/

Қазақстандықтар қай елдерге жеке куәлікпен саяхаттай алады?

48 рет қаралды

Фото: istockphoto.com

Tengri Travel-дің хабарлауынша, биыл қазақстандықтар үшін бірден бірнеше танымал елге кіру ережесі өзгерді.

Жаңа визасыз бағыттар пайда болып, кейбір мемлекеттерде болу мерзімі ұзартылғанымен, шетелге тек жеке куәлікпен (төлқұжатсыз) шығу мүмкіндігі әлі де шектеулі. Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары Ресей мен Қырғызстанға ғана ішкі жеке куәлікпен бара алады, бірақ бұл елдерге кірудің де өзіндік қатаң талаптары бар.

Ресейге жеке куәлікпен кіруге рұқсат етілгенімен, биылдан бастап шетелдіктер үшін жаңа ережелер күшіне енді. Енді әрбір келуші үшін бет-әлпет суреті мен саусақ іздерін қамтитын цифрлық профиль жасалады. Сондай-ақ жұмыс істеуге немесе оқуға келетін қазақстандықтар шекарадан өтуге 72 сағат қалғанда арнайы “ruID” мобильді қосымшасы арқылы электронды өтініш беріп, QR-код алуға міндетті. Ал көршілес Қырғызстанға кәмелетке толған азаматтар жеке куәлікпен бара алғанымен, 16 жасқа толмаған балалар үшін міндетті түрде ұлттық төлқұжат (паспорт) талап етіледі.

Транспорттық және географиялық жақындығы бар өзге елдермен де визалық жеңілдіктер қарастырылуда. Сондай-ақ Атырау және Маңғыстау облысының тұрғындары Түрікменстанның Балқан уәлаятына 5 күнге визасыз бара алады, бірақ бұл үшін тұрғылықты жерді растайтын құжат қажет. Ал Армениямен арада шекарадан жеке куәлікпен өту туралы келісімге қол қойылғанымен, Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта іс жүзінде әлі де төлқұжат қажет. Бұған қоса, дәл осындай жеңілдік жасау бойынша Өзбекстан мемлекетімен де келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар