Фото: gov.kz
ҚР АШМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақмола облысында тауық жұмыртқасын терең өңдеуге арналған ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
«Kaz Eggs» серіктестігінің бастамасымен қолға алынған болашақ өндірістік кешен Целиноград ауданының Ақмол ауылында орналасады. Жобаның жалпы инвестициялық құны 30 миллиард теңгені құрайды. Жаңа кәсіпорын іске қосылған кезде оның өндірістік қуаттылығы тәулігіне 1 миллион жұмыртқаны терең өңдеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ заманауи технологиямен жабдықталатын бұл нысан келер 2027 жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарланған және жоба аясында аймақта 80 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылмақ.
Парақшамызға жазылыңыз
