///

Қойылым VS шынайы өмір: Ахико кім?

792 рет қаралды

Жақында біз “Ақтастағы Ахико” қойылымын тамашаладық. Бұл қойылымдағы елең еткізетін дүние Ахико сөзі. Ахико – 15 жасында жазықсыз жазаланып, балалық шағын Қарлаг түзету лагерінде өткізген жапон баласы.

Қарапайым балықшының отбасында дүниеге келген оны ата-анасы Сахалиндегі әскери оқу орнына аттандырмақ болады. Алайда осы кезеңде сол аймақ Кеңес одағының құрамына еніп, барлық бейбіт тұрғын теңіз асырылып жібереді. Жақындарынан көз жазып қалған Ахико Кеңес әскерінің қолына түсіп, жапон тыңшысы деген жазықсыз жаламен 10 жылға Қарлагқа жөнелтіледі.

Темір қапастағы азапты өмір кімді болса да күйдіретіні белгілі. Ахико түрмеден аман шыққанымен, құр сүлдері ғана қалған еді. Түрмеде жатып, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев сынды Алаш арыстарымен, Сәкен Сейфуллинмен танысады.

ЖАПОНИЯ НЕМЕСЕ САХНА СЫРТЫНДАҒЫ САН ТҮРЛІ ЖҰМЫСТАР

Басты кейіпкер Ахиконың рөлін Дулыға Ақмолда сомдады. Ахико жайлы актер өз ойын былай бөлісті.

“Ахиконың тағдыры шынымен де өмірде болған оқиға. Бұл – біріншіден, адам тағдыры. Сол кездегі, Совет үкіметі жүйесінің бұлжытпас шындығы. Ахико Тэцуро осыдан екі-үш жыл бұрын ғана қайтыс болды. Біз осы спектакльмен Жапонияға гастрольдік сапармен бардық. Сол жақта өздеріңіз сияқты журналистермен сұхбаттастық. Оларға өте қызық болды. Спектакль ғана емес, жалпы Ахиконың тағдыры, Ахиконың қайтадан Қазақстанға қайтып келуі, оның себептері қызық болды. Олар көп зерттеді. Олар үшін өте қызықты персонаж болды. Ал енді жапон туралы қазақтардың спектакль жасағаны тіпті оларға үлкен жаңалық болды,”-деді.

Қойылым барысында жалынды ақын Ахметтің қанмен жазылған өлең дәптерін анасы Гүлбаршынға жеткізген де осы болды. Ал Гүлбаршын рөлін белгілі актриса Данагүл Темірсұлтанова ойнады. Актриса сахна сыртындағы жұмыстар жайлы айтты.

– Жұмыстары әрқалай, оның реквизиті, костюмі, декорациясы, светі (жарығы) бар деген сияқты. Актерлердің ішкі дайындығы, үстелде отырып, сценарий оқитын, спектакль барысын талқылайтын кезеңі бар, содан кейін ғана сахнаға шығып сахналауды бастаймыз– деді.

ШЫН МӘНІНДЕ..

Қойылым авторы Мадина Омарованың “Егемен Қазақстанға” берген сұхбатына қарағанда, автор алдымен Ахико Тэцуроның өзі көзі тірісінде үйіне барып біраз әңгімелескен. Ал қойылымның идея авторы, Қарлаг лагері туралы он сегізге жуық кітап жазған Нұрлан Дулатбеков болатын.

Тэцуро Ахико Кеңес Одағының әскері Оңтүстік Сахалинді басып алған кезде, нақты айтсақ 1945 жылы қолға түскен. Бұл кезде Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, қойылымдағы Алашқа көмектескен Сейфолла, Қасен сияқты тұлғалар да атылып кеткен. Ахиконың түрмеден шыққан соң тапқан ғашығы – неміс қызы Катя өмірде болған. Алайда кейіннен ол көз жұмған. Катядан екі бала қалған. Біраз уақыттан кейін украин қызы Еленамен отау құрады. Бүгінде Ахиконың 11 немересі, 4шөбересі бар.

Автор қойылымда бір адамның өмірі арқылы сол заманның зұлмат тағдырын, Қарлагтағы азапты өмірді көрсету көздеген. Осы арқылы Алаш азаматтары мен олардың отбасы көрген бейнетті де көрсетуге тырысқан.

Әдемі Ғазизова

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,