/

Қазақстанның ұлттық парктеріне барушы туристер саны 3,7 млн адамға дейін өсті

52 рет қаралды

Фото: t.me

Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев еліміздің табиғи аумақтарына ел азаматтары мен шетелдік қонақтардың қызығушылығы артып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, 2024 жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға 2,8 млн адам келген, ал 2025 жылы бұл көрсеткіш 3,7 млн адамға жетті. Осылайша, өсім 900 мыңға жуық келушіні құрады. Бүгінгі таңда негізгі әлеует ұлттық саябақтарда шоғырланған, олардың аумағында 179 туристік маршрут және 42 экологиялық соқпақ бар.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру шеңберінде өңірлерде қалдықтармен дұрыс жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Таза туризм» бағдарламасы жүргізілуде. Шарын және Көлсай көлдері Ұлттық парктерінде сәтті сынақтан өткеннен кейін жоба Іле-Алатау, Алтынемел, Қарқаралы, Сайрам-Өгем, Көкшетау, Баянауыл және Бурабайда кеңейтілді.

«Бағдарлама аясында қалдықтарды бөлек жинауға арналған 179 контейнер мен 81 урна қойылды, 170 ақпараттық баннер орналастырылды және 7 фандомат орнатылды. Сондай-ақ келушілерге ұлттық саябақтардың аумағынан қоқыстарды өз бетінше жинауға және шығаруға арналған биологиялық ыдырайтын пакеттер беріледі. Биыл бұл бағдарламаны жүзеге асыру Катонқарағай, Бұйратау, Ұлытау, Жоңғар Алатауы және Тарбағатай ұлттық парктерінде жалғасуда», – деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар