/

Өнер – тәуекелі жеткеннің тұғыры: Бекжан Тұрыс 60 жаста

54 рет қаралды

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, қазақ театры мен кино өнерінің көрнекті өкілі, Алматы облысының құрметті азаматы, актер Бекжан Асаубайұлы Тұрыс 60 жасқа толды.

Бекжан Тұрыс 1965 жылы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шошанай ауылында дүниеге келген.

1988 жылы Т.Жүргенов атындағы театр және кино институтын тәмамдаған соң, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының труппасына қабылданды. Содан бері отыз жылдан астам уақыт бойы қазақ сахнасының көрнекті актерлерінің біріне айналды.
Актердің шығармашылық жолы түрлі бейне мен терең философиялық рөлдер арқылы қалыптасты.

Ол сомдаған Қожанасыр, Шәмші Қалдаяқов, Абай, Жиренше, Құнанбай, Қайрош, Қырманбай шал секілді кейіпкерлері көрерменнің жүрегінен орын алған шынайы образдар.
Ол туған өлкесінде мешіт салуға және мәдениет пен спортты қолдауға атсалысқан.

2025 жылы туған жері Шонжы ауылында өткен «Өнер – тәуекелі жеткеннің тұғыры» атты 60 жылдық мерейтойы – елдің оған деген ерекше құрметінің айғағы болды.

Салтанатты шара Әлмерек Жаншықұлының ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімінен басталды. Мерейтой иесіне деген ел құрметі ерекше болды – жерлестері ат мінгізіп, ал әріптестері мен бауырлары жаңа көліктің кілтін табыс етті.

Кеш аудандық мәдениет үйінде өткен Бекжан Тұрыстың шығармашылығына арналған фотокөрмемен жалғасын тапты. Кешке М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының әртістері, мәдениет және қоғам қайраткерлері қатысты. Олардың арасында актердің әріптестері Ерлан Біләл, Дулыға Ақмолда, Гүлшат Тұтова және шәкірттері сондай-ақ
Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан, ақын Нұрлан Оразалин, режиссер Әубәкір Рахимов болды.

Мерейтой барысында сахна төрінде Бекжан Тұрыс сомдаған рөлдерден үзінділер көрсетілді. Актердің «Бес бойдаққа бір той» спектаклінде Қырманбай шал рөлін, сондай-ақ «Қожанасыр тірі екен» қойылымында Қожанасыр рөлінен видеоматериалдар көрсетілді.

Сахна төрінде «Ұлытау» тобы, Салтанат Бақаева секілді эстрада жұлдыздары әсем әннен шашу шашып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Гүлназ Ұзақ

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар