/

Қазақ тілі Microsoftтың ресми тілдері қатарына қосылды

1721 рет қаралды

Microsoft Translater blog сайты қазақ тілінің Microsoft Translator тілдер тобына қазақ тілінің де қосылғанын жария етті. “Қош келдің Қазақ тілі, (Welcome, Kazakh!)” деген шағын ақпаратқа назар аударсақ: “Біздің басты миссиямыз тілдік кедергілерді жою. Осы мақсатта әлемде 22 миллион сөйлеушісі бар Қазақ тілін майкрософт аудармашы тобына қосуды жөн санадық. Qazaqsha немесе Qazaq Tili деген атаумен мәлім бұл тілде Қазақстанда, Қытайдың батысында, Моңғолияның батысында және Ресейдің оңтүстігінде, сондай-ақ бүкіл әлемде сөйлейді. Қазақ тілі Түркі, Әзірбайжан, Қырғыз, Өзбек және Ұйғыр тілдері секілді Түрік тілдері тобына жатады. Үш түрлі алфавит қолданады. Кириллица Қазақстан мен Моңғолияда, араб алфавиті Қытайда, сондай-ақ, Қазақстанның ресми билігі қазақ алфавитін латын әліпбиіне ауыстыруды қолға алды. Сіз кириллицадағы қазақ тілінен әлемнің 60 тіліне аударма жасай аласыз” делінген аталған сайттағы мәлімдемеде.

Таяу арада қазақ тілі Microsoft-тың аударма жасайтын қолданбалары, баптаулары, Office бағдарламасы, Bing-ке арналған аудармашыда және кәсіпкерлер мен мен бағдарлама жасаушыларға арналған Azure Cognitive Services аударма қызметі секілді жобаларында қолжетімді болмақ.


Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Арыс саңлағы – Солтікен

Алғашқы арыста 1975 жылы күз. Қытайдың Шыңжаң өлкелік балуандар командасына Алтай, Тарбағатай, Іле, Қашқар, Қотан, Ақсу,

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,