//

Көшпенділер ойыны: Алғашқы күнгі екі алтын

571 рет қаралды

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы аударыспақтан бірден екі алтын медаль еншіледі.

63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрталап Керім финалда Қырғызстан спортшысынан басым түсіп, Көшпенділер ойындарының чемпионы атанды.

Ал 70 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Сайлау Мұхаммеджан да ақтық сында қырғыз балуанымен кездесіп, тартысты белдесуде 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Сонымен қатар 80 келіде күш сынасқан Расул күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал таяқ тартыс шебері Нұрсұлтан Есімбай қола жүлдегер атанды.

Осылайша, аударыспақтан келген қос алтын Қазақстан құрамасының VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы алғашқы чемпиондық жүлделері болды.

Аударыспақ – ат үстіндегі айбын мен ептіліктің, күш пен шапшаңдықтың сыналатын ұлттық спорт түрі. Бүгінде Қазақстанда 11,5 мыңнан астам адам аударыспақпен тұрақты түрде шұғылданады.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар