China Knowledge: Ақтоғайдың түбін қытайлар үңгитін болды

824 рет қаралды
3

copperЕуропалықтар қазақ экономикасын жан-жақтан зерттеп жатқан тұста, қытайлық инвесторлар тәуекелге бел буып, кен орындарын игеруге қатысты келісім-шаттар түзуде.

Сәуірдің соңғы күндерінде Қытайдың Jinchuan Group Ltd ірі никел өндіруші компаниясы Қазақмыс корпорациясымен Ақтоғайдағы мыс кенішін игеруде ортақ кәсіпорын құруға қатысты түсіністік меморандумына қол қойды.

Қытайдың China Knowledge басылымы таратқан деректерге сенсек, қытайлық инвесторлар Ақтоғай кенішінің 49 пайыз акция үлесін сатып алуға 129 млн АҚШ долларын жұмсамақ.

Ақтоғай жобасы 2 млрд АҚШ долларына бағаланып, ол жерден жылына 100 000 тонна мыс өндірілмек. Бұл кеніш қытай инвесторына шамамен 40 жылға пайдалануға берілмек.

«Қазақмыс» корпорациясымен жасалған келісім-шарттың мазмұны әзірге белгісіз. Кенішті игеруге Қазақстаннан қанша адам қатысатыны, қандай шарттармен жұмысқа алынатыны анық емес.

Қытай басылымы сонымен қатар Jinchuan Group Lts өткен жылы Замбияның Муанли никель кенішінің 51 пайыз акциясын сатып алғанын хабарлаған.

Мақсат АЯН

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Cәлеметсіз бе, пікіріңіз журналистік этикаға қайшы болғандықтан, алынынп қалды. …

    • Адамның бітім-болмысын кемсіту ғой бұл. Сондықтан жариялай алмаймыз!

  2. Барлығын бердік қой қытайларға. Ар-ұятымыздан басқа не қалды беретін, ағайын?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар