///

Кестеленген кескіндеме өнерінің хас шебері Зейнелхан Мұхаметжан

359 рет қаралды

Кеше Алматыда Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейінеде қазақтың кесте өнерінің хас шебері Зейнелхан Мұхаметжан мен оның жұбайы Гүлжай Құсман, баласы Ботакөз Зейнелханның   Отбасылық біріккен шығармашылық “Жады” атты көрмесі өтті.

Қазақтың ұлттық кесте өнерінің заманауи үлгісін жасап, дамытып оны кестеленген кескіндеме дәрежесіне жеткізіп, көне қазақ дәстүрінің жаңа үлгісін жасаған жасампаздық жетістіктерін көріп, тамашалап, таңдай қақтық. Өйткені, өркениеттің өр биігіне шығып алып, айналасына менменсіп қарайтын мынау XXI адамзат баласын әлде немен таңқалдыру, жаңа жол табу немесе қандай бір жаңалық ашу өте қиын екенін баршаңызға белгілі. Ал оған қол жеткізу үшін жүйрік қиял, ұшқыр ой, өнер тапқыш қабылет, табанды еңбек қажет. Міне осы үрдістен шыққан адам Зейнелхан екен және оның отбасылық біріккен шығармашылық тобы. Біз осыған тәнті болдық.

Және кеш барысында Зейнелхан Мұхамеджанның қолданбалы сәндік өнер кестелі кескіндеме суретті альбом кітабының тұсауын кесті. Кітап үш тілде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көрген. Кітаптың аңдатпасында «Зейнелхан Мұхаметжан қазақтың дәстүрлі біз кесте өнерін жаңа интерпретацияда қолданып, кейін оны қазіргі қазақ бейнелеу өнерінің жаңа түрі ретінде қалыптастырды. Бұл альбомға оның әр жылдары жасалған туындылары енгізілді» делінген. Кітапта Зейнелхан Мұхаметжан еңбектерін өнерзерттеу ғылымдары әр қырынан терең талдап аса жоғары баға берген.

Minber.kz ақпарат атынан – Қарамер.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Мұхтар Шаханов дүниеден озды

Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек ері, көрнекті ақын, драматург, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған