///

Алматыда құны 36 миллиард теңгенің тендерін ұтып алған Павлодар өзен портының артында кім тұр?

233 рет қаралды

Қазір Алматының ең көрікті жерлерін абаттандырып жатқан бір компания бар. Ол “Павлодар өзен порты” Акционерлік қоғамы. 2023 жылдан бері қарай бұл мекеменің “Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы” коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жасаған келісім шарттарын сарапқа салып көрген едік.

Көзімізге әрекеттегі төрт ірі келісім шарт түсті. Олар: Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналын гидротехникалық құрылымдарымен күрделі жөндеу; Үлкен Алматы өзенінің арнасын іргелес аумағын абаттандыра отырып, №1 тұндырғыштан Абай даңғылына дейін реконструкциялау; Сайран су қоймасына iргелес аумақты абаттандырумен жағалау қорғанысын қайта құру; Жандосов көшесінен Рысқұлов даңғылына дейінгі Қарғалы өзенінің арнасының жекелеген учаскелерін реконструкциялау. Сондай-ақ бұл мекеменің “Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы” коммуналдық мемлекеттік мекемесімен «Алматы қаласында батыс кәріз коллекторын салу» туралы жасаған тағы бір ірі келісім шартын кездестіресіз.

 

«Сайран» су қоймасының маңайын абаттандыруға қатысты келісім-шарттардың бірнеше рет өзгеріске түскенін көріп отырмыз. Ең әуелгі келісім шарт 2023 жылдың желтоқсан айында, 12 миллиард теңгеге жасалған. Сосын бұл келісім шартқа 2024 жылдың мамыр айында қосымша келісім шарт жасалады. Бұл келісім шарт әлі әрекетте жұмыс істеп жатыр.

Сайран көліне келіп құятын Үлкен Алматы арнасын абаттандыру жұмыстарын да осы Павлодар өзен порты мойнына алған. Бұл мақсатта аталған мекемемен 8 миллиард теңгенің келісім шарты жасалған. Шарт бойынша жұмыстар 2025 жылдың Қыркүйек айында аяқталуы тиіс еді. Алайда қосымша келісім шарт жасап, 2026 жылдың наурызына дейін аяқталу жоспарланып отыр.

Биылғы жылы екі мекеме арасында тағы 6,8 миллиард теңгенің келісім шарты жасалып, Жандосов көшесінен Рысқұлов даңғылына дейінгі Қарғалы өзенінің арнасының жекелеген учаскелерін реконструкциялау жұмыстарын мойындарына алған.

Бұл жұмыстардың ешқайсысы аяқталған жоқ, әрі нәтижесі де көңіл көншітер емес. Сөйте тұра, Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналын гидротехникалық құрылымдарымен күрделі жөндеу жұмысын жүргізу үшін мекеме тағы 12 миллиард 128 миллион теңгенің келісімін жасасыпты.

Павлодар өзен порты Алматы қаласында мойнына алған жұмыстарының ешқайсысын аяқтамаса да, “Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы” коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жасасқан «Алматы қаласында батыс кәріз коллекторын салу» туралы тағы бір ірі келісім шарты бар. Жұмысты алдағы жылдың желтоқсан айында аяқтау көзделген. Келісім шарттың құны – 36 миллиард, 328 миллион.

Барлық сатып алу рейтингтік-балдық жүйені қолдану конкурсы бойынша ұйымдастырылған.

Ендеше істеген жұмыстарынан нақты бір нәтиже шығармаса да, барлық келісім шарттарды Алматы қаласы неге тек осы мекемемен жасап жатыр? Павлодар өзен портының артында кімдер тұр?

Интернеттегі ақпараттарға сүйенсек, дәл осы мекеме Атырау облысындағы да көптеген ұңғыма жұмыстарын осы компания жасап жатқандағы туралы ақпараттарға кездестік. Жергілікті компаниялар ірі жобалардың барлығын бір компанияның ғана атқарып жатқанына наразы. Сондай-ақ, компанияның Орал нарығына 2017 жылдан бастап енгенін көріп отырмыз. Ашық ақпарат көздері “Павлодар өзен порты” АҚ Маңғыстау облысында да ірі жобаларды жүзеге асырғандығын көрсетеді. Ал “Сайран” көліне қатысты атқарылған жұмыстарға маңайдағы тұрғындардың да көңілі көншімейді

Kompra.kz сайтындыға мәліметтерге жүгінсек, бұл мекеменің мемлекеттік сатып алулар порталында жалпы құны 1 триллион,  657 миллиард, 265 миллион 813  мың теңге тұратын 141 келісім шарты бар екенін көреміз. 

Павлодар өзен портының негізгі құрылтайшысы – «Сан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Компанияны басшысы – Зульфия Пшембаева. Ал құрылтайшылары – Қанат Сыздықов пен Долорес Пшембаева. Долорес Пшембаеваның әкесі Мейрам Пшембаев Мәжілістің бұған дейінгі үш шақырылымының депутаты болған, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі қызметтерін атқарған. Ал оның інісі Мереке Пшембаев – бұрынғы Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр. 

Сондай-ақ, Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Тілеубек Нұрсейітов те бұрын осы компанияның жетекшісі болған. 

Компанияның осы уақытқа дейін төлеген салығына қарап, оның жұмысы тек 2020 жылдан бастап қатты қарқын ала бастағандығын көруге болады. 

 
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Исраил Сапарбай дүниеден өтті

Фото: facebook.com Қазақстанның халық жазушысы, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, аса көрнекті ұлт ақыны, белгілі драматург, талантты