Қазақ банкі қақпанға түсті ме, құтылды ма?

3679 рет қаралды

4561376850_6f002abeb9 [Blog]Қазақ банктері әлемге үлгі көрсетті. Financial Times басылымында Джилиан Тетттің «Қазақстаннан біз не үйрене аламыз?» атты мақаласы жарияланды [ағыл. тілінде]. Мақала авторы «қаржы нарығын қазақтарша қорғау» керек дейді.

Себебі Қазақстан күйрегелі тұрған қаржы институтын құтқарудың “тамаша” тәсілін ойлап тапты.

Осыдан санаулы күн бұрын Қазақстан өзінің ең ірі банктерінің бірі – БТА банкті қайта құрылымдауды аяқтағанын хабарлаған. Нәтижесінде БТА-ның инвесторларының акциялары мен облигациялары құрбан болды. Кредиторлардың арасында болған ABN Amro, Commerzbank, Standart Chartered, ING, KfW және DE Shaw Forits Management компанияларына шамамен 6,8 млрд АҚШ долларында көлемдегі қарызды “жұтып қоюға” тура келді, сөйтіп, банктің қарызы 12,2 млрд доллардан 4,4 АҚШ долларына түсті.

Негізі шынымен де тамаша тәсіл. Қарызға белшесіне батқан ұйымның берешегін компанияға ақша құйып отырғандардың есебінен “жөндеп” берді.

БТА банкі өзге қазақ банктері тәрізді екі жыл бұрын “ажал таянғанын” сезгенде шетелдік қаржыгерлер: “Банкті мемлекет өз меншігіне алады, я болмаса банк алаяқтық жолға көшіп, ақыры күйретеді” деген ойда еді.

Алайда, қазақ үкіметі керісінше жұмыс істеп тұрған банкті қызуқанды шетел инвесторлардың «мінезін пайдаланып» банкті қайта құрылымдады.

БТА банк оқиғасы шым-шытырыққа толы екені белгілі. Finacial Times басылымында осы мақала жаряланған соң, 2007-2009 жылдар аралығында БТА-ның басқарма төрағасы болған Роман Солодченконың да пікірі жаряланды. Өз сөзінде ол:

“Шындық мүлдем басқаша. 2008 жылы қаржы дағдарысы басталғанда БТА-ның қаржылық жағдайы жақсы болатын. Оны қолдан құртты” дейді.

Ал FT сарапшысы болса: “Қайткен күнде де Қазақстан банк жүйесіндегі жаңалық банктерді қадағалауды одан сайын күшейтуге қарағанда жақсы балама болмақ” деп өзінің ойын түйіндепті.

Сурет doug88888 есімді flickr қолданушысының мұрағатынан

Neweurasia.net сайтынан көшіріліп басылды
Әзірлеген Асхат Еркімбай

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі