//

Қарыз алушыларды қорғау үшін кредиттеу ережелерінде не өзгереді?

241 рет қаралды

Фото: dc-payments.ca

Банктер мен микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) мына жағдайларда кредит беруден бас тартуға міндеттеледі. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, агенттік басқармасының 2025 жылғы 28 тамыздағы № 46 қаулысымен банк және микроқаржы қызметі мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

  • егер адам алдын ала кредит/микрокредит алудан ерікті түрде бас тартса;
  • егер қарыз алушы әскери қызметке шақырылса;
  • егер клиенттің бұған дейін ешқашан кредиті болмаған және ол онлайн режимде кепілсіз ірі сомаға (банкте 150 АЕК-тен, МҚҰ-да 75 АЕК-тен жоғары) қарыз алғысы келсе. Бұл жағдайда қарыз алушы банкке немесе МҚҰ-ға жеке өзі баруы қажет.

Жасы 21-ден төмен және 55-тен асқан адамдарға кепілсіз тұтынушылық кредиттер/микрокредиттер тек олардың келісімі болған жағдайда ғана беріледі. Яғни сіздің растауыңызсыз ешқандай шарт жасалмайды.

Онлайн берілетін кепілсіз тұтынушылық кредиттерге “ойлану кезеңі” енгізіледі:

  • егер қарыз сомасы 150–255 АЕК аралығында болса — кемінде 8 сағат күту қажет;
  • егер сома 255 АЕК-тен жоғары болса — кемінде 24 сағат күту қажет. Бұл уақыт қарыз алушыға бәрін қайта ой елегінен өткізіп, қажет болған жағдайда кредиттен бас тарту үшін беріледі.

Ақша тек қарыз алушының келісімінен кейін аударылады.
Яғни банк немесе МҚҰ қарызды қарыз алушы толық келісімін берген соң ғана есепшотқа аударады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар