Өткендегі қатты аяздың кезінде ауыр қайғыға душар болдық. Бөлемнің желкілдеп өсіп келе жатқан 15 жастағы ұлы аяқ-астынан инсульт болып дүниеден өтіп кетті.
Баланы Өжеттегі зиратқа жерлеу үшін рұқсат алуға бардық. Зираттың админстраторы (шырақшы деуге келмейді): жер бар, 55 мың теңге төлеп аласыңдар деді. 55 мыңда естігенде шар еттім: – Бұларың адамды тонау ғой. Мұндай ақшасы жоқ кедей өлсе, көмусіз қала ма? Не деген сұмдық, – дедім. Алсаң ал, алмасаң қой. Кеңсайға барсаң мұнан бес есе көп төлейсің деді. Мұншама ақшаны не үшін беруіміз керек деп едім алдыма прайс-листті тастай салды. Оны көргенде тіпті ызаландым. Адамдардың өлімінен ақша жасауды кəсіпке айналдырған екен. Солай деп едім, менің қатысым жоқ, керек болса басшыларға бар. Орталық зираттың кассасына осы ақшаны төлеп келген соң жерді көрсетемін деп тайып тұрды. Ол кассасы дүйсенбі ғана істейді екен. Күн болса жұма. Мəйітті үш күн қойып қоймайсың ғой. Сосын əлгінің үстінен қарайтын басшыға хабарласып едік, біраз күттіріп келді. Келді де жер міне, кассаға 70 төлеңдер де алыңдар деп миығынан күлді. Тілімді тістеп мен тұрдым. Бөлем кассаның дүйсенбі ғана істейітін айтып, жалынып-жалпайып жүріп 70 мыңды əлгінің қолына берді. Жер қазатын бір-ақ адамымыз бар, қазір жер 1 метр тоң, ол көмекшімен келеді. Көмекшіге 10 мың жеке төлейсіңдер деп, жерді көрсетіп кетіп қалды. Бұл сағат 1-дің кезі еді. Кешкі 4-5-тер шамасында көр қазушылардың жағдайын білуге барсақ екі мас орыс қазатын жерді сызып қойып отыр екен. Содан ағайын-туыс, дос-жарандар жабылып түнімен тоңды ойып көр қазды.
Енді сұрақ. Көр сатушыларды кім бақылайды. Адамдардың қайғысынан ақша жасап жүрген арамзаларды кім тоқтатады? Олар прайс-листте көрсетілген қызметтің бірін де жасаған жоқ. Бірақ, 70 мың теңгені сыпырып алды. Бұл алаяқтық емес пе? Бұл қылмыс емес пе?!
Бауыржан Байбек мырза, көр сатушыларды кім бақылайды?

Соңғы жазбалар
Фото: istockphoto.com Елорда әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша, Астана қаласында Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен
Фото: primeminister.kz Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің (Инновациялық
Фото: rail-news.kz Жазғы демалыс маусымында ұлттық тасымалдаушы еліміздің ең көрікті өңірлерінің бірі — Бурабай курорты бағыты
Фото: istockphoto.com Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметі хабарлайды. «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы іске қосылған 2024
Фото: ktf.kz Алматыда спорт пен бизнес саласындағы үздіктерді анықтайтын алғашқы ұлттық Metaratings Top Awards сыйлығын табыстау
Фото: t.me Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды. Қазақстанда азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған 2026-2029 жылдарға
Фото: t.me Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды. Сапалы жұмыс орындарын құру Кешенді жоспардың басты
Тимур Құлыбаевтың Halyk қоры сапалы әдебиеттің өрісін кеңейтуге, ұлттық мұраны дәріптеуге, әлемдік әдебиет пен танымдық басылымдарды
Фото: kff.kz Бұл туралы Қазақстанның футбол федерациясы хабарлайды. Футболдан Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу
Фото: gov.kz Астанада Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен өткен алқа отырысында елдегі жер ресурстарын қорғау