//

2026 жылғы мундиаль добы несімен ерекше?

91 рет қаралды

Фото: zamin.uz

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФA) 2026 жылғы әлем чемпионатының ресми добын таныстырды. Еске сала кетейік футболдан әлем чемпионаты 2026 жылдың 11 маусымы мен 19 шілдесі аралығында өтеді. Алдағы мундиальді АҚШ, Канада және Мексикада қабылдайды.

Ал жаһандық доп додасының ресми добына келетін болсақ, оның дизайнында үш түс қолданылған. Қызыл (Канада), көк (АҚШ) және жасыл (Мексика). Бұл түстер турнир иелері саналатын елдерді білдіреді. Допқа “TRIONDA” деген атау берілді.
«Trionda» сөзінің түбірі «tri» «үш» деген сөзден шыққанын байқуға болады. Бұның да өзіндік мәні бар. Өйткені әлем чемпионатын алғашқы рет ойынды үш ел қабылдап жатыр.

Ал «onda» сөзін испан тілінен аударғанда «толқын» деген мағына береді. Adidas компаниясы доптың динамикалық иілген сызықтары арқылы қозғалыс, күш және үйлесімділікті бейнелеуге тырысты.

Допты Германияның “Adidas” компаниясы әзірледі. Бұл компания 1970 жылдан бері ФИФA-ның ресми серіктесі. Турнир тарихында алғашқы рет жарысқа 48 құрама қатысады. Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне топта алғашқы екі орынды иеленген командалар, сондай-ақ үшінші орынды алған үздік сегіз команда шығады. Сонымен қатар 2026 жылғы әлем чемпионатында жаңа кезең 1/16 финал енгізіледі.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар