/

Америкалықтар Қазақстаннан бала асырап алуға қанша төлейді?

825 рет қаралды
2

BalaThe Economist басылымының хабарлауынша Гватемала елімен қатар Қазақстанда да бала асырап алу қызметін ұсынатын агенттіктер көп.

Еуропалық Комиссияның ресми өкілі Роэль Пост – бала асырап алу ісін зерттеп жүрген бірден бір маман. Ол өзінің соңғы кітабын әлсіз әрі кедей елдерден бала асырап алушылардың мүддесін көздеп жүргендерге арнады.

Аталған тақырыпта зерттеу жүргізген келесі бір маман Уолф Муррей Румыниядан 1900 бен 2000 арасында асырап алынған 30 000 баланың 20 000 қазір ұшты-күйлі жоғалған. “Әдетте соғыс немесе табиғи апаттардан соң, бала асырап алушы агенттіктер құзғындай қаптап кетеді” дейді Уолф Муррей. Олар көбіне баланы оңай жолмен асырап алуға назар аударады.

Дүниежүзі бойынша балаларын Халықаралық асырауға ұсынатын елдердің ішіне Қытай, Вьетнам, Қазақстан және соңғы уақытта Гватемала қосылды. «Бұл елдердің барлығында бала асырап алуға қатысты заңдылықтар қатаң емес», – дейді Уолф Муррей «The Economist» басылымына берген түсініктемесінде.

Америкада да бала асырап алу қызметін ұсынатын компаниялар жетерлік. Солардың бірі – For This Child, (ағыл. Осы бала үшін) деп аталады. Аталған ұйымның ресми сайтында Қазақстаннан бала асырап алуға ұсынылатын бағалар белгілеген. Ұсынылған қызмет түріне баланың күллі құжаттарын реттестіру, кеңес беру, Қазақстандағы бала асырап алу ісін жәрдемдесетін арнайы ұжымның қызметі, үй жалдау, Білім министрлігімен және балалар үйінің өкілдерімен кездесу, Алматы мен аймақта бала асырап алудың барлық қадамын түсіндіру және Білім және ғылым министрлігінің жұмысын түсіндіру кіреді. Осы қызметтері үшін Америка компаниясы 21 000 АҚШ долларын алмақ.

Бұдан бөлек, есептелмеген тағы басқа да шығындар бар екен. Олардың ішіне балалар үйлеріне, ондағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілерге сыйлық беру де бар. Ол шамамен 500 доллар маңайында. Сонда жалпы есепте шамамен 30 мың АҚШ долларына Қазақстаннан бала асырап алуға болады.

Асхат Еркімбай

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Жалпы алғанда бала асырап алу, кісі таң қалатындай құбылыс болмай қалды, минстрлердің өзі осыны құптап отырғанда оған не айтуға болады. Жоғарыдағы жағдайдың ең ашыныстысы, балаларды асырап алып жоғалтып жіберуі, яғни мал орнында көруі. Жетімін жылатпаған қазақ халқы үшін шетелге бала беру үлкен трагедия!

  2. 30 мың АҚШ долларына сатылып кете барған сәби ертең туған еліне топырақ шашпасына кім кепіл. Тасжүрек болып өсетін шығар. Жай ғана трагедия емес, сұмдық трагедия!

Насихат жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі