазылыңыз
