Business New Europe: Қазақ банктері “өлімнен аман” қалды

998 рет қаралды
2

Қазақ банктерінің қаржылық жағдайына Еуропалық басылым оң баға беруде. Business New Europe сарапшылары қазақ банктерін тек қана үкіметтің өзі тығырықтан алып шықты деп санайды.

Шетелдік инвестордардың сарыла күткен жаңалығы қазақ банктерінің тезірек қайта құрылымдауы еді. Себебі дағдарыс тұсында ел ішіндегі ахуалдың өзегін осы банктер құрады.

«Қазақ экономикасын әлемдік қаржы дауылы Ресейге қарағанда ерте шарпыды. Себебі жергілікті банктер шетелден қарызға ақшаны тоқтаусыз алған болатын» дейді еуропалық газет.

Ендігі кезекте Қазақстанда бизнесі бар инвесторлар сәл де болса еркін тыныстай алады. Оның үстіне өткен аптада Қазақстанға қонақтап қайтқан ұлыбритания ханзадасының өзі еуропалық кәсіпкерлердің күпті көңілін орындарына түсіремін деп уәде беріп кеткен болатын.

Кәрі құрлық басылымдарының Орталық Азияның көшбасшысы саналатын қазақ экономикасына осы аптада кең көлемді мақала арнауының да себебін осыдан іздеген орынды болар. Себебі Қазақстан тек қана имидж үшін Еуропалық Ұйымға төрағалық етіп отырған жоқ. Аты дардай ұйымның алтын тағына қол жеткізуге кеткен шығынды елге ағылып келетін шетелдік инвестиция ақтауы тиіс.

BNE тілшісі шетелдік оқырмандарға «Әйткенмен соңғы екі айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ 7 пайызға жуық өскен. Шетелдің сарапшылар биылғы жылғы экономиканың өсу қарқыны 4,3 % аралығында болады деп санайды» деген пікірін жариялаған.

Мақалада қазақ банктерінің дағдарысты тек үкіметтің көмегімен еңсергеніне баса мән берілген. «Бұл жайт қазақ валютасының өз аяғынды нық тұрмағанынын көрсетеді» дейді басылымға пікір білдірген Renaissance зерттеу орталығының маманы.

Экономиканы мұнай бағасының құлдырамай керісінше қымбаттай түскені аман алып шықты. Әйтпейінше ұлттық қордан алынған ақшаның орны да қайтарылмай, дағдарыстан кейінгі жағдай қалыптыдан төмен болуы мүмкін еді.

Қазақ банктерінің басынан таймай тұрған келесі бір сор – сырттан алынған қарыздардың көлемі.

Биліктің күшімен қарыздың сомасы 2009 жылы 39,2 млрд АҚШ долларынан 28,4 млрд АҚШ долларына дейін азайтылды. Қазақстанда банктердің бағыт-бағдарын үкімет жіті назарда ұстап отыр. Бұл оларға еркін жұмыс істеуге мүмкіндік бермегенімен, екінші есептен қаржылық тұрақтылыққа кепіл болуы тиіс.

Мақсат АЯН

Сурет СС құқығы негізінде tidsrom есімді Flickr қолданушысының мұрағатынан алынды

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері