Америка саясаткерлері Қытайдың «Достық» құбырынан қауіптеніп отыр. Түркменстаннан басталып, Қытайға тірелетін газ құбыры Түркменстан, Өзбекстан, Қазақстан және Қытайды басып өтеді. Қытайлықтар осы құбырды «Достық» құбыры деп атады. Америка қазір осы бір газ құбыры Еуропаға тасымалданатын Набукко жобасына кері әсер етеді деп санайды.
АҚШ Атлантикалық кеңесінің Еуразиялық энергетикалық орталығының директор орынбасары Александрос Петерсон осындай ойларын Trend Capital ресурсында жариялады.
Құны 8 млрд еуроға жуық болатын Набукко газ құбырының жобасы Каспий өңірінің газын Таяу Шығыс пен Еуропа елдеріне тасымалдауды қарастырады. Құрылысты 2011 жылы бастау жоспарланған. Құбырдың қуаты – жылына 31 млрд текше метр газ. Жобаға қатысушылар – австриялық OMV, венгриялық MOL, болгариялық Bulgargaz, румыниялық Transgaz, түркиялық Botas және немістің RWE компаниялары.
АҚШ саясаткері Александр Петерсонның айтуынша, Түркменстан заңнамасы қазіргі уақытта шетелдік компаниялар мен мемлекеттерге елдің аумағындағы газды игеруге тыйым салады. Алайда, Қытайлық CNPC – компаниясы мұндай құқыққа ие болған алғашқы компания.
Петерсонның айтуынша, батыс компаниялары өте баяу, ал Набукко консорциумының қазір қандай да тәсілдермен CNPC әрекетіне қарсы тұруға қуаты жоқ.
Асхат Сәрсенбайұлы
Америкалықтар “Достықтан” үркіп отыр
Соңғы жазбалар
Фото: www.istockphoto.com ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелеріндегі деректерге сәйкес, 2026 жылдың басынан
“Барлығы бізге дейін кітапқа еніп қойған, тек оны оқу, түсіну, саралау қалды” дейді даналар. Кез келген
Олжас Омарұлы Сүлейменов 90 жаста «АЗ и Я» МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНҒА, ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ ДЕГЕН БАЛАҢ МАХАББАТЫМДЫ ДА
Коллаж: ЖИ Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық қарым-қатынас берік болғанына қарамастан, қоғам арасында Қытайға әлі де
Фото: www.gov.kz Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. АҚШ-тың Phoenix қаласында Regeneron ISEF 2026
Фото: gov.kz Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Елдегі барлық музейге кіру
Фото: www.istockphoto.com Мемлекет басшысы “Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы” Жарлыққа
Фото: pixabay.com Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы хабарлайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың импортты алмастыру
Дереккөз: magnific.com Кино – өнер ме, бизнес пе? Бүгін, табысты туынды жасау үшін режиссерлер мен продюсерлерге
Қазақ халқының маңдайына біткен қайталанбас ғажайып ғұламасы Олжас Омарұлы Сүлейменов 90 жасқа толып отыр. Олжас орыс