Қазақта бір мақал бар еді «орыс ойына келгенін істейді» деген. Қазіргі біздің билік те әр түрлі тәжірибе жасаудың көкесін көрсетіп жатыр. Айталық біреу қылмысты болады дейді, енді оның қарасын анықтап қылмыскер атап, жалпақ жұртқа жариялап, абақтыға қамап, пәленпай жылға соттайды. Ал сосын, ойбай, ол ақ екен, құлан таза күнәсіз жан екен, жаңылыпты, жаңсақ болыпты деп бұғауын шешіп босатып жатады. Алайда, әлгі, жазған, жаңылғандарға айып тағыла ма, тағылмай ма ол жағы жабық. Немесе, әлде кімді, тұқыртып, жасытып, сағын сындыру үшін түрмеге бір тоғытып алу керек пе екен, бұл тіпті жұмбақ. Осыны қарапайым халық көреді де биліктің істеп жатқан ісіне ат жарысын тамашалағандай ғана, кейінгі кезде, «бір пәлеқор, бір пәреқор сотталыпты» десе, «е, соттап жатады, отап жатады, оны қойшы, ертең-ақ босатады, сонан соң бір жайлы орынға отырғызады» деп селқостық танытатын болды.
Мәселен, министр болған, одан басқа да дардай лауазымдарды атқарып жүріп сотталған «Қазақстан темір жолының» бұрынғы президенті Жақсыбек Күлекеев былтыр күзде, 2009 жылы 20 қарашада шартты түрде мерзімінен бұрын босап шықты. Жұрт та, басқа да, әпербақан оппазиция да оған тым сондай әсерленіп елеңдей қойған жоқ. Бар болғаны бір шенеуік-
2008 жылы 1 сәуірде Астанада «үлкен көлемде пара алған» деген күдікпен ұсталып, «қызмет бабын асыра пайдаланған» деген айыппен үш жылға бас бостандығынан айырылған Жақсыбек Күлекеев бостандыққа шықты. Сөйтіп айыпталушы да, айыптаушы да аман, қоржынның екі басы теңесті.
Міне, 18.01.2010 жылы ҚазТАГ Жақсыбек Күлекеевтің жаңа қызметке – Қазақтың мұнай және газ институты» компаниясының корпорациялық даму жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалғандығын хабарлады. Сөйтіп бір мықты Түрмеден төрге бірақ шықты. Бізде бәрі де мүмкін… Б.Қарамер
Түрмеден төрге шықты бір мықты
Соңғы жазбалар
Фото: t.me Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды. Қазақстанда азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған 2026-2029 жылдарға
Фото: t.me Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды. Сапалы жұмыс орындарын құру Кешенді жоспардың басты
Тимур Құлыбаевтың Halyk қоры сапалы әдебиеттің өрісін кеңейтуге, ұлттық мұраны дәріптеуге, әлемдік әдебиет пен танымдық басылымдарды
Фото: kff.kz Бұл туралы Қазақстанның футбол федерациясы хабарлайды. Футболдан Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу
Фото: gov.kz Астанада Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен өткен алқа отырысында елдегі жер ресурстарын қорғау
Фото: istockphoto.com Мәжіліс экология және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері туралы заңды екінші оқылымда қабылдады. Парламент
Фото: istockphoto.com Қазақстанда жол инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі. Биыл
Фото: t.me Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев еліміздің табиғи аумақтарына ел азаматтары
Фото: istockphoto.com Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды. Қазақстанда туризмді дамыту үшін шетелдік қонақтардың елге
Фото: t.me Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті. Алматы тау кластерін дамыту жөніндегі кешенді
Түрмеден төрге озған мықтының тіреушісі күшті шығар. Әйтпесе, түрмеден шыққандарға белгілі бір мерзімде қызмет берілмеуші еді ғой. Міне, қызық. Біздің елде бәрі де болады екен-ау.
Иә, саяси көзқарасы тұрғысынан, тағы басқа да қимылынан елдің билігіне ықпал етіп отырған кландарға жақпаған тұлғаларды тұқыртып алу ісі кәдімгі жүйелі түрде жүргізіліп жатқан сынды. Құлекеев те сол бір ықпалды тұлғаның көңіліне жақпаған адам.