/

Қызыл кітапқа енген балықты аулағандар әшкереленді

41 рет қаралды

Фото: gov.kz

Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданында полицияның ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен ҰҚК департаменті бірлесіп ауқымды операция жүргізді, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде қорық аумағында Қызыл кітапқа енгізілген балық түрлерін заңсыз аулаумен айналысқан алты адамнан құралған қылмыстық топтың жолы кесілді. Күдіктілер — 23 пен 50 жас аралығындағы жергілікті тұрғындар.

Марқакөл және Урунхайка ауылдарында жүргізілген тінту барысында олардан бағалы балық түрлерінің, соның ішінде ускуч пен хариустың 700 келіден астам еті, сондай-ақ 200 литрден астам ускуч уылдырығы тәркіленді. Бұдан бөлек күдіктілерден тыйым салынған аулар, радиостансалар мен оқ-дәрілер табылды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, сот санкциясымен күдіктілер үйқамаққа алынды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын анықтау мен заңсыз өнімді өткізу арналарын белгілеуге бағытталған тергеу шаралары жүріп жатыр.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар