Дінмұхамед Қонаев. Оның ел алдындағы жалған бейнесі көзі тірісінде қалыптасқан еді

118979 рет қаралды
64

Советтік Қазақстанды басқарған Дінмұхамед Қонаев – қарама-қайшы тұлға. Қызметінен түскенде басқалар оның атын өшіруге тырысқан болатын, ал, қазір халық оның есімін ұлықтап жүр. Бірақ, қайраткердің көзі тірісінде-ақ оның бедел-бейнесінің даулы тұстары көп еді.

ҚОНАЕВ КҮЗЕТСІЗ ЖҮРЕТІН

Дінмұхамед Қонаев кішіпейіл басшы есебінде танылды. Ол ертеменен Коммунистік даңғыл мен Киров көшесінің (бүгінгі Абылайхан даңғылы мен Бөгенбай батыр көшесінің) қиылысындағы үш қабатты үйден шығып, ылдидағы Үкімет үйіне қарай жайбарақат жұмысқа бара жататын. Қонаев сол үйде көп жылдар бойы тұрды, тіпті, Қазақстан КП ОК-нің бірінші хатшысы болған кезінде де, қаланың орталығында үш бөлмелі пәтері бола тұра әлгі үйде тұрды. Ал басқа үйге көшкенде Қонаев пәтерін өзінің кадрлық саясатын қатты сынап жүрген жазушы Әлжаппар Әбішевке сыйға тартып кетті.Мен де сол кезде Алматының орталығында тұрдым, менің де жұмысқа баратын жолым Коммунистік даңғылдың бойы еді. Анда-санда алдымнан жалғыз келе жатқан ұзын бойлы Қонаевтың сымбатты тұлғасын сыртынан көретінмін. Осыны айтсам, адамдар сенбейді: қалайша ол күзетсіз жүр деп. Расында да күзет қызметінің саны көбейтіліп, кім көрінген жанына күзет қаптатып жатқан уақытта мемлекеттің бірінші адамы жұмысқа жаяу және күзетсіз барады дегенге сену өте қиын.Министрлер кеңесінің төрағасы болғанда Қонаев академик атағы үшін өзіне төленетін 340 сом шамасындағы ақыдан бас тартқанын білеміз. Бұл ақшаны ол балалар мен жас ғалымдарға көмектесу мақсатында жұмсауға бұйырды. Осындай кішіпейілділік оның туа бітті қасиеті екені көзге көрініп тұрды және жұрттың оған деген сенімін күшейтті. Оның жеке басының байлық-дәулетке қызығушылығы байқалмады.

Оның айналасындағы адамдардың арасында оны ұлықтаудан жарыс болған жоқ, есесіне олар оның көшбасшылық беделін қызғыштай қоритын, оның жетістіктеріне қылау түсірмеуге тырысатын.

ЕКІ КҮН ҒАНА КӨРСЕТІЛГЕН ҚОЙЫЛЫМ

1987 жылдың қыркүйегінде Нұрсұлтан Назарбаев «Дружба народов» журналына сұхбат беріп, Дінмұхамед Қонаевты әшкереледі. Назарбаев оның өмірдің табиғи қажеттіліктерінен алшақ кеткенін, кадр таңдау әдісін, т.б. сынға алды.

Арада тура үш жыл өткен соң, дәл солай қыркүйектегі санында, бірақ, «Бірлесу» тәуелсіз газетінде Дінмұхамед Қонаевтың сұхбаты

жарияланды. Ол былай деп мойындаған: «Өзімді өзім ақтайын деп отырған жоқпын, дұрыс та, бұрыс та шешімдер қабылдадым: қателік те болды, жетістік те болды. Жалғыз ғана көзімнің жеткені – көп уақыт билік басында болуға болмайды. Айналаңдағы адамдарды тану түйсігің жоғалады, тың ойларды түсінбейсің немесе қабылдамайсың, өзіңе өзің сын көзбен қарауды қоясың. Сосын міндетті түрде қателіктер жасайсың, әсіресе кадрлық саясатта. Негізінде айналаңа өзіңе табынушыларды емес, идея беретін ақыл-парасат иелерін жинау керек».

Қонаев билікте болған кезде өмір сүріп, жұмыс істеген біздің бәріміз адамды биік қызметке қою үшін еңбегіне қарамайтынын, қызметке келгендердің бас салып өз руластары мен жерлестерін сүйрегенін көрдік. Дінмұхамед Қонаевқа руға бөлінудің етек жайғанын, оның қоғамға қауіптілігін тіке айтқандар да болды.

Қазақтың алдыңғы қатарлы жазушыларының бірі Әлжаппар Әбішев Қонаевқа жазған хатында былай деген: «Неліктен халықтар достығының зертханасы боп саналатын Қазақстанда өз жүздеріміз бен руларымыздың арасында достық жоқ? Руға бөлінуді ойлап жүргенде басымыз бөгде біреудің аяғының астында қалып жүрмесін!»

Бірінші басшымен сөйлескеннен де, арызданғаннан да еш нәтиже шықпады. Жазушы бостан бос дабыл қағуды доғарып, өз ойын халыққа пьеса арқылы жеткізуді қолға алды. Сол кезде дүниеге «Даңғойлық пен ар-ұят» шығармасы келді. Осы туынды бойынша Алматыдағы Әуезов атындағы театрда белгілі режиссер Әзірбайжан Мәмбетов қойған және басты рольдерде ең танымал әртістер Асанәлі Әшімов пен Ыдырыс Ноғайбаев ойнаған спектакль халықты дүр еткізді.

Алайда, екі күннен кейін спектакль қойылымнан алынып, ауторы ҚКП ОК-нің идеология жөніндегі хатшысы Саттар Имашевпен әңгімеге шақырылды. Ол спектакльді көрмепті, пьесаны оқымапты. Бірақ, екі сағат бойы жандайшап жеткізушілерден естіп алған «Қанша жерден дана басшы болса да, айналасына жағымпаздарды жинап алып отырғанда қателікке ұрынбауы мүмкін емес», «Аспан ашық, жол тегіс. Бірақ, тізгінді тура бір мас адам ұстап отырғандай, қорыққанымыздан діріл қағамыз» деген спектакль кейіпкерлері айтатын «идеологияға жат» сөздердің төңірегінде әңгіме жүргізген.

Бұл сөздердің қай жерінен ерсілік көріп тұрсыз деп сұрайды жазушы. Бірақ жауап ала алмайды. Билікке жағымсыздау тиетін сын бар, әрине, бірақ, оны жат санаға жатқызу мүмкін емес. Жазушының бұл жөніндегі естеліктері оның «Шерлі шежіре» атты кітабында бар.

ҚОНАЕВ КЕЗІНДЕГІ ОРЫСТАНДЫРУ

Жуырда Қазақстанда қазақ тілін мемлекеттік тіл етіп жариялаған заңның 20 жылдығы атап өтілді. Бірақ, мемлекеттік тіл өз дәрежесіне сай болып отырған жоқ. Құр әңгіме, үндеу немесе үгіт-насихат. Қазақ балабақшалары мен мектептері әлі күнге аз болып отырғанда басқа себептер туралы айтудың да жөні жоқ.

Советтік Қазақстанның бір кездегі басшысы Жұмабай Шаяхметов орыстың көптігіне қарамастан, ана тіліне деген құрмет пен көңіл бөлуді іс жүзінде көрсетіп, кейде ОК бюросын қазақ тілінде жүргізетін. Нұршайықовты Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінің редакторы етіп бекітетін ОК бюросын Шаяхметов қазақ тілінде жүргізіп, артынан өзі орысшаға аударғанын белгілі жазушы Әзілхан Нұршайықовтың естелігінен білеміз.

Шаяхметов ОК хатшысы болып бекітіліп жатқан ОК комсомолы Анатолий Шаловтан өз өмірбаянын пленумға қатысушыларға қазақша айтып беруін сұраған. Сөйткен Шалов кейіннен Жамбыл облыстық партия комитетінің хатшысы, ҚКП ОК әкімшілік бөлімінің меңгерушісі
болды, ал, зейнеткерлікке шыққан соң Алматы қалалық ардагерлер кеңесіне жетекшілік етті. Ол мемлекет қайраткері және адам есебінде Жұмабай Шаяхметовты ерекше жылылықпен еске алатын.

Тілдің қадірін қашырғанымыз соншалықты, ана тілімізде сөйлеуді қорашсынатын халге түстік. Қоғамдық іс-шараларда, үйдегі отырыстарда менен жасырып бірдеңе айтып жатыр деген ойға қалмасын деген желеумен сонда отырған бір орыс үшін туған тілімізде сөйлеуге қысылатын болдық.

Дінмұхамед Қонаевтың қабылдауында екі қазақ, бір орыс отыр. Олар аудандық партия комитетінің бірінші хатшылығына бекітілейін деп жатқандар еді. Ана тілінде амандасқан екі қазақты Қонаев сол жерде тоқтатып, жалпыға түсінікті орыс тіліне көшулерін сұрайды. Үшінші жолдас әлденені жасырып отыр деп жаман ойлап қалмас үшін.

Сол үшеудің бірі менің ескі танысым Рахымбай Тазабеков болатын. Ол ауылда туған адам. Зоотехник болып өмір бойы ауыл шаруашылығы саласында істеген нағыз ауылдың қазағы. Оған республика басшысының өзі секілді екінші қазақтан орысша сөйлеуін талап етуі оғаш болып көрінген.

БЕСІНШІ БАҒАН

Менде ұйғыр жазушысы Әбдікерім Ғаниевтің «Исмаил Юсупов: «С чистотой помыслов» атты деректі повесі бар. Содан үзінді келтірейін: «Республикаға басшылық етуге мен келгенде «менің қаракөз достарым» Қазақстанның басына ұйғыр келді деді. Ал, Қонаев туралы ондай әңгіме айтылған жоқ. Оның ұлты татар еді ғой. Мұны мен Қазақстанның бұрынғы басшысы ретінде толық жауаптылықпен мәлімдеймін. Қонаевты және оның ата-анасын менен артық ешкім білмейді. Себебі, менің ата-анам оның ата-анасымен Алматыда көрші тұрған. Ал, біз Д.А.Қонаев екеуміз бала кезден бірге өстік, сосын Сопы Зарват атындағы ұйғыр орта мектебінде бірге оқыдық.

Қазақстан басшысын ұлттық кадрлар сапынан бекітеміз деген мәселе көтерілген уақытта Қонаев өз паспортын бір-ақ түнде жойып жіберіп, ұлты қазақ деп көрсетілген жаңасын алған болатын. Оның сол қулығын мен жақсы білетінмін. Бірақ, ол деректі ашық айтатын уақыт ол кезде әлі келмеген еді».

(1962 жылы Исмаил Юсупов Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болып бекітіліп, екі жыл жұмыс істеген.)

Партияның көнекөз қызметкері Сатыпалды Тотанов «Өткен өмір өткелдері» деген кітабын шығарды. Кітап бірінші жақ – қатысушы және көзбен көруші тарапынан баяндалған әртүрлі деректерге толы. Деректер біреудің шамына тиер-тимесіне қарамастан, боямасыз, қаз-қалпында берілген. Естелікте нешетүрлі қызықтар жетіп-артылады.

Партиялық қызметтен кеткеннен кейін Сатыпалды Тотановқа республика үкіметінің жанындағы дін жөніндегі кеңесті басқару тапсырылған. Сол кеңестің Қарағанды облысы бойынша бөлімшесінің басшысы Қарағанды облыстық мемлекеттік мұрағатты басқарған

, Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақтан екінші), СОКП Орталық Комитетінің бас хатшысы Михаил Горбачев (оң жақта). Целиноград,1985 жыл.

кезінде Қонаевтың өз қолымен толтырылған анкетаны көріп қалғанын айтқан.

Анкетада Дінмұхамед Қонаевтың ұлты татар деп көрсетілген. Қарағанды облысы бойынша кеңестің жетекшісі әлгіндей анкетаның табылғанын сол уақытта Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы болып қызмет ететін Нұрсұлтан Назарбаевқа айтқан. Нұрсұлтан Назарбаев ол құжатты екеуінен басқа ешкім білмейтіндей етіп тығып тастауды сұраған.

Одан соң заман өзгерді. Сатыпалды Тотанов қалалық Ардагерлер кеңесінде жұмыс істеп жүрді. 1990 жылдың 20 сәуірінде Нұрсұлтан Назарбаев Лениннің 120 жылдығын қалай атап өту керектігін ақылдасу үшін Алматының әр ауданынан 10 ардагерді өзіне шақырып алады.

Әртүрлі сұрақтарға, оның ішінде Дінмұхамед Қонаевқа қатыстыларына да жауап беріп отырған Назарбаев оған қатысты артық сөз айтпауды, тыныш демалуына мүмкіндік беруді сұрады. Сатыпалды Тотановтың естелігі бойынша, сол жолы Назарбаев отырғандарға қарап, кішкене ойланып алып, күтпеген жерден: «Қонаев қазақ емес, партияға өту үшін өз қолымен толтырған анкетасында ұлтын татар деп көрсеткен» деп айтып салған.

Заман сондай еді, адамдарға мансап үшін советтік төлқұжаттың көпірме бесінші бағанындағы жазуды өзгертуге тура келген. Өзбекстандағы көптеген қазақ пен тәжіктер өзбек болып жазылуға мәжбүр болған дейді ғой. Кейбіреулер мансабын өсіруге еш кедергі болмас үшін қазақ болып жазылатын ондай жасырын жайт Қазақстанда болған және әлі де бар.

СӘТПАЕВТІ КӨРЕ АЛМАУ

1975 жылы теруден алынып тасталған жазушы Медеу Сәрсекеевтің Қазақстан Ғылым академиясының бірінші президенті Қаныш Сәтпаев туралы кітабын еске алайық.

Жазушы қаламақысының біршамасын алып, жұмсап үлгерген баспадан шығуға дайын тұрған кітапты кімнің не себеппен өндірістен алып тастағанына жауап ала алмай өзінің әуре-сарсаңға түскенін, еш нәтиже шығара алмай әрі-бері сенделгенін кейін жеке бір кітап етіп жазып шықты. Дінмұхамед Қонаев оның екі бірдей хатын жауапсыз қалдырған.

Жазушыны Қазақстан Компартиясы ОК-нің идеология жөніндегі хатшысы Саттар Имашев он үшінші күні қабылдаған, бірақ, нақты жауап беруден жалтарып баққан. Ол жазушының Сәтпаев туралы кітабын жарияламауын сұрап, не ұсынбады десеңізші, моралды-материалды игіліктің барлық түрін беруге даяр болған. Бірақ, ақыр-аяғында бұл «үйде» өзінен басқа да адамдардың бар екенін айтып, шындықтың бетін ашпасқа амалы қалмаған. Әлгіден соң басқа сөздің қажеті жоқ, бәрі де түсінікті болған.

Қаныш Сәтпаев туралы кітап тек бес жылдан кейін ғана, 1980 жылы Мәскеуде «Молодая гвардия» баспасынан жарық көрді. 1994 жылы «Санат» баспасынан Медеу Сәрсекеевтің «Қуғындалған Сәтпаев» деген Сәтпаев туралы әңгіменің оқырмандарға жетуі ауыр да ұзақ болған қиын жолы туралы кітабы шықты.

Көптеген деректердің арасында мынадай да бір өте қызық дерек бар. 1981 жылы Дінмұхамед Қонаевқа ССРО геология министрі Евгений Козловский келеді. Сол министр Сәтпаевты мақтаныш көретінін, Үлкен Жезқазғанды ашқан осынау ірі геолог ғалымның алдындағы борышы жайында сөз қозғайды.

Сол кезде Дінмұхамед Қонаев министрді тоқтатып, «Сіз қателесіп отырсыз, Жезқазғанды түбегейлі зерттеп, ашқан адам – геолог Сейфуллин. Сәтпаев оның еңбегін пайдаланып кеткен» дейді.

Министр дауласпады, өйткені, СОКП ОК Саяси бюросының мүшесіне бәрі жарасымды. Сәтпаев халықаралық қорының президенті Кәкімбек Салықовтың сөзімен жауап берейік: «Қаныш Сәтпаев дүниеден өткеннен кейін советтік замандағы кейбір басшылардың оның есімін ұмыттырып жіберуге тырысқанын үлкен қынжылыспен айтуға тура келеді. Оның бәрі биікке қалықтап шыққан даңқының көлеңкесінде қалудан қорықты».

Десе дегендей-ақ, Қаныш Сәтпаев – Қазақстан Ғылым академиясының бірінші президенті, одақтық Ғылым академиясының мүшесі болған тұңғыш қазақ, осы академия төралқасының мүшесі, Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтар жөніндегі Мемлекеттік комиссияның мүшесі, Жоғарғы аттестациялық комиссияның мүшесі.

Академик Шапық Шоқин оған тағы бір өте биік баға береді: «Синтетикалық ақылдың ойшылдары өте сирек туады. Барынша синтетикалық құрылымдағы ақыл-парасат иелері кеңінен танымал: Леонардо да Винчи, Эйнштейн, Андрей Сахаров. Олар немен шұғылданса да қайталанбас тұлғаға айналады. Мен еш күмәнсіз Қаныш Сәтпаевты да осы айрықша ақыл-парасатқа ие ойшылдардың қатарына жатқызамын».

Ал тіпті Қазақстанның өзінде беймәлім геолог Сейфуллинді онымен салыстыруға да келмейді.

БЕЙСЕБАЕВТЫҢ ЕСІМІН ҚОНАЕВ ҚАЛАЙ ҰМЫТТЫРДЫ

Жоғарғы жақтағы өмір халыққа беймәлім, ондағы болып жатқан жайттардың бір ұшқыны ғана жетеді жұртқа. Сондай жайттардың бірі – Қонаевтан кейінгі ең маңызды адам, республиканың министрлер кеңесінің төрағасы Мәсімхан Бейсебаевтың зейнет жасына жетуіне байланысты зейнеткерлікке шығуы.

Бейсебаевтың күш-қайраты әлі бойында, нағыз бабына келген шағы еді. Оның зейнеткерлікке шығуы өзі үшін де, отбасы үшін де тосын жағдай болғанын біз біраз уақыт өткенде бір-ақ білдік.

Мәсімхан Бейсебаевтың көмекшісі, кейіннен Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары болған Жарысбек Әбутәлипов сол кезді былай деп есіне алады:

«1970 жылдың 31 наурызында күндізгі сағат он бірде оны Д.А.Қонаев шақырып алып, Жоғарғы Кеңес Төралқасының жетекшісі Ниязбеков пен ОК-тің екінші хатшысы Титовтың қатысуымен оның зейнеткерлікке шығуы керектігін жария етті. Сол күні-ақ сағат 14-те ОК бюросы Бейсебаевты қызметінен босатып, орнына Бәйкен Әшімовты тағайындады.

Оның алдында ССРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Бейсебаевпен ССРО Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы Н.К.Байбақов, Мемлекеттік жабдықтау төрағасы Э.Дымшиц, қаржы министрі В.Ф.Гарбузов жолығып, республика үкіметіндегі тыңғылықты жұмыстары үшін алғыс айтқан болатын. Сол кезде олар: «Мәке, әлі шашыңда бір тал ақ жоқ. Жұмыс істей бер, біз саған көмектесеміз» деп қалжыңдап еді.

ССРО Министрлер кеңесінің төрағасы Алексей Косыгин Мәсімхан Бейсебаевты іскерлігі, принциптілігі және шыншылдығы үшін сыйлап, бағалайтын. Көп ұзамай, осындай тамаша қасиеттердің иесі – оны Қазақтың шалғын-жайылым шаруашылығы институтының директоры етіп тағайындады. Институт енді ғана құрылып, әлі қалыптасып үлгермеген еді. Бейсебаев қажетті қаражаттың бөлінуіне себеп болып, екі жылдың ішінде кешеннің құрылысын аяқтады. Бірақ, тағы да оның қызметтен кетуін талап етті. Ал, бұл кісі сондай жұмыс істегісі келіп құлшынып еді!»

Республика мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы Камалбай Кетебаевтың естелігінен:

«Оның айналасындағы қайраткерлер де зейнеткерлер еді, сондықтан мұндай шешімнің себебін ешкім түсіне алмады. Мен, өз басым ірі мемлекет қайраткерін қудалаудың нағыз себебін білетін едім.

1969 жылдың соңына қарай бірде біз ол екеуміз алдағы жылдың кейбір мәселелерін талқылап отырғанбыз. Сол сәтте үкіметтік телефон шыр ете түсті. Тұтқаны көтерген Мәсімхан Бейсебайұлы байыппен тыңдап алды да: «Димаш, мен ол алаяққа ұсыныс бермеймін» деп нық сөйледі. Телефон тұтқасын қойған соң менің жүзімдегі сауалды көрді де, сауда министрін Министрлер кеңесі төрағасы орынбасарының бос тұрған орнына ұсынып жатқанын айтты. Ол қызметте Зорин болған, бірақ, оны зейнеткерлікке шығарып жіберген.

Мәсімхан Бейсебаев үкімет басынан кеткен сол бір кез басшы қызметтерге дайындығы нашар және барлық кезде шыншыл бола бермейтін, жалғыз ғана білетіндері қамқоршыға қызмет ету, яғни, тоқыраудың өзегін құраған кадрлар келіп жатқан екіұдай уақыт еді. Сондайлардың жолында темірдей берік, биік парасатты Бейсебаев тұрды. Бұл Бейсебаевтың принципшілдігінің бір ғана көрінісі, ал, бұл секілді жайттар талай рет болған, сол себепті оны неліктен зейнеткерлікке шығарып жібергені өздігінен-ақ түсінікті».

Бір кездері бірталай қайраткер жиналып, салынуының басы-қасында Қонаевтың өзі болған Алматы облысындағы Қапшағай қаласына оның есімін берейік деп ұсыныс жасады. Бірақ, су қоймасы, электр станциялары, тұрғын үйлер, теміржол көпірі, балық зауыты, фарфор шығаратын фабрика және басқа да нысандардың құрылысының басы-қасында Бейсебаев та болды ғой!

БОЛАШАҚТА БӘСЕКЕЛЕС БОЛУЫ ЫҚТИМАЛ АДАМДАРДЫ ЫҒЫСТЫРУ

«От Сталина до Горбачева» деген кітабында Дінмұхамед Қонаев ОК-тің идеология жөніндегі хатшысы болған Мұхаметқали Сужиковты кенеттен сынға алады.

Кітаптан үзінді оқиық: «Шаяхметовтың оң қасиеттерін ескере отырып, оның маңдайалды ұлттық зиялы қауым өкілдеріне қатысты ірі қателер жібергенін айтпасқа болмайды. Әсіресе, Мұхаметқали Сужиков ОК-тің идеология жөніндегі хатшысы болып қызмет еткен 1951-1954 жылдары сол қателер салған сызат ерекше тереңдеп, салдары ауырлап кетті. Мәселен, керемет эпос үлгілерінің халыққа қарсы мазмұны туралы Қазақстан Компартиясы ОК-нің жойқын қаулысының өзі неге тұрады! Сол эпос үлгілеріне қатысты қаншама ғалымдардың, тарихшылардың, филологтардың және тұтас бір ұжымдардың ғылыми еңбектері еш болды десеңізші!»

Енді анықтама берейік. Мұхаметқали Сужиков идеологияның басына 1951 жылы қараша айында Ақтөбе партия обкомының бірінші хатшысы қызметінен келді. Ол 1950 жылғы 26 желтоқсанда елдегі ең басты коммунистік басылым – «Правда» газетінің бетінде «За марксистско-ленинское освещение вопросов истории Казахстана» деген мақала жарық көргеннен кейін келді. Ол мақала редакциялық алқада төрт рет талқыланған.

Мақала сынға шындап ілікті, Жұмабай Шаяхметовтың өзі мәселені ушықтырмауды сұрауға мәжбүр болды. Мақала Этнография және археология тарихы институтында өткен жабық партия жиналысында 1951 жылы наурыз айында талқыға түсті, яғни ОК-ке Сужиков келгенге дейін. Сөз сөйлеген он бір адам «Правданы» қолдап шықты.

1951 жылдың қазан айында СОКП ОК-нің нұсқауымен Қазақстан КП ОК-ның пленумы «Республика бойынша партиялық ұйымдардағы идеологиялық жұмыстардың жай-күйі және оны жақсарту шаралары туралы» мәселе қарады. Бұл іс Қазақстанға қатысты арнайы қаулының қабылдануына дейін жетпей, «Правда» мақаласының талқылануымен ғана тоқтағанына шүкір дейді тарихшылар.

Мәскеудің қысымын әлдеқайда қарымды әріптестерін көре алмаған өз тарихшыларымыз ғана емес, сонымен бірге ОК аппаратының кейбір басшы қызметкерлері де одан сайын күшейтті. Кейіннен Қостанай облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған ОК-тің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі Храмков сол пленумда түсінбеушілік туғызып алармын деген қорқынышпен бұған дейін пікір білдіре алмағанын мәлімдеді.

«Правда» өкіліне Кенесары қозғалысын реакциялық деп санамайтынын айтқан Жұмабай Шаяхметов 1944 жылы «Социалистік Қазақстан» газетіндегі мақалада Абылай, Кенесары хандарды және Наурызбай батырды халық қаһармандарының қатарына жатқызғаным дұрыс болмады деп мойындады.

Енді мынадай бір заңды сұрақ туындайды: неге Дінмұхамед Қонаев Сужиковтың бастамасымен шықты дейтіндей бір де бір жойқын қаулыны атамаған?

Сужиков Ақтөбе, Қызылорда, Семей облыстық партия комитеттерінде, ҚКП ОК-інде хатшы болып қызмет атқарғанда басалқы, біреудің ығына кететін емес, өзіне келер қауіп-қатерді ойламастан халықтың ыңғайына қарай жүретін жан ретінде танылған.

Ол басшылардың ішінде бірінші болып Семей ядролық сынақ алаңының зиянын анықтап, Қазақстан КП ОК-мен алдын-ала келіспестен, партия облыстық комитеті бюросының атынан тікелей Хрущевке хат жазды. ОК-тің бірінші хатшысы Николай Беляевке бір дана шифровкасын ғана тапсырды.

Оның бұл бастамасы Мәскеуге де, Алматыға да ұнамады. Іле-шала Теміртау оқиғасы дүр ете қалды. Мұхаметқали Сужиков жұмысшылардың толқуын әділетті санап, ОК-нің пленумында Қонаев басқаратын партия және үкімет басшылығын өткір сынады. Содан кейін Сужиковты облыстың басынан кетірді.

Оны республиканың Мемлекеттік баспа комитеті төрағасы етіп тағайындаған кезде зейнеткерлікке дейін төрт жыл қалған еді. Білімі, бұрынғы жұмыс тәжірибесі жағынан ол мұндай шағын салада жаңа бастаушының деңгейінде болды. Енді, бір қарағанда зейнеткерлікке дейінгі жылдарды осы қызметте отырып, жайбарақат өткізуге тиіс еді. Республика басшылығы да сөйтіп есептеген болса керек.

Алайда, келешек үшін жұмыс істейтін шығармашыл адам болған соң тыныш отыру оған жат еді. Ол енді бұл жаңа қызметінде қаланың әр тарапына шашырай орналасқан баспагерлер мен полиграфистердің жұмыс жағдайы мен күнделікті өмір деңгейлерін жақсартуды мақсат етіп қойды.

Барлық баспаларды, қосалқы қызметтерімен қоса полиграфиялық кәсіпорындарды, кітап қорын, керекті мамандарды даярлайтын оқу орындарын, жұмыскерлерге арналған тұрғын үй және бала бақшаны жинақтап орналастыру үшін үлкен аумақ керек болды. Мұндай жобаларға лимит, қаражат, т.т. керек. Оның бәрін одақтың Мемлекеттік жоспарлау органы, қаржы министрлігі арқылы шешу қажет.

Сөйтіп жүріп, қалашықтың құрылысы басталды. Басқа одақтас республика өкілдері қызыға да қызғана қарайтындай, бұл Одақтағы осындай алғашқы қалашық еді. Бірақ, 60 жылдық мерейтойы жақындап келіп қалған тұста, Алматы түбіндегі шипажайда демалып жатқан Мұхаметқали Сужиковты шақырып алып, зейнеткерлікке шығуға тиіс екенін мәлімдеген.

ТУРА 60 ЖАСҚА ТОЛҒАНДА ҚАРСЫЛАСТЫ ҚЫЗМЕТТЕН ШЕТТЕТУ ДӘСТҮРІ

Тура осылай 60 жасқа толған күні Жұмабек Тәшеновты да зейнеткерлікке шығарған. Жұмабай Шаяхметовтың кезінде облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған, кейіннен Хрущевтің тұсында Жоғарғы Кеңес төралқасының және Министрлер кеңесінің төрағасы болған Тәшенов туралы Қонаевтың естелігінен оқиық:

«Хрущев маған республика Министрлер кеңесінің төрағасы Тәшеновты қызметінен босатуға нұсқау берді. «Оған Министрлер кеңесінің төрағасы болып істеу қиын, көлемі шағынырақ жұмыс беріңдер оған».

Жоғарғы Кеңесте Жұмабек Тәшенов жап-жақсы-ақ жұмыс істеді, бірақ, оның Министрлер кеңесіне ауыстырылуы меніңше дұрыс шешім болған жоқ. Төраға ретінде ол республика үкіметі жұмысының негізгі тұстарын қамти алмады. СОКП ОК-не оның үстінен арыз қарша борады. Оған негіз болған оның сыйымсыз мінезі, шыдамсыздығы және мақтанғойлығы».

Жұмабек Тәшенов облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып Шымкентке кетті, зейнеткерлікке де осы қызметінен шықты.

Оңтүстік Қазақстанның үш бірдей мақталы ауданын Өзбекстанға беруге үзілді-кесілді қарсы шығып, Никита Хрущевпен ашық та шулы дауға түскен Тәшенов екені бәрімізге белгілі.

Тың жерлердің бірыңғай басқармасын құру үшін Қазақстанның бес солтүстік облысының Ресейге берілуіне де қарсы шыққан сол еді. Никита Хрущевтің ол ойы Қазақстан құрамында Тың өлкесін құрумен аяқталды.

Жазушы және диссидент Кәрішал Асанов Жұмабек Тәшенов жайында екі кітап шығарған. Сол еңбектерінде туған жердің жат қолға өтуіне қарсы Тәшеновтың жүргізген табанды күресі турасында айтылады.

Жуырда ғана жасы 82-ге келіп қайтыс болған Аманолла Рамазанов Павлодар облысында совхоз директоры болып тұрған кезінде, Жоғарғы Кеңес төралқасының төрағасы Тәшеновты бірінші рет көрген. Сосын олар көп жылдан кейін тағы да кездескен. Бұл жолы Рамазанов Шымкент облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы еді, ал Тәшенов облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары болатын.

Рамазанов Жұмабек Тәшеновтың адамдық ар-намысын сақтай білгенін, кеше ғана биік қызметте болғанын міндет қылмай, қызметтік этиканы қатаң сақтағанын, ескі таныстықты желеу етпегендігін, басшының алдында тиісті уақытынан бір минут та артық отырмайтын адам болғанын айтады.

НАЗАРБАЕВ БІРЕУДІҢ АТЫН ҰМЫТТЫРУДЫ ҚОНАЕВТАН ҮЙРЕНГЕН

Бір таңғаларлық жайт бар: Дінмұхамед Қонаев бағаламаған Өзбекәлі Жәнібековты келімсек Геннадий Колбин жоғары бағалады. Өзбекәлі Жәнібеков Назарбаевтың алдынан үлкен саясатқа жол ашып бергенімен де белгілі. Ол жас Нұрсұлтанды Теміртауда жүрген кезінде

көңіліне түйіп қойған, комсомол-партиялық қызметін жоғарылатқан, оның алғашқы қамқоршысы болған.

Торғай облыстық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы кезінде Жәнібеков меңіреу қалашықтың өркениетті, мәдени облыс орталығына айналуына көп еңбек сіңірді.

Облыстық драма театры, облыстық филармония, педагогикалық институттың ашылуына да себепші болған сол. Олардың бәрі тақыр жерден бой көтерді. Бұл өңірден оны Қазақстан Компартиясы ОК-нің қайта құрылған халықаралық бөліміне меңгеруші етіп ауыстырды.

Бірақ, бірде оны идеология жөніндегі хатшы Саттар Имашев шақырып алып, мәдениет министрінің орынбасары қызметіне баруын ұсынады. Бұл дегеніңіз қызметінің төмендетілуі еді. Өзбекәлі Жәнібеков неден жазып қалғанын сұрайды. Жауап жоқ. Келесі күні, сенбі күні ертемен оны қайтадан ОК-не шақырады. Саттар Имашев екінші хатшы Коркин екеуі одан жаңа қызметке баруға келісімін талап етеді.

Жәнібековтың сұрағына жауап берген Коркин бұл Қонаевтың пәрмені, ол дүйсенбі күні жұмысқа шығады, соған дейін біз оның тапсырмасын орындауымыз керек дейді. Бұдан кейін Жәнібековтің ОК-тің бірінші хатшысының және СОКП ОК саяси бюросы мүшесінің шешімімен дауласуға қауқарсыз екенін айтудан басқа лажы қалмайды.

Біршама уақыт өткеннен кейін Өзбекәлі Жәнібеков Алматы облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметіне барады. Оның сорына қарай облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Марат Меңдібаев болатын. Онымен бірге жұмыс істеу мүмкін емес еді. Сосын Қонаевқа барып Жәнібеков өзін қызметтен босатуын сұрайды. Бірнеше күн өткенде лифтінің ауызында ол Меңдібаевпен ұшырасып қалады, ол бұған: «Жұмыстан кеткің келе ме? Кетіреміз» деп мазақ қылып күледі.

Дінмұхамед Қонаев биліктен кеткеннен кейін оның орнына келген Геннадий Колбин Өзбекәлі Жәнібековты мәдениет министрі қызметіне шақырады. Тағы біраз уақыт өткенде ОК-тің идеология жөніндегі хатшысы етіп тағайындайды. Бірақ, ол өзінің қабілет-қарымын толық жұмсап үлгере алмай қалады, өйткені, көп ұзамай партия тарап кетеді.

Бірақ, сол аралықта да Өзбекәлі Жәнібеков пайдалы іс жасап үлгерді. Желтоқсан оқиғасына байланысты қудалауға түскен біраз педагог кісілердің ақталуына көмектесті. Олардың арасында Қазақ университетінің ректоры Өмірбек Жолдасбеков те бар еді.

Тік мінезді, принципшіл Жәнібеков Дінмұхамед Қонаевқа қалай керек болмаса, Геннадий Колбиннің орнына келген Нұрсұлтан Назарбаевқа да дәл солай керек болмады. Коммунистік партия тараған сәтте Жәнібеков 60 жасқа келген еді, оған ешкім ешқандай қызмет ұсынбады, енді оның өмір бойы жинаған тәжірибесі мен білімі ешкімге керек болмай қалды. Сұраншақтануға оның да намысы жібермеді.

БҮГІНГІ ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚОНАЕВТЫҢ КЕЗІНДЕ БАСТАЛҒАН

Советтік басшы Никита Хрущев Павлодар облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, тың игеру кезінде Қазақстанға келіп қалған Семен Елагинді көзбояушылығы үшін қызметінен босатты. Хрущев биліктен кеткенде әлгінің жұлдызы қайта жарқырады. Семен Елагин биік мансаптарда: облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, Алматы облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, сосын төрағасы, ҚКП ОК-нің мүшесі, республика Жоғарғы Кеңесінің депутаты және төралқасының мүшесі болды.

Кез-келген реті келген сәтте ол Леонид Брежневпен дос екенін ашық айтатын. Бірақ, осы шенеуніктің облыстық атқару комитеті күрделі құрылыс басқармасының бастығы Кошкинмен сөз байласып, пәтер сатумен айналысатыны белгілі болды. Және де өте көп мөлшерде пәтер сату оқиғасы-тұғын.

Сот кезінде екі жүз пәтерді сатқандары анықталады. Бірақ, шын мәнінде сатылған пәтерлердің саны мұнымен де бітпес еді, өйткені, көп адам сатып алған пәтерін қайтаруға тура келе ме деген қорқынышпен жасырып қалған. Пәтердің құжатын рәсімдеу тек облыстық атқару комитетінде жасалады, ол бір өзі әрі қожайын, әрі өкім етуші, үлестіруші болған.

Жеме-жемге келгенде Кошкин сотталып, ату жазасына кесіледі, артынан өлім жазасы 15 жыл түрмеде отыру жазасына ауыстырылады. Ал, Семен Елагиннің мұрты да қисаймайды. Депутат болып қала береді, жайбарақат Мәскеуге кетіп, сол жақта тамаша бір табысты қызметке орналасады.

Осы жанжалды істің тергелуі кезінде Дінмұхамед Қонаев насихатшылардың шағын тобымен әңгіме өткізеді. Ол қаланы кезіп жүрген нешетүрлі қауесеттің жолын бірден кесіп тастау керектігін айтады. «Әлдебір Кошкинді айтып, шулатып жатыр, онда бар-жоғы жиырма пәтер сатылған». Біз, әрине, бұл сөзге таңғалдық, өйткені тіпті, екі пәтер болса да қылмыстың аты қылмыс қой.

Республика заңгерлерінің кеңесінде Кошкиннің ісі ұзаққа созылып кеткендігін айтып, «өсек-аяң, сыпсың сөз тоқтау үшін тезірек аяқтағандарың дұрыс болар еді» деп Қонаев кейістік білдіреді.

Леонид Брежневпен дос болып, отбасыларымен араласқан ерлі-зайыпты Николаевтар Брежневтің артынан Молдавиядан Мәскеуге, ол жақтан Алматыға еріп жүрді. Брежнев мұнда Николаевты Министрлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары етіп тағайындады. Брежнев Мәскеуге кетіп еді, Николаев та бірге кетті.

Бірақ, ол жақтан Николаевты қылмыскер ретінде қолына кісен салып алып келді. Мемлекеттік жоспарлау органының материалды-техникалық жабдықтау басқармасы бастығының атымен «Познанскийдің ісі» деп аталып кеткен үлкен сот процесі басталды. Бұл істің кейіпкерлерінің бірі Николаев болып шықты. Дінмұхамед Қонаевтың да, Леонид Брежневтің де оның сөзін сөйлеуге дәті бармады, олар Никита Хрущевтан қорықты. Николаев төрт не бес жылға түрмеге кетті.

Оны сот шешімімен мерзімінен бұрын босатуға әрекет жасалды. Қонаев шетелде іссапармен жүргенде оның жиені, облыстық сот төрағасы болып қызмет ететін Тоқтамыс Беделбаев Николаевтың науқастануына байланысты мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қарайды. Бостандық ала салысымен Николаев Мәскеуге ұшады.

Іле-шала Мәскеуге Николаевтың мерзімінен бұрын заңсыз босатылғаны туралы жеделхат та жөнелтіледі. Шу шығып, біреулерге зияным тиіп кетер деп ойлаған Николаев қалған жазасын өтеу үшін жылдам кері қайтады. ОК-тің екінші хатшысы Родионов «саған Николаевтың еш қатысы жоқ, ол саған керек емес, шыныңды айт, кімнің өтінішін орындадың» деп Тоқтамыс Беделбаевты қысады.

Бірақ, Тоқтамыс Беделбаев, әрине, кімнің өтініші екенін айтпайды. Сол үшін қызметінен босатылып, партиядан шығарылды. Биліктен Хрущев кете салысымен ол бұрынғы жоғалтқанының барлығын қайтарып алады. Оның соңғы құрметті де беделді қызметі – Алматы облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағалығы болды.

ҚОНАЕВТЫҢ ҚАЙЫН АТАСЫ МЕН БАУЫРЫ

Осындай сәттерде Дінмұхамед Қонаев мінез-құлық талаптарын жіті бақылайтын партиялық тұрғыда сақтықты ұмытып кететін. 1973 жылы Атбасардағы қорымда оның жұбайы Зухра Шарифқызының әке-шешесі жатқан бейіттерге қара және қызғылт мрамордан ескерткіш

қойылды. Ол тастарға «Қымбатты ата-анамызға балаларынан, 1973 жыл» деп ойып жазылған. Оның ата-анасы несімен белгілі?

«Комсомольская правда» газетінің 1990 жылғы наурыздың үшіндегі санына шыққан «Антипамятник» деген мақаласында В.Комаров былай дейді: «1919 жылы Ақмолада Колчак әкімшілігі қалалық жариялы думаға сайлау өткізді. Көпестерден, белгілі азаматтардан оның құрамына Шариф Ялымов кірген. Ол Советтерді қырған, жаңа билік үшін күрескерлерді жеке өзі қанға бөктірген, ол адам турасында сталиндік зұлматтың құрбаны болған жазушы Сәкен Сейфуллин өзінің «Тар жол, тайғақ кешу» романында жек көріп жазған кәдімгі Шариф Ялымов. Зухраның әкесінің қолынан әдебиетіміздің классигі әрі мақтанышы, Советтік Қазақстан үкіметі басшыларының бірі Сейфуллин де жәбір көрген».

Осындайлық іске барып тұрған Қонаевтың өз бауыры Асқар Қонаевты Ғылым академиясына президент етуі ешкімді таңғалдырмайды. Кейінірек Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Компартиясының атышулы ХVI сиезінде сынға алатын Асқар Қонаев Ғылым академиясының президенті болып үш мерзім жұмыс істеді.

Бізге тек Асқар Қонаевтың ықпалды ғалым-жазушы әрі ғылымның ұйымдастырушысы Евней Букетов секілді бәсекелесі болғанын айту ғана қалады. Ол адам туралы және қалай шеттетілгені туралы «Казахстанская правда» газетінің меншікті тілшісі В.Могильницкийдің 1991 жылғы 9 тамызда шыққан «Букетов және басқалар туралы» деген мақаласында да айтылды. Евней Букетов халықтың жадында. Бүгіндері оның аты Қарағанды мемлекеттік университетіне берілген. Ал, Асқар Қонаевтан не қалды?

Дінмұхамед Қонаев Алматыда атақты Желтоқсан оқиғасы бұрқ ете қалатын 1986 жылғы желтоқсанда зейнеткерлікке шығарылғаннан кейін тез арада халықтың көңілінен кетіп, ұмытыла бастады. Үш жылдан кейін мәскеулік нәмеңгер Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы қызметіндегі Геннадий Колбиннің орнына Нұрсұлтан Назарбаев келді. Сосын біраз ғана уақыт өткенде тәуелсіз Қазақстанның президенті болды, содан бері мінеки, 20 жылдан астам басқарып келеді. Ол кезде Қонаев көлеңкеде қалды, іс жүзінде үйге қамалды.

Ал, соңғы кездері Қонаевты қайтадан мадақтай бастады, оның атына әртүрлі жетістіктерді таңуда. Тіпті, «Жас Алаш» газеті оның бойында «12 әулиелік қасиет» бар деп шықты.

Айтпақшы, көрші Өзбекстанда да елді ұзақ басқарған соңғы советтік басшы Шараф Рашидовтың төңірегінде де дәл осындай идеологиялық процесс жүруде. Ал кезінде оның сүйеугін Ташкенттің орталығындағы зираттан шығарып тастаған-ды. Осылайша Қазақстан мен Өзбекстанда жаңа тарих бүгінгі буын басқарушыларына тізгінді әлі бермей келе жатқан кешегі коммунистерді ұлықтаумен қайта жазылуда.

(Осы естеліктің ауторы, қарт журналист Мадат Аққозин Алматыда тұрады. Аутор бұл мақаласында өзінің ой-пікірі мен тұжырымын білдірген. Олары Азаттық радиосының ұстанымымен сәйкес келмеуі де мүмкін.)

http://www.azattyq.org

Парақшамызға жазылыңыз

64 Comments

  1. Татып аларлық дәлелі жоқ кембағал мақала.
    “Қазіргі парақорлық Қонаев кезінен басталған”. Мырза, өткен ғасыр басындағы қазақ шығармаларын оқып шықсаңыз екен.

  2. Еліне адал қызмет еткен азаматты Назарбаевпен теңгерме.

  3. Мақаланы жазған қарт журналистің астарды мақсатын түсінбедік. Дүниеден озған кісінің кемшілігін ақтарғаннан не пайда?! Кемшіліксіз пенде жоқ. Бүгінгі күні қарт журналист бола тұра жастарға аталы сөз айтудың орнына хаталы сөз айтқан бұл мақалаңыздан сіздіңде көп кемшіліктеріңіз байқалады. Қаншалықты кемшілік тұстары болса дағы ол кісінің есімі ел аузында құрметпен жүр деп білемін. Бүгінгі Елбасымыздыңда кемшілік тұстарын айтып жүргендерде жоқ емес. Алайда Кемшілікті түзетерліктей үлкен жұмыстар атқарылып жатқаны баршаға аян. Сондықтан кімде-кім қаншалықты қаралауға тырысқанымен ол алауыздықтан басқа ештеңе емес. Басшылыққа қарсы шыққан адамның Аллаһ алдындада жазасы ауыр екенін Құраннан да білеміз. Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді деп Қазақ даналарымыздың айтып өткен сөздерінің парқына жеталмаған жан, әрине бірін-бірі емес тіпті басшлықты жаманатты қылу дұрыс пиғыл емес ау сірә…

  4. Конаевтай атамызды актап айтканыныз дурыс болар еди карт, осы кунге дастуримизди, гурыпызды орыстардан кысылса да барин жогалтпаган жок едик, егеменди ел болып тилимизде али сойлей алмай жур биреулер жогарыда озге улттан уялып оз тилинен безип жур зиялысы да шенеуниги де, рулык жумыска алудын кезени енди басталды. Карт бул сенин жай коре алмау, ишин тырнап бари олип кеткен кейн кана айдалада саран батыр болганын гана, макала заказной, басшы тириде барин коркаксын, кози курыганда керек емес батырсын. Димаш атага АЛЛА разы болсын, ол кисидей орыс саясаты кезинде бундай ел куралмаган, Барлык нарсе АЛЛАдан, бирак Бул кисинин истеген иси кыруар, оны сизде билесиз, СССР тарихын жаксы биледи екенсиз, оданда енбектерин жазуыныз керек еди, отирик жаксылыкка апармайды. Китабин окыган болсаныз жети атасын барин жазып еди гой, неге оны баска ултпен адастырдындар, сол жаспен уят емес па? Басшыны шындыгын Махамбет сиякты козине карап айту керек сонда сенер едик шындыкка, сенин батырлыгына. Жас буынга бул акыл емес, бул албетте тарихымызга дак салып жиберу мумкин ел болам деген кезимизде, онсыз жетип жатыр басшынын атын берейик дейди, кози тирисинде, бугинги басшы кетсе ертен онын да атын жамандап шыгасындар, казир айту керек, немесе к… кысу керек. “Жалган тез жайылады, шындык тез естен шыгады.”

  5. Қарт жазушы мырза! Мақалаңыз түкке тұрғысыз, еріккеннің ермегі.Ондай жалған тұзы татымайтын құр сөзіңізбен кімді сендіресіз.Сіз де кім боларыңызды білмей жүрген жан сияқтысыз.Қазақ алпысқа келгеннен ақыл сұра деуші еді.Сіздей мақұлықтардан құдай сақтасын.Ойлауымша, өзіңіздің ұрпақтарыңызға да ауыз толтырып айтар ақылыңыздың да шамасы белгілі болды.Құдай екіжүзділерден сақтасын. Ақсақалшылдық сөз айтуды ойыңыздан шығармаңыз.Өлгеннің күнәсін көтеріп, жазаңызды ауырлатып алмаңыз журналист мырза! Басқа пәле-тілден деген атам қазақ.

  6. Мадат Аққозин мырза! алжи бастағансыз-ау! Қартайған шағыңызда халықтың қаһарманына күйе жағып не абырой табам деп жүрсіз?!

  7. Ол адамнын Слово о моем времени деген китабы бар онда онын акталулары жазылган! Бари отирик7 Ташенов Солт 5 облысты Хрущевка карсы isusg алып калганда ол кайда карапты 1 хатшы болып турып7

  8. Кез келген журналист туындысы белгілі бір далелге негізделу керек. Егер негизделмесе бул туындыга прототип ретінде кейпкерлерді белгілеп, коркем әдебиет үлгісінде жазу керек еди,. Бәлким сонда кози ашык, кокиреги ояю адамға ой салар ма еди! Ал бул макала карангы адамнын желигине жел беретин сандырактар тізбегі іспеттес….

  9. Қарт журналист Мадат Аққозин мырза. Аңыз бойынша қартайғанда адам балалардың ермегіне айналады деуші еді. Өйткені маймылдан сұрап алған жасы ғой. Ата сақал аузыңызға түскенде бұл қай сасқаныңыз. Әлде атың шықпаса жер өрте дегіңіз келе ма? Абайша айтқанда жер өртеп шығарған аттың несі мұрат. Димаш атаны татар депсіз. Исі қазақ біледі ғой ол кісінің Ұлы жүздің Ысты руынан шыққанын. Әке-шешесінің басына тас орнатты депсіз тағы бір жерде. Қазір кім көрінген надан болған ата-анасының басына зәулім ғимарат салып жатқан жоқпа? Олары басқа мазарлардан оқ бойы озып тұр. Жазғыш болсаң соны неге жазбадың? Үйсіз жүрген қазақты неге жазбайсың? Өлген адамға салған ғимаратты аш-жалаңаш отырған қазаққа беру туралы жазбайсың ба? Қартайғанда алжыдың ба? Баяғының қарттары жүйелі сөз айтып, жол сілтеп отырушы еді. Саған не жорық. Қазақтан садаға кеткір. Сенің сөзің өзбектердің Ленин өзбек дегендей болды ғой. Көріңде өкіргір, өлген адамның құлағын шулатқанша тірілерге халықтың мұң-мұқтажын жеткізбейсің бе?

  10. Димекенди оте катты курметтеймиз.ким биледи,мумкин кемшиликтер болган шыгар.кемшилик баримизде бар.мумкин бирденени билип айтып откан шыгарсыз.оны сол кездин,сол окигага катысы барлар гана биледи.егер,макаланыз жалган болса,жауабы озинизден болары хак.

  11. Д. Қонаевтың татар екені рас қой? Рас! Анкетасында қашан, не жазылғанын естідік пе? Естідік! Үйсін емесі дәлелді ме? Дәлелді! Оның еңбегін жоққа шығармай, қателіктері болғанын айту керек қой? Өзін жетектеген Ж.Шаяхметовті жамандады, С.Сейфуллинге теріс қарады (қайынатасы Ялымовтың ақ гвардияшыл болғанын жазғаны үшін өлі Сәкеннен өш алды. Марқұм адамды жамандауды бастаған сонда Қонае емей, кім?). Қ. Сәтбаевты көре алмады, геолог Сейфуллині татар болған ғой. М. Бейсебаевты, Е. Букетовті, Ө. Жәнібековті, Е. Әуелбековті және басқа 5-6 адамды (орнын алып қоюы мүмкіндерді) қудалады. Бәрі дәлелді жазылған басқа мақалалар да бар.Соларды оқымасаңдар, оқысаңдар да “үйсін” Қонаевты жершілдікпен, “рушылдықпен” қорғаштап, “әулие” етсеңдер де, тарих ертең бәрібір ашады. Егер ол М.Горбачевқа: -Менің орныма болар кісі Қазақстанда жоқ, – демесе (ол факт өзінің кітабында жазулы), өзіміздің қазақ не орыс кадрларымыздың бірін ұсынса, қабыл болар еді, Колбин келмес еді, яғни 1986-жылы желтоқсанда жастарымыздың қаны төгілмес еді! Адам болып ойлансақ, осы нағыз ақиқат емес пе? Ақиқатты арсыз ғана мойындамайды.Мадат Аққозиев арының сөзін, ақиқатты жазды. Оған тіл тигізгендер тарихи шындықты керек етпей отырғандар екені анық!

    • Тугандар! Тарихи тулгаларымызды ултымызга кимасак, озбектер тобесине котерип алып кетеди. Казак бар асылын багалай алмаса, ширкин озбек агайындар жоктан бар жасап, тулгаларды колдан согып алып жатыр.

  12. Біз Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты өте жоғары бағалаймыз! Мен Қапшағай қаласындағы сол кісінің атындағы мектепте ұстазбын. Ол кісінің жүз жылдығына орай кітап шығарсам деген ниеттемін. Елдің қадір тұтатын адамын біз де құрметтеп өтуіміз керек.

    • Алтыншаш сіздін логинініз калай? Маган Конаев туралы енбек жазган адамдар кажет еді бір фильмге?

      • Гүлназ, сәлем, мен саған логинімді жібердім Мен Д.А.Қонаев туралы “Алып тұлға және айдында қала” атты кітабымды ол кісінің 100 жылдығына орай шығардым.

  13. Қазақтың бірін-бірі көре алмаушылығының бір көрінісі ғой. Осы пендешіліктен қашан арылар екенбіз. Атың шықпаса, жер өрте дегеннің кері шығар! Осы секілді жазушылардан кейін елдің көсегесінің көгеруі оңайға соқпас.

  14. Дал казыр Ильяс Есенберлин агамыздын 30 жыл журып шыгара алмай, озы олгеннен кейын шыккан “Мухитты жузып откен кайык” – деген кытапты окып отырмын. Аксакалдын жазган макаласына караганда дал сол кезде Конаев атамызды жек корып коре алмай журген кысылердын быры болу керек. Конаев сиякты кысы 10000 жылда быр туады. Шыркын сондай кысы казыр патша болса гой мулде баскаша болатын еды. Ал казыргы патшамыз желтоксан курбандарынын канынан котерылген. Негызы патша карадан болмау керек. Ондай адам унемы тоймайды. Ал Дынмухамед атамыз аксуйек тукымынан. Сол себепты корге озымен бырге ештене алып кеткен жок. Ал казыргы патша корге миллиардтарды калай алып кыреды мыне сол сурак???

  15. Құрметті қарт жзушымыздың жазған Д.Қонаев туралы ақиқаты дұрыс та шығар. Бірақ қазақ десе бәрімізге тиеді, неге осы ащы шындықтарды сол кезде айтпадыңыз деген сұрақ мені мазалайды? Барлық адамда кемшілік бар, ол сізде де бар. бір жаманы, оны өзіміз көре алмаймыз. Ондай сіз айтқан кемшілік қазіргі Елбасымызда да кездесіп отыр ғой. Қасындағы кадрлары, жемқорлық, ата-анасына мрамордан ескерткіш, өзінің қыздары мен күйеу балаларына ерекше байлық… Бұның бәрі басшы болған кез-келген адам да кездесетін нәрсе. Ол жаңалық емес. Бірақ ол кісінің де еліне жасаған жақсылығы да аз емес қой. Содан кейін, ӨЛГЕН АДАМНЫҢ АРТЫНАН ЖАМАН СӨЗ АЙТПАЙЫҚШЫ!!! Ө Т І Н І Ш Көзінің тірісінде айтпағаннан кейін, күйе жағудың қажеті жоқ. Артымыздан еріп келе жатқан ұрпақтарға үлгі болатын нәрсе жазыңыздаршы.

  16. Қонаев туралы балағатты сөздерді айтудың қажеті жоқ. Білмей, еш дәлелсіз ауызбен көпіріп көрінген адамды жамандауға болмайды. Ешкімнің Қонаевқа тіл тигізуіне хақысы жоқ БОС ӘҢГІМЕ!!! Оның еш жаманшылығы болмаған. Айналайын-ау, 1986 жылғы көтеріліске шыққан қазақ жастарымыз соншалықты ақымақ емес шығар! Қонаевтың жасаған жақсылығын, бәрін-бәрін көрген азаматтарымыз ғой!!! Қапшағайды салған кім? ҚОНАЕВ! Медеуді салған кім? ҚОНАЕВ! Республика сарайын салдырған кім? ҚОНАЕВ!!!Ешқандай қазаққа еңбегі үшін Орталық комитет ешкімге ешқандай социалистік еңбек ерін бермеген. Ал біздің Қонаевтың ақылдылығы, Ғ.Мүсіреповке СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІН берген, Алғаш рет! Еліміздің ел, халқымызды КСРО-ның тұрпайы саясатынан құтқарған – ҚОНАЕВ! Ояныңдар, қазақтар! Әркімнің сөзіне ере берсек МЫНА азат елімізден айырылып қаламыз!!! Болатын, құлаққы қонымды, ақиқат әңгіме айту керек қой!!! Бет алды жамандағанша!!!

  17. Біз неге алға қарай тарихта аттары қалған ғұламалардың аттарымен мақтан тұта ұмтылмаймыз, көзі кетті тек солардың бойынан мін іздейміз, жамандаймыз, бұл не масқара? Жоғарыда айтылған пікірлерден өте жан жылытарлық жақсы сөздерді оқып, көңілім көтеріліп қалды. Егер жастар оқысын, үлгі алсын, қазақ жастары Отансүйгіш болып өссін десеңіз неге сол зиялылардың халқы үшін жасаған еңбектерінің жақсы жақтарын көбірек жазсаңыз болмас па, ал сіз болсаңыз жастарға билік басында тек бір-бірінің көзін шұқыйтын қарғалар ғана топтасқан сияқтыны көрсетіп отырсыз. Жастар бұдан не алады, “ее өмір осы екен ғой, бізге дейінгілер де осыны жасады бізге неге жасамасқа”, – деген сияқты ой тастайсыз. Мұныңыз бекер. Бірақ, қазіргі жастарымыздың ойлау қабілеттері жоғары, алға қойған мақсаттары биік, олардың өмірге деген көзқарастары терең, сол қуантады. Ел билігінде болған адамдар жайдан-жай сол дәрежеге жеткен жоқ шығар, өзінің еңбегінің арқасында, сол еңбегіне баға беріп, көріп отырған халқының арқасында жетіп отыр, оныда ойлау қажет. Қонаевтің ісіне баға берген, осы уақытқа дейін оның атын ауыздарынан тастамайтын халық соншама ақымақ болғаны ма? Соншама сыншыл, шыншыл болсаңыз неге сол кезде, мінбеге шығып ашығын айтпағансыз. Қазіргі сылдыр су ойларыңызбен жастардың басын қатыру ерсі. Қателік жасамайтын адам жоқ, сол кездің саясаты солай болды, бірақ мұсылмандығымыз бен қазақилығымызды сақтап қалдық, ал өз тілін ұмытқандарға Қонаевтің еш қатысы жоқ, Оған ол сен өз тіліңді мүлдем ұмыт деген жоқ болар, санасы бар адам өз тілін де, дінін де ұмытпайды. Шет елден келіп жатқан оралман бауырларымыз неге өз тілдерін ұмытып кетпеді, неге осы ой орыс тілді болып кеткен бауырларымыздың миына кіріп те шықпайды. Тәрбие от басынан, сондықтан халқын, елін сүйетін жас буын өссін десек өткен өмірді жамандай бергенше, бақытты болашаққа бастар жол айталық ағайын.

  18. Жау кеткен соң қылышыңды тасқа шап! Қазіргі сіздің ісіңіз осы мақалдың кері емес пе екен? Мәке деуге аузым бармады,әкемнен үлкен адамсыз ғой “әкей” дейін.Әкей,баяғыда бір қария өзінің қатесін ұққанда:”сен озған екенсің, мен тозған екенмін” депті бір жас балаға.бұл жерде пікір айтқандардың копшілігі сіздің балаңыз құралпы болар.Ал енді осы сіз еститін сөздер ме?! жараса ма өз жасыңызға?! не түлен түртті екен?….
    Қонаевқа келейік.Ол маған туыс та,рулас та,жерлес те емес. Димекең демалысқа шыққанда мен екі-ақ жаста екем.Бірақ, ол кісі жайлы жақсы,жылы пікірді халық арасынан жиі естимін. Әрине қазақтардан, қазақстандық немесе татардан емес. олар Қонаевты танымайды да. Сіз өз мақалаңызды өзіңіз оқисыз ба? Ол руластарын,туыстарын өсіріпті-мыс және татар екен!!!!! СЕНСАЦИЯ!!! Демек ыстылар татар немесе Ұлы жүзде біз білмейтін татар деген ру бар! Өйткені И.Юсупов солай деген. тапқан екенсіз сенетін адамды. Одан өзбектердің жері қалай кеңігенін сұраған жоқсыз ба? Қазақстанда ұйғыр автономиясын құру жайлы ештеңе демеді ме? Қайынатасына белгітас қойса ол-перзенттік борышы. кім және қандай әке болса да.Қонаев құдайдан ондай қайыната сұрамаған шығар? әкелерінің ісіне балаларын кіналау дұрыс па? Басшылар да пенде,жұмыр басты,екі аяқты адам ғой.Кемшіліксіз кім бар,айтыңызшы? жеке басымның мәселесін шешпедің деп ол кісіге өкпелегендер көп. бірақ қара қазақтың көпшілігі олай демейді. Іздесе кемшілік бәрінен табылады,әке! адам өмірі жақсы мен жаман амалдардан тұрады. Шаяхметов те періште емес! Үкілі Ыбырайды тергеген Жұмекең (ол кезде НКВД адамы) екен. Ұрпағы Ыбекеңнің сүйегін әлі іздеп жүр.Бекмаханов та сол кісінің тұсында сотталды.Ел үшін еткен еңбегі де ересен.
    Қонаевты арашалап алайын деп отырғам жоқ. бірақ айтпаса сөздің атасы өледі.Басқа ұлттан әйел алды деп кіналау да орынсыз. оны айтсаң Әуезов те, сол Сәтбаев та аман қалмайды.
    Әкей,әруақты тебірентіп қайтесіз?! халық айтса қалт айтпайды,демек Димекеңнің де жақсылығы болған да!

    • ЖАҚСЫЛЫҒЫ ЖОҚ ДЕП КІМ АЙТЫП ЖАТЫР,ШЫНДЫҚТЫ АЙТҚАНҒА НЕГЕ ШЫРЫЛДАЙМЫЗ, ҚАНЫШТАР ОРЫС АЛҒАН СОҢ ЖАНДАРЫ ҚАЛҒАН ШЫҒАР,АЛАЙЫН ДЕП АЛДЫ ДЕЙСІҢ БЕ. аДАМ БОЛҒАН СОҢ КҮНӘСІЗ БОЛМАЙДЫ.

  19. Тарих бәрін ашады дейді. Ашылғаны осы емес пе Димаш әкеміздің 100 жылдығын қазақ болып тойлап жатырмыз. Қолға алып ұлықтап жатырмыз. Жақсының артынан сөз ереді. Сіздің мына түкке тұрғысыз мақалаңыз өте ұят!!!!!!! Дұрыс қартая білу де өнер ғой деймін. Қартайғанда халықтың назасына ұшырамай…

  20. Жазғышпек сақалын сатқан шал сияқты жағынпаз жан екенсіз сен сияқтылар бізде өте көп осы жазғанын үшін қанша ақш алдын?

  21. Мына мақаланың ауторы Мадат Аққозин қақбасқа айтарым көп әрине.Танысып қояйық мен құдайдың пендесімін және пайғамбардың үмбетімін ұлтымда руымда қазақ. Ал енді 32 тістен шыққан сөзге жауап беру керек деген сөз бар атам қазақта,Ей қақбас жауап беруге тұрсаң теледидардан тікелей бетпе бетке шыға ғой сенің даналығыңды көрейік.Атам қазақ айтады сөз емес сөзді кісі емес кесапат айтады деген,Іріген ауыздан шіріген сөз шығады деген мықты болсаң халықтың алдына шықшы сен өзі қандай ешек бассың көрейік бет пердеңді,Ақсақ қой түстен кейін маңырайды деген ол малға айтса жарасады ал сенің дәрежең мал екеш малдан да төмен екен!Қақбас ешекбас ақымақ неме төріңнен көрің жақын екенін білсең патшаны ғайбаттағаның дұрыс па?Ал азат елдің ағын айқындайтын АЗАТ радиосы сендерге жол болсын.Сендердің ұстанымдарың сайқал жәлептердің жөнсіз жолы сияқты болғаны ғой солай ма? 

  22. Д.Қонаевті білесіздер Қазақтың тарихындағы бірден-бір жаман атақтарға ие болмаған саяси тұлға. Неге олай?

    • Бізде әлі ұлттық идея жоқ қой. Қазақта тек көре алмау. Осы әдет ұзаққа апара ме екен? Иманы жоқ адамдар ғой. Жамандап алсын, тарих көрсетті, көрсетеді. Тек иманыңыз мықты болсын! Көпке ермеңіз!

  23. Олкісі Кремілдің айтанымен жүріп, айдағанына көнді.

    • Сізді көрер едім. Сол кезде қалай сайрайтынызды?

  24. Д.Қонаев жайлы жағымсыз ақпаратты оқып шықтым. Тақырыптың өзін оқығанда: “Оның ел алдындағы жалған бейнесі көзі тірісінде қалыптасқан еді” қатты таңғалдым. Мүмкін, көздерім жаңылысты деп қайта үңіле қарадым. Жоқ бәрі дұрыс тура солай жазылған.Осындай “Mені оқы” деп айқайлап тұрған мақаланы қалай оқымай өтерсің. Бір нәрсе анық, қарттық жасқа келіп жазып отырған журналист ағамыз, ерігіп жазбаған болар. Шынымен де бір білгені, журналистік зерттеуі арқылы тапқан мәліметтері бар болар. Бірақ өзі де сүрініп жүрген қазақты одан әрмен құлатудың не керегі бар.Нар тұлға болып санамызда сақталып, ұрпақтарға өнеге болған ұлыларымызды даттап не береке табасыз.Барлығы адам, пенде болған соң қателесу бар. Қателесті екен деп ұлт болашағы үшін жасаған еңбегі мен ерлігін жоққа шығарып, тарихтан алыстату өзімізге сын, басқаларға күлкі балмай ма? Басқалар еме-ау қазақ- қазақты шұқығанды қашан қояр екенбіз.

  25. Елімізді басқарған қазақтарды, ол Қонаев болсын, Назарбаев болсын, осылай өсектегеніміз таза ақымақтық. Қандай жан болса да. Ата-анамыз, ата-бабамызды жамандаған дұрыс па? Тарихымызды, дәстүрімізді, тілімізді? Бәрі де құдайдың бергені. Талдау жалпылама елге жайып жариялайтын мәселе емес. Бұны биліктің қасындағы органдардың ішкі жұмысы, солар талдап, қателер болса биліктк қайталамас ұшін жүргізіп отырулары керек. Барша халықты жікке бөлу нағыз дұшпанның ісі. Өмірде қаншама жағдай болады, балаға әкең сондай болған, шешеің сондай болған деген таза надындық, ақымақтық емеспе? Сүрінбейтін тұяқ жоқ демей ме атамыз қазақ?

  26. Қазақ көре алмайды, көре алмаған соң сөге жамандайды. Сосын біздің ел гүлденбейді. Өлген адамның артынан сөз ерткен ол шариғат заңына қайшы. Сорлы қазақ біреуді күндей бергенше өзіді жөнде. Болашақ Қазақстан ешқашан гүлденбейді. Ұлы адамның артынан шам алып іздегенше, болашақ ұрпаққа тәрбие беретін жақсы сөз жазса қайтеді екен. Ай қайран сорлы халқым-ау! Сол кісінің орнында болса осы даттап отырған адам қандай болады екен? Ұлттық сананы көтермейміз бе? Шыққан зиялы адамды жамандай берсе қашан азулы ел боламыз?? Ай сорлы қазақ халқым! Мынаны оқып мен ағаларыма қайран қалып отырмын. Қайтсін, Құдай алдында жауап беретін өздеріңіз. Шын мұсылман адам құпияның барлығын өзімен бірге көрге ала кетеді. Ал біздің көкелеріміз бізге үлгі болған түрлері. Сосын қазақтар шетелге сатылмай қайтсін. Тәрбие беретін кісіміз сіздер сияқтылар болса! Оян Қазақ, ұлтты намысты, тәрбиені бірге көтерейік. Өз тағдырымыз өз қолымызда. Ұлттық мақтанышымыздарды қолдайық, тек қана қорламайық Бейшара қазақтар, халқым менің!

    • Қазақтар бейшара емес. Қазақ ұлы ұлт болады мына мен сияқты азаматтары барда. Сен мүмкін бейшара қазақтарды көріп жүрген боларсың.

  27. Қонаев Д.А-Ұлы тұлға.Оның қателігі де Қазақ халқының тағдырына оң асер еткен шешімдері бар.Ол да адам.Айтыңдаршы қателіксіз адам бар ма???

  28. Bile jurgen duris KSRO-nin en adal bashisi Lenin tup ulti Evrei ne boLsada Stallinnen jaksi emespe.Konaevka kelsek olda dal solai,pendede katelik bolad

  29. Мына жазба қатты ойландырып отыр.Дегенмен,қарап тұрыңдар,бүгінгі президенттің соңынан бұдан да зоры ереді.Ал Қонаев қария басқалармен салыстырғанда ең бақытты да,нағыз мұсылман адам ба деп қалдым.Иә,біраз қателіктер жіберді.Өзі де мойындаған ол кісі.Жоғарыда бір кісі,шын өтірігіне автор өзі жауапты депті.Менде соған қосылам.

  30. Өз басым Қонаевпен екі рет бірге болғанмын. Мен ол кісідей қарапайым, ол кісідей таза және ырымшыл жайдары кісіні көрген емеспін. Өткенді жамандаумен ұлт бола аламыз ба? Мәселе осында! Қонаевқв тіл тигізбеңдер! Ал, қателік?!… Қателік дегеннен бұрын емес, қазір көз аша алмайтын болдық!..

  31. Я тоже много читал про Кунаева и были положительный и отрицательные мнение. Например в книге М. Сарсекеева про Евнея Букетова образ Кунаева описана отрицательно. Так что журналист писал не с поталка, пусть пишет как хотят, но вы читатели сами определите по своему и надо умет просмотрет и анализировать статью а не ругать. Правители приходят и уходят а народ живет веками. Личность создают сам народ и судят тоже.

  32. Ассаламу алейкум! Қайтқан адамның кемшілігін айтқанмен түк те пайда жоқ. Ол тірі болса екен, осыны оқып қатесін түзейтін. Бекерге өлген адамның күнасын арқалап жатырсыңдар. Дұрысы пайдалы іспен айналыссаңдаршы. Сендерден мұндайды күтпеген едім. Ертен пендешілікпен Елбасымыздың көзі кетсе де осылай етесіңдер. Ақылсыз болмаңдар. Еліміздегі беткетұтар блогтұғырсыңлар ғой.

  33. Бұл мақаланың авторы Д. А. Қонаевты көре алмағандықтан жазып отыр. Ол кісі өмірден өткен және көзкөрген адамдардың көпшілігінің айтары ол кісінің елімізге сіңірген үлкен еңбегі. Автордың мақаласы дәлелді болса неге көзі тірісінде бетіне айтпаған.

  34. Автор “қарт журналист Мадат Аққозин”. Бұл жалған автор гой. Мақала жоғары жақтың тапсырысумен жазылған. Ешқандай дәлелді дерек жоқ. Қонаевтың атын өшіру мақсатында дайындалған мақала. Қазақта 50ші жылдардан бері қарай 1 ғана ұлы басшы болған, ол -Қонаев. калғандары соның жолымен жүріп келе жатқан ізбасарлары.

  35. Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді. Менің ойымша, әркім өз ісіне жауап беруі керек. Кісіні талқылау ақылдының ісі емес.

  36. Макаланы жазган осек теруши шал! Мен “Ауыл баласынын” жазганына жуз пайыз косыламын. Биреудин жаздырып отырганы. Димаш ага дал казир керек еди. Ол кисидей али ешким болган жок.

  37. Бізде әлі күнге дейін пікірталастыру ( полемика ) мәдениеті қалыптаспаған. Оған қоса,біреуді мақтасақ жер-көкке сыйғызбай мақтаймыз. Жамандасақ жерге тығып жібереміз. Ақиқатын, құдайшылығын айту жоқтың қасы. Автор Мадат Аққозинге беталды тиіскенше байыппен уәжді және дәлелді ып теріске шығармайсыңдар ма? Бір жаманы біз кемшілікті, қателіктті өткен шақпен айтамыз. Батыр әрі батыл болсаңыздар кәзір орын алып жатқан бассыздықтарды бетіне басыңыздар.

  38. Қонаев атамызды көріп білген қасында болған адамдар емессіздер ешқайсыңыз!Давайте мыслить здраво!!!!! ағайындар!!!!

  39. Бiреуге ор қазба, ор қазсаң терең қаз өзiң түсуіңе жақсы -деген емеспе. тІРШІЛІГІНДЕ АЙТУҒА ӨЗІНЕН, ӨЛГЕН СОҢ АРУАҒЫНАН ҚОРҚАМЫЗ. қАНЫШ САТПАЕВТЫ КӨРЕ АЛМАҒАНДЫҒЫ РАС ТА ШЫҒАР. бІРАҚ ДҮНИЕ КЕЗЕК ҚОЙ.шЫН ДАРЫННЫҢ КӨБІ ОРТА ЖҮЗДЕН ШЫҚҚАН,бАЯНАУЫЛ ДЕГЕН ЖЕР БАР , аРҒЫН-ҚАРЖАС ДЕГЕН ЕЛ БАР, ҚАНЫШ АҒА КЕТКЕН СОҢ КӨБІНІҢ ҚАҒАЖУ КӨРГЕНІ ЖАЛҒАН ЕМЕС.

  40. Димаш аганын тектилиги али кунге шейин ЖУЛДЫЗДАЙ жаркырап тур !
    Макала тапсырыспен жазылган…

  41. Димаш аганын тектилиги али кунге шейин ЖУЛДЫЗДАЙ жаркырап тур !
    Макала тапсырыспен жазылган…

  42. Димекең туралы ғайбат сөйлеуге бола ма екен?! Ол – үлкен күнә. Қапшағай қаласындағы тұрғындар естімісін бұл әңгімені. Ол кісі туралы біле түскіңіз келсе, сол кісінің өзін көрген, әңгімелескен, дәмдес болған адамдардың ой-пікірі жазылған “Алып тұлға және айдынды қала” атты көркем-публицистикалық жинағымды оқыңыз.

  43. Осы мақала жалған жазылған. Қонаевтай атамыз сияқты халқымызды ешкім түсінбеген, бұлай жазғаныңыз қателік.

  44. Мадат, сені бұрын да осындай тырнақ астынан кір теріп жүретініңді білуші едім. Ата сақалың ағарғанда әруақтармен арпалысып, өз халқыңның ұлы перзенттерін қаралаумен сен еш нәрсені өзгерте алмайсың. Ұлтыңнан алыстап кеткен адамсың ғой!..

  45. Қонаевтың кезінде осындай жамандайтын мінезіңізбен көп қиындық көргенсіз ау, Қонаев ел үшін еңбек еткен. мықты болсаңыз Петропавл, павлодар атауларын құрту туралы билікке қарсы мақала жазыңыз.

  46. Қонаевтың атын қанша қараласаңдарда түк шықпайды, оңбағандар!Ол ұлы адам!!!!!!!!!!!!!!!!!!

  47. Қадірлі Алтыншаш Жұманқызы, маған да электронды мекен-жайыңыз, әлде басқа да координаталарыңызды айта аласыз Ба
    Шәкіртіңіз-Нұрбек
    Алматы облысы
    Іле ауданы
    Көкқайнар ауылы

  48. Д.А.Қонаевтің әкесі татар,ал анасы-қазақ. Дінмұхамедтің бет-бейнесін көрмедіңіз бе? Антропологиясын? -Кәдімгі татар ұлтының нәсілі.Нағашылардың монғолоид белгілері мардымсыз.
    Кез келген адам өз әкесі не анасының ұлтын таңдау еркі бар. Сондай таңдауды да Қонаев та жасады.Бұ оның құқы…
    Мысалы, РФ-да Д.А.Медведевтің орыс этносына ешқандай генетикалық қатысы жоқ.Ал төлқұжат бойынша-орыс.

  49. Дінмұхамед Қонаев аты тарихта қалған ұлт жанашыры, қазақ халқының ұлы саясат қайраткері.Осындай лас дүниені жарыққа шығармастан бұрын 10000000 есе ойланыңыздар. Қазақ десен өзіне тиеді осындай лас қи тұрқы дәлелсіз мақалалардан келешек біз сіздердің ұрпақтарымыз оқып танысқаннан кейін санасы уланады,қайсысы шындық қай мақала жалған екенін ажырата алмай қалады .Цензура керек біздің Қазақстан Республикасына

  50. Дінмұхамед атамызды жамандап отырған адам саған ақша бере ма осы үшін, назарбаев деп көтке кіріп жазғансың ғой, әлде назар өзі ма былықтырып отырған

  51. Ширек ғасырдай КСРО яғни қазақты жоюға ат салысқан елдер, қолдауымен отырған татар ұлтының азаматы Дінмұхамед Меңліахметұлы Қонаевке сенім білдірген қазақ де ақымақ, оны мадақтаған қазақ та акымак деп ойлаймын. Оян, қазақ ☝️

Ерасыл жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері