Америка саясаткерлері Қытайдың «Достық» құбырынан қауіптеніп отыр. Түркменстаннан басталып, Қытайға тірелетін газ құбыры Түркменстан, Өзбекстан, Қазақстан және Қытайды басып өтеді. Қытайлықтар осы құбырды «Достық» құбыры деп атады. Америка қазір осы бір газ құбыры Еуропаға тасымалданатын Набукко жобасына кері әсер етеді деп санайды.
АҚШ Атлантикалық кеңесінің Еуразиялық энергетикалық орталығының директор орынбасары Александрос Петерсон осындай ойларын Trend Capital ресурсында жариялады.
Құны 8 млрд еуроға жуық болатын Набукко газ құбырының жобасы Каспий өңірінің газын Таяу Шығыс пен Еуропа елдеріне тасымалдауды қарастырады. Құрылысты 2011 жылы бастау жоспарланған. Құбырдың қуаты – жылына 31 млрд текше метр газ. Жобаға қатысушылар – австриялық OMV, венгриялық MOL, болгариялық Bulgargaz, румыниялық Transgaz, түркиялық Botas және немістің RWE компаниялары.
АҚШ саясаткері Александр Петерсонның айтуынша, Түркменстан заңнамасы қазіргі уақытта шетелдік компаниялар мен мемлекеттерге елдің аумағындағы газды игеруге тыйым салады. Алайда, Қытайлық CNPC – компаниясы мұндай құқыққа ие болған алғашқы компания.
Петерсонның айтуынша, батыс компаниялары өте баяу, ал Набукко консорциумының қазір қандай да тәсілдермен CNPC әрекетіне қарсы тұруға қуаты жоқ.
Асхат Сәрсенбайұлы
Америкалықтар “Достықтан” үркіп отыр
Соңғы жазбалар
Қарасай ауданына қарасты Әйтей ауылы соңғы жылдары экологиялық түйткілдің ортасында қалып отыр. Ауыл маңындағы қоқыс полигоны
Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумның дауыс беру қорытындыларын жариялады. Қорытындыларға сәйкес референдум өтті, Қазақстан Республикасының жаңа
Фото автордікі. Орал қаласының әкімдігі Оралда 2026 жылға арналған «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 19 қаңтар
Алматыда ТЭЦ-2 және ТЭЦ-3 жылу электр орталықтарын газға көшіру жұмыстары бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді. Бұл
Көптен күткен көктем де келіп жетті. Ұлыбританияға тән ауа райына сәйкес, күнде-күнара жаңбыр жауа берсе де,
Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, Конституцияны өзгерту бойынша референдумда дауыс бергендердің үлесі 73,24 пайыз болды, яғни, 9
фото: Ақорда, Азаттық Жексенбі күні Астанадағы Оқушылар сарайында орналасқан референдум учаскесінде кәсіби қызметін атқарып жүрген «Азаттық»
Фото авторы: Мейіржан Амангелдиев Ол ақпаратпен дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының баспасөз қызметі
Туған өлкем – Марқакөліме арнаймын. Автор Жазғы мөлдір аспан маған телміріп, мен көкке емініп,
Қазақстандықтар үшін 15 наурыз маңызды күн. Дәл осы күні біз еліміздің ата заңы – Конституцияға енгізілетін