Елбасы ешкімді де еркелете алмайды

4630 рет қаралды
2

1181204897.48911_8634102Қаңтардың 22-сінде жұмада Қазақстан президенті 2009 жылдың қорытындысы жайында есеп беруге келген үкіметтің іс-әрекетін тыңдап, қабылдағаннан гөрі олардың ісін жатқа білетіні мен сол істеріне көңілі толмайтындығын анық байқатты. Біз радио, теледидар және кейбір интернет сайттарындағы жарияланымдарға қарап осындай ой түйдік. Бұған қарағанда бұдан былай Елбасы ешкімді де еркелете алмайды. Елбасы сөзіне назар салсаңыз еліміздің басқару органдары «еркешораларға» толып кеткен сыңайлы. Шынында да уыз емгендер, емшектен шықпағандар не тындырсын. Сонымен Президент не деді?

Президент әуелі банк жүйесіне, соның ішінде жекеменшік, екінші деңгейлі банктерге қатаң бақылау қою керек екендігін баса айтты. Расында банктен азап шекпеген адам бар ма екен? Енді банкирлердің бұрынғыдай халықты жылатқанына тосқауыл қоятын шығар деген үміттеміз
.
Елбасының көңіл аударған екінші мәселесі – мұнай саласына бағытталды. Онда президент Қазақ Елінің жер ресустарын пайдаланып отырған шет елдік ірі компаниялардың арасында бірде-бір Қазақстан азаматы жоқ екендігіне, ал Қазақстанның шетел компаниялары мен акционері екенін атай келе, осындай бассыздыққа неге жол берілгендігін баса көрсетті. Мұнайшыларға да “мұның не?” дейтін уақыт жеткен сықылды көрінетін.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Әбішұлы, қазіргі билікте отырған жастардың жұмыс істеу қабылетінің, білім деңгейінің, ой-өрістерінің нашар, көңілден шықпай, өздеріне жүктеген міндетті атқара алмай отырғандығына алаңдаушылық білдіреді. Жас кадрлар ел патриоты болып, еңбекке жан-тәнін салудың орнына жайлы орынға отырып алып, көп айлық алып, мұрынды шұқып, аяқты үстелге салып көсіп тастап жатсам дейтін көрінеді. Бұған ашынбасқа амал нешік. Шынында да қазіргі жастардың дені шамасына қарамай шалқақтайтыны көзге ұрып тұратынына ешкім дау айта алмас. Осы орайда президент «Болашақ» бағдарламасымен оқып келе салып қонжиып мырза болғыштарды тәжірибеден өткізіп алу қажеттігіне де тоқталды.
Осыдан кейін билік те бір нәрсе ойланған шығар.

Б.Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

Ар жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері