//

Бас инспектор: қызметкерлерге 42 500 теңге төлеуді ұсынамыз

1039 рет қаралды

Жұмыс тоқтап қалған жағдайда жұмыс берушілер қызметкерлеріне 42 500 теңгеден төлеуі тиіс. Бұл туралы Алматы қаласының бас инспекторы Айнұр Мұқажанова айтты. 

“Қазір жалақысы сақталмай, демалысқа кеткен қызметкерлер көп. Еңбек кодексінің 112-бабына сәйкес, жұмыстың тоқтап қалу уақытын рәсімдеп, соған сәйкес, қызметкерлерге ең төменгі жалақы – 42 500 теңге төлеуді ұсынамыз”, – деді ол.

Егер басшылық жұмыс тоқтаған уақытқа қаржы төлеуден бас тартса, әлеуметтік  әл-ауқат басқармасына жүгіну қажет.

“ Бұл шағым қаралып, барлық факті тексеріледі. Шағым расталған жағдайда әкімшілік жаза тағайындалады. Жалақыны төлемеген және кешіктірген шағын бизнес иесі – 60 АЕК(1 айлық есептік көрсеткіш -2 778 теңге), орта бизнес – 100 АЕК және ірі бизнес иесі 150 АЕК көлемінде айыппұл төлейді”, – деді Алматы қаласының бас еңбек инспекторы Айнұр Мұқажанова.

Оның айтуынша, жұмыс беруші 112-бапқа сәйкес, жұмыстың мәжбүрлі тоқтауын рәсімдеуге міндетті. 

Осындай жағдайға тап болғандар Қонаев көшесі, 122 мекенжайында орналасқан басқармаға жүгіне алады.

“Жұмыстың тоқтап қалуы – карантин режимінен орай туындаған мәселе. Осыған байланысты кәсіпкерлерден көптеген ұсыныстар, шағымдар түсіп жатыр. Егер жыл соңына дейін жағдай тұрақтанса және кәсіпкер барлық қызметкерлерін қайта жұмыспен қамтамасыз етсе, онда оларға жеңілдіктер мен субсидиялар беруін сұрайды. Қазір мұндай механизмді Еңбек министрлігімен және Ұлттық палатамен бірлесіп қарастыруда”, – деп түсіндірді қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов.

Мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі