Қазақта бір мақал бар еді «орыс ойына келгенін істейді» деген. Қазіргі біздің билік те әр түрлі тәжірибе жасаудың көкесін көрсетіп жатыр. Айталық біреу қылмысты болады дейді, енді оның қарасын анықтап қылмыскер атап, жалпақ жұртқа жариялап, абақтыға қамап, пәленпай жылға соттайды. Ал сосын, ойбай, ол ақ екен, құлан таза күнәсіз жан екен, жаңылыпты, жаңсақ болыпты деп бұғауын шешіп босатып жатады. Алайда, әлгі, жазған, жаңылғандарға айып тағыла ма, тағылмай ма ол жағы жабық. Немесе, әлде кімді, тұқыртып, жасытып, сағын сындыру үшін түрмеге бір тоғытып алу керек пе екен, бұл тіпті жұмбақ. Осыны қарапайым халық көреді де биліктің істеп жатқан ісіне ат жарысын тамашалағандай ғана, кейінгі кезде, «бір пәлеқор, бір пәреқор сотталыпты» десе, «е, соттап жатады, отап жатады, оны қойшы, ертең-ақ босатады, сонан соң бір жайлы орынға отырғызады» деп селқостық танытатын болды.
Мәселен, министр болған, одан басқа да дардай лауазымдарды атқарып жүріп сотталған «Қазақстан темір жолының» бұрынғы президенті Жақсыбек Күлекеев былтыр күзде, 2009 жылы 20 қарашада шартты түрде мерзімінен бұрын босап шықты. Жұрт та, басқа да, әпербақан оппазиция да оған тым сондай әсерленіп елеңдей қойған жоқ. Бар болғаны бір шенеуік-
2008 жылы 1 сәуірде Астанада «үлкен көлемде пара алған» деген күдікпен ұсталып, «қызмет бабын асыра пайдаланған» деген айыппен үш жылға бас бостандығынан айырылған Жақсыбек Күлекеев бостандыққа шықты. Сөйтіп айыпталушы да, айыптаушы да аман, қоржынның екі басы теңесті.
Міне, 18.01.2010 жылы ҚазТАГ Жақсыбек Күлекеевтің жаңа қызметке – Қазақтың мұнай және газ институты» компаниясының корпорациялық даму жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалғандығын хабарлады. Сөйтіп бір мықты Түрмеден төрге бірақ шықты. Бізде бәрі де мүмкін… Б.Қарамер
Түрмеден төрге шықты бір мықты
Соңғы жазбалар
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі су тасқыны басталғаннан кейін көп кешікпей Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап
Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккендерге eGov Mobile қосымшасы арқылы көмек алуға өтінім беру бойынша пилоттық
Қазіргі таңда өмірімізді пластиксіз елестету қиын. Күнделікті өмірде қолданатын көптеген заттардың құрамында пластик бар. Бірақ пластик
Сенаторлар әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейту туралы заңды мақұлдады
Бүгін Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда депутаттар әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін
Қаңтар айында ProTenge-де «Азаттық» радиосы журналистерінің аккредитациядан өтпегені туралы пост жарияланған болатын. ProTenge мұндай прецеденттерді жария
Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысының жүріп жатқанына шамамен 1 ай өтті. Осы уақытта бұл іс тек
Газада бейбіт халыққа көмектесіп жатқан 7 гуманитарлық қызметкер Израильдің әуе шабуылынан кейін қаза болды. Оның үшеуі
Кеше Атырау облысының әкімінің шешімімен Атырау облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Облыс әкімі Серік
Депутаттар «Масс-медиа туралы» заң жобасына дәстүрлі емес сексуалдық бағытты насихаттауға қатысты түзету енгізуді ұсынды. Сәуірдің 5-інде
Америкалық Forbes журналындағы миллиардерлер тізімі жаңартылды. Тізімде алты қазақстандық бар. Олардың төртеуі соңғы бір жылда байлығын
Түрмеден төрге озған мықтының тіреушісі күшті шығар. Әйтпесе, түрмеден шыққандарға белгілі бір мерзімде қызмет берілмеуші еді ғой. Міне, қызық. Біздің елде бәрі де болады екен-ау.
Иә, саяси көзқарасы тұрғысынан, тағы басқа да қимылынан елдің билігіне ықпал етіп отырған кландарға жақпаған тұлғаларды тұқыртып алу ісі кәдімгі жүйелі түрде жүргізіліп жатқан сынды. Құлекеев те сол бір ықпалды тұлғаның көңіліне жақпаған адам.