/

Миллиондаған субсидияны жымқырғандар сотталды

60 рет қаралды

Фото: gov.kz

Алматы облысында субсидияларды жымқыру және жалған шот-фактуралар жазып беру фактілері бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Алматы облысы бойынша департаменті жүргізген тергеп-тексеру барысында «БАҒДАУЛЕТ и ПК» және «АМАНТАУ-2023» агроөнеркәсіптік кооперативтерінің басшысы екі жыл бойы мемлекеттік бағдарламалар аясында субсидияларды заңсыз алып келгені анықталды. Ол Ауыл шаруашылығы басқармасына шикі сүт сатып алу, сары май мен қатты ірімшік өндіру, сондай-ақ оларды өткізу туралы жалған мәліметтер ұсынған. Осы құжаттардың негізінде бюджеттен 251 млн теңгеден астам субсидия заңсыз төленген. Алайда кооперативтердің бұл қызметтерді жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік қуаты, жабдықтары мен жұмысшылары болмаған.

Сонымен қатар тергеу барысында жалған мәмілелерді рәсімдеу және кәсіпорындардың салық жүктемесін жасанды түрде төмендету мақсатында пайдаланылған «ComputerService» ЖК арқылы жалған электрондық шот-фактуралар жазып беру схемасы әшкереленді. Бұл әрекеттің салдарынан бюджетке төленбеген салық сомасы 416 млн теңгеден асқан. Сот үкімімен қылмыстық схемаға қатысқан екі адам 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған «BMW» автокөлігі мемлекет кірісіне тәркіленді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар