////

Авторитарлық режим шындықты бұғаттағысы келеді, ал шындығы жоғалған медиаға сенім артылмайды

184 рет қаралды
фото: Linkedin аккаунтынан

DW Еуропадағы ВВС-ден кейінгі ең ірі медиа платформалардың бірі. Жыл сайын бұл медианың жаһандық медиа форумы өтіп тұрады. Биылғы шара DW бас кеңсесі орналасқан Германияның Бонн қаласында өтті.

Биылғы Жаһандық медиа форумның аты “Кедергілерді жойып, көпірлерді орнатамыз” (Breaking barriers, building bridges) деп аталды.

“Бүкіл әлем бойынша, авторитарлық режимдер популизм мен еркін медиаға тұсау салу арқылы билікті қолына алуда. DW биылғы жылдың Global Media Forum популизмді ауыздықтаудың жолдарын қарастыратын болады” делінген бұл туралы форумның арнайы парақшасында.

ЕГЕР БІЗ ІРІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ АЛПАУЫТТАРДЫ РЕТКЕ КЕЛТІРМЕСЕК, БҰЛАР ДЕМОКРАТИЯНЫ РЕТТЕЙ БАСТАЙДЫ

Жаһандық форум әлемдегі сөз бостандығы мен шағын медиа ресурстарының ірі медиа гиганттарының көлеңкесінде тұншығып жатқаны жөнінде әңгіме дүкен құрды.

Әлемнің жүздеген елінен жиналған 1500-дай адамның негізгі қозғаған мәселелері Таяу Шығыс, Ресей-Украина соғысы, Жасанды интеллект, шағын медиалардың бизнес моделі т.т.

Медиа Форумның алғашқы панелін DW журналисі Лиз Шоо (Liz Shoo) жүргізді. Шараны DW бас директоры Петер Лимбург (Peter Limbourg) ашты.

Петер Лимбург мырза Еуропа аумағында, Еуропаның шекарасында болып жатқан Ресей-Украина соғысының аса күрделі геосаяси оқиға екенін айта отырып, DW секілді әлемдік алпауыт медиалардың осындай сын сағатта түсер жүктің салмақты екенін де қадап өтті.

– Еркін әрі бостан журнализм дегеніміз әдемі сөз ғана емес. Бұл демократияның жаны. Әлемді дезинформация мен геосаяси шиеленістер өзгертіп жатыр. Журнализм әлемдегі әртүрлі мәдениеттердің арасына көпір бола білуі керек. Араға қамал соқпай, көпір сала білу керек. Сонымен қатар, ірі технологияның да рөліне баса назар аудару қажет. Ірі технологиялық гиганттар контент жасаушылардың есебінен миллиардтап ақша тауып отыр.  Бұл Еуропаның ғана емес, бүкіл әлемнің проблемасы. Сондықтан, ірі технологиялық алпауыттар өзге медиалар секілді заңдық тұрғыдан реттелуі тиіс. Егер біз ірі технологиялық алпауыттарды ретке келтірмесек, бұлар демократияны реттей бастайды. Жасанды интеллект жекелеген адамдардың қалтасын қампайту мақсатында емес, қоғамдық құндылықтар негізінде қолданылуы тиіс.

Германияның Еуропа, халықаралық істер және Медиа министрі Натаниел Лимински (NRW Minister for Federal, European, International Affairs and Media Nathanael Liminsk)

– Жақында Израильде DW екі журналисі журналистік жұмысын атқару барысында, олардың медиа өкілі екендігі айқын екендігіне қарамастан шабуылға ұшырады. Бұған жол жоқ. Мен Медиаға жауапты әрі Халықаралық істер жөніндегі министр ретінде Израильдің жауапты тұлғаларымен бұл мәселе бойынша сөйлесіп, қажетті шараларды қолданатын боламыз. Журналистер өз жұмыстарын қайда болса да атқара алуы керек, әрі қорғалуы тиіс.

ӘЛЕМДЕ АВТОКРАТ БАСШЫЛАРДЫҢ АЛЬЯНСЫ ҚҰРЫЛЫП ЖАТЫР. ОЛАР БІРІНІҢ ІСТЕГЕНІН БІРІ ҚАЙТАЛАЙДЫ

Британиялық тергеуші журналист, Пулитцер сыйлығының иегері Карол Кадуалладр (Carole Jane Cadwalladr) әлемде медиаға деген сенім кредитінің жоғалып бара жатқандығын айтып, бұған технологиялық алпауыттардың қосып отырған үлесі зор дейді. Әсіресе соңғы жылдары Марк Цукерберг пен Илон Маск секілді алпауыттар Ресейдегідей билікпен жақындасып, сол арқылы бизнесін қорғауды мақсат етіп жатыр дейді.

– 1972 жылдан бергі елуден астам жыл аралығында әлемдегі адамдардың медиаға деген сенімі тек құлдыраумен ғана болған. Жақында ғана жүргізілген зерттеулер тек 30%-ы ғана медиаға сенетінін айтқан.

Сонымен қатар, әлемде автократ басшылардың альянсы құрылып жатыр. Олар бірінің істегенін бірі қайталайды.  2004 жыл әлем халқының 51%-ы демократиялық құндылықтап негізінде өмір сүрсе, 2024 жылы тек 28%-ы қалған. Әлем лидерлерінің 49%-ы автократтар болса, қазір 72%-ға артқан.

Қазір Америка билігіне Трамп келгеннен бері журналистикадағы адалдық кредитіне нүкте қойылғандай. Парамоунт (Paramount) Президент Трамптың сот процесін көрсету үшін $16 миллион доллар алуға келіскен. Трамп ұлттық құпия деп танылған ақпаратты заңсыз жолмен таратқан журналистерді қудалап, түрмеге жабатынын айтты. Ол көпшілікке қол жетімді ақпараттар тізімін қысқартып, шектеулі ақпараттарды көбейтті. Демек, журналистердің өрісі қысқарып, қоғамдық медианы қаржыландыратын топтар азая беретін болады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар